Арақ шылым қасірет көзі

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арақ , шылым-қасірет көзі.

Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің 1-2 қорабында никотинның өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге бірдені емес, бөлшектеніп түсетіні.

Шылым шегу - зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті.

Нақты деректер бойынша, елімізде араққа салынудың салдарынан жыл сайын 28 мың адам бауыр, жүрек-қан тамырлары, асқазан жарасы тәрізді дерттерді асқындырып алып, көз жұмады. Жол-көлік апаты оқиғаларының да елу пайызы ішімдіктің салдарынан. Қазір Қазақстанда араққа басыбайлы құл болғандардың саны 500 мыңнан асады.

Медицина ішімдік туралы Әйел, еркекке әсері Ер адамның өзін-өзі тежей алмайтын мас-күнемге айналуы 10-15 жылды қамтыса, әйел-дер 3-5, кейде одан да аз уақытта маскүнем болып шыға келеді.

Мамандардың айту- ынша, еліміздегі маскү- немдердің үштен бірі түрлі психикалық ауыт- қуларға ұшырағандар. Іштегі балаға зияны Арақ-шарап ішпей- тін әйелдерге қараған- да оны аз болса да татып алатын әйел-дердің дүниеге әкеле-тін сәбилерінің 100 па- йызының:

1. 89 пайызы әлсіз болып туады.
2. 84 пайызы бола-шақта психикалық қи- ындықтарға ұшырай-ды және басы тиісті мөлшерінен кіші болып бітеді.
3. 80 пайызының сөй- леу мүшелерінде ке-містік орын алады.
4. 80 пайызының терісі зақымдалған бо- лады.

5. 51 пайызының аяқ- қол саусақтары қисық болып жаратылады.
6. 46 пайызының жыныстық мүшелерін-де, 41 пайызының есту мүшелерінде кемістік байқалады.
7. 29 пайызы жүрек ауруына шалдыққан күйде дүниеге келеді. 8. 25 пайызында кө- ру қабілеті төмен болады.
9. 10 пайызының бүй- регі толық істемейді.
10. Бір шыны сыра- ның өзі ана құрсағын-дағы сәбидің миына әсер етеді.
Адам ағзасына зияны 1. Бастың қатты ауруы.
2. Көздің бұлдырауы.
3. Ақыл-сана, абырой, намыстан айыруы.
4. Ағзаның аурулар-ға қарсы тұратын күш- қуатының жойылып, әлсіреуі.
5. Отбасы мен адамдар арасындағы дау-жанжалға қалдыруы.
6. Ми, бауыр, жүрек-тің зақымдануы. Ұзақ уақыт араққа салын-ған адамның бауыры қалыптағыдан 14 есе артық жұмыс істейді, бауыр циррозы, бауыр қатерлі ісігі дамиды.
7. Алкоголь ас қо-рыту мүшелерін қатты зақымдайды, асқазан жарасы, өңеш жарасы тәрізді дерттерге ұрындырады. 8. Ішек қатерлі ісігі араққа салынғандар арасында басқалар-мен салыстырғанда үш есе көп кездеседі.
9. Ішкіліктің әсері- нен зорлық-зомбылық, ұрлық, кісі өлтіру тә-різді қылмыстар орын алады, адам рухани күйзеліске ұшырайды. 10. Көп ішкенде адамның көз алдына жын-шайтан елестей-ді.
Маскүнемдіктің 3 кезеңі 1 кезең. Мұнда арақ- ты ішу мөлшері бұзы-лады. Тек олар ертеңіне бас жазбайды.
2 кезең. Арақты ішу мөлшері өзгереді. Енді бас жазу синдромы - «апсенетный синдром» басталады. Яғни, олар ертеңіне арақ ішпесе, бастары ауырады, жү- регі қысады. Сондайда 100 грамм ішсе, бұлар-дың бәрі басылғандай сезіледі. Алайда 1-2 са-ғаттан соң ол өз күшін жойып, тағы да бас, жүрек ауыра бастайды, көзге әртүрлі елестер көрінеді.

3 кезең. Бұрын ішім-дікке салынған адам 1-3 литр араққа мас болса, енді жүз грамм араққа да мас болып қалады Бұл адамның «дегерада- цияға» ұшырауы. «Де-герадацияға» ұшыраған адамда «бала-шағам бар-ау, оларды асырауым керек-ау» деген ой болмайды.

Маскүнемдіктің І-ІІ ке- зеңінде адамды емдеп, бетін бері қаратуға бо- лады. Тек маскүнемдік-тің ІІІ кезеңінде жұмыс жүргізу өте күрделі. Он-дай адамдарды емдеуге ұзақ уақыт қажет.

Шариғат арақ-шарап туралы Ішімдіктің харамдығы Жаһилет дәуірінде арабтар ішімдікке салынып, шарап олардың тілдік қорына да әсер етті. Арабша шараптың жүздеген атауы болды.

Ислам діні елге тарай бастағаннан-ақ, арақ- -шарапқа бірте-бірте тыйым салынып, ең бі-рінші, ішімдіктің пайдасынан зиянының көпті-гі халыққа түсіндірілді. Шарап ішетіндердің на- маз оқуына тыйым салынды. Осыған орай Ал- лаһ Тағаладан мынандай аят түсті: «Ей, иман келтірген-дер! Арақ ішу, құмар ой- нау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып, бәсекелесу - шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендер- дің араларыңа дұшпан-дық - Ғадауат туды- рады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жа-самақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құ- мар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?» (Маъида сүресі, 90-91 аяттар). Бір адам Пайғамбары-мыздан (с.ғ.с.) балдан, бидай мен арпадан жа- салатын күшті ішімдік- тер туралы сұрағанын-да ол былай деп жауап берген: «Шарап - мас қылады, сондықтан ша-раптың барлығы да - харам».

Пайғамбарымыздың хадистерінен:
→ Кімде-кім арақ іш- се, оған күйеуге шық- паңдар. Ауырып қалса, көңілін сұрап бармаң-дар. Дүниеден өтсе, жаназасына қатыспаң-дар.
→ Мені пайғамбар етіп жіберген Алланың атымен ант етіп айта-мын: Алла Тағала арақ-ты Тәурат, Забур, Інжіл, Құранда лағынеттеген.
→ Кімде-кім біреуге арақтың бір тамшысын ішкізсе, Алла Тағала оның денесін жылан, шаянға тастайды.
→ Кімде-кім біреудің арақ ішуіне жәрдемдес- се, онда ол Исламның бұзылуына жәрдемдес-кен болады. Егер оған арақ ішу үшін қарыз берсе, онда ол бір мү- минді өлтіруге жәрдем-дескен болады.
→ Сондай-ақ, кімде-кім арақ ішушімен бір-ге отырса, Алла Таға-ла оны қияметте көзі көрмейтін көрсоқыр етіп тірілтеді.
→ Арақтан сақтаның-дар, өйткені ол барлық жамандықтардың кілті.
→ Мас қылатын ішім-діктерді аз ішуге де рұқсат жоқ.
→ Ішімдікке салын-ған адам жәннатқа жі-берілмейді.
→ Таңертең ішкілік іш- кен адам күн батқанға дейін Аллаһ Тағалаға серік қосқан сияқты бо- лады, ал күн батқан-нан кейін ішкілік ішкен адам таңертеңге дейін Аллаһ Тағалаға серік қосқандай болады. Ал-лаһ Тағала ішкілік ішкен кісінің қырық күндік намазын қабыл етпейді.
Ішімдік пен есірткі өндіру Қасиетті Ислам діні мұсылманның шарапқа байланысты барлық іс- әрекетіне (жасау, сату сияқты) тыйым салған. Егерде кімде-кім оны тыңдамай, бұл харам іс- ке қатысты болса, Мұ- хаммед (с.ғ.с.) пайғам-бар оларға қарғыс айт-қан. Арақ-шараппен бір- ге есірткі өндіру де Ислам дінінде - ауыр күнә. Ол есірткінің апиын, гашиш тәрізді барлық түрлеріне де қатысты. Яғни, есірткіні өндіру, сату, оған делдалдық жасау, есірткі қолда-нып жатқан адаммен бірге отыру - харам саналады.

Арақ-шарап сату
Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылмандар-дың арақ-шарап сатуына, оны сатып алуына, арақ-шарап саудасына делдалдық жасауына, ішуі мен құюына тыйым салған. Мұхаммед (с.ғ.с.) шарапқа байла-нысты мынандай он нәр- сеге қарғыс айтқан.:
1. Шарап жемісін сы-ғуды талап еткенге.
2. Оны сығушыға.
3. Шарап иесіне.
4. Шараппен сауда жасаушыға.
5. Шарапты сатып алуды талап етушіге.
6. Шарапты сатып алған адамға.
7. Шарап саудасынан пайда тапқанға.
8. Шарап ішкенге.
9. Ішушімен дастар-қандас болғандарға.
10. Арақ-шарапқа.
Ішімдікке салынғандардан аулақ болу
Сүннә әрбір мұсыл-манның арақ-шарап ішілетін орындарда болуына тыйым салады. Омар (Аллаһ одан ра-зы болсын):
«Мен бірде Пайғамбарымыздың: «Кімде-кім Алланың бір- лігіне, ахиреттің бар- лығына сенетін болса, ол шарап қойылған дас-тарқанға отырмайды» дегенін естідім», - депті (Хадис Ахмедте, әт-Термизиде айтылады).
Ішімдікке салынған-дар арасында бір мұс- лыман еркісіз, мәжбүр-лікпен қалып қоятын болса, ол мына аятты басшылыққа алуға тиіс:

«(Құранда) Алланың өздеріңе айтқанындай, егер Алланың аяттарын күстаналап мазақтап жатқанын естісеңдер, сөз сарыны басқаға ауысқанға дейін олар- дың қатарында отыр-маңдар. Әйтпесе, олар сияқты сендер де кәпір боласыңдар» (Ниса сү-ресі, 140аят).
Мас қылатын ішімдіктерді ішу Шариғатта үлкен кү-нәлардың он төртінші-сі - маскүнемдік. Адам арақты аз ішсе де, көп ішсе де, үлкен күнә- ға батқан болып саналады.
Ислам діні жаңа пай- да болғанға дейін ха-лық арасында арақ ішу, құмар ойнау тәрізді харам істер кең тарап кеткен-ді. Сол себепті Ислам діні ең бірінші, ішімдіктің қаншалықты зиянды екенін адамдар-ға түсіндіруге айрықша көңіл бөлді.

Абдулла ибн Омар пайғамбардың мынандай сөзін келтіреді: «Мас болып, намазын бір рет қаза қылған кісі үлкен қиыншылыққа ұшырай-ды, құдды бүтін дүние оның мүлкі еді, ол содан мақрұм болды. Мас болу себепті намазды төрт рет қаза қылған адамды Алла Тағала ахиретте фасад суымен сусындырады, яғни ондай адамдарға фасад суын ішкізеді.

- Фасад суы деген қандай су? - деп сұрапты сахабалар.
- Тозақ отына күйді- рілген адамның дене-сінен ағатын іріңді фасад суы дейді, - деп жауап беріпті пайғамбар».
Арақтың 10 зияны Әбу Лайс Самарқан-ди (р.ғ.) былай деген: «Арақ ішпе! Өйткені онда он жаман қасиет бар». Ал ол зияндар мы- нандай:
1. Арақ ақшаны ысырап етеді және ақылдан айырады.
2. Араққор арақ іш-кенде жындыға айнала-ды, жас балаларға күлкі болады, ақылды адамдардан сөз естиді.
3. Араққорлық аға- йын-туыс пен достар-дың арасына араздық кіргізеді.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
«Негізінде шайтан арақ-та, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салуды қалайды» (Мағида сүресі, 91 аят).
4. Әлбетте, арақ ішу Аллаһтың зікірінен жә- не намаздан қайтара-ды.
5. Арақ адамды ар- сыздыққа, зинақорлық-қа алып барады. Өйт-кені арақ ішіп, мас болып, өзі білмей әйелін талақ етеді.
6. Арақ-барлық жа-мандықтың кілті. Арақ ішкен адам кез-келген күнә іске бейім болады.
7. Азғындық жолына
кіріп, арақ ішкен адам-ның сасық иісінен бар- лық қорғаушы періш-телер қашады.
8. Шариғат бойынша арақ ішкен адамға 80 дүре соғу - уәжіп. Егерде бұ дүниеде ұрыл- маса, ахиретте ата-ана- сының және достары-ның алдында оттан болған қамшымен ұры-лады.
9. Арақ ішуімен аспан есіктерін жауып қояды. Өйткені бір мәрте арақ ішкен кісінің жақсылық істері және қылған дұға - тілектері, оқыған намаздары қырық күнге дейін қабыл болмайды.
Бұл туралы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың бір хадисінде былай деп айтылған: «Үмме-тімнің ішінен ішкілік ішкен адамның қырық күнгі намазын Аллаһ Тағала қабыл етпейді». Осы хадиске қатысты имам Суити былай де- ген: «Адам бойына та- раған ішкіліктің толық жойылу мерзімі - қы-рық күн».
10. Арақ ішуші адам уайым-қайғыға түседі. Өйткені ол өлер уақы-тында имансыз кетуі мүмкін. Мұхаммед (с.ғ.с.) пай-ғамбар: «Аллаһ Тағала ішкілік ішкен кісінің қы- рық күндік намазын қа- был етпейді. Осы қырық күн ішінде өліп кетсе, ол адам тозаққа түседі. Аллаһ Тағала оған назар да салмайды». Данагөйлер арақ туралы Мас болу - өз еркің-мен жындану.
Аристотель. Маскүнемдік - ақыл-дан алжасуға жаттығу.
Пифагор. Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі не жақсы, не жаманды білмейді.
Абай. Шарапты көп ішкен-нің ауруы да көп.
(Көне ұйғыр жазу ескерткіші).
Маскүнемдер дүние-ге маскүнемдерді әке-леді Плутарх.
Шарап ішпей, бәле-ден жүр қашықта, Байқа, атанба зина-қор да, пасық та.
Сақ бол, шарап, зи-нақорлық күйгізер, Олар тонын кедей-ліктің кигізер.
Жүсіп Баласағұни.
Жазушылар арақ туралы → Арақтан өлгенге дұға дарымайды.
→ Ыдысыңда арақ тұрса, ырысың қарап тұрады.
→ Арақтың жанын-да адалдық пен адам-дық жатпас болар.
→ Арақпен жолаяқ жасағанның жолы бол- майды.
→ Маскүнем қатын-нан маймыл туады.
→ Қызың арақ іш-се - қызығыңның кет-кені.
→ Ұлың арақ ішсе - ырысыңның кеткені.
→ Аждаһаның басы жетеу, Арақтың басы жет-піс.
→ Жұттың жеті атауы бар, Арақтың 700 атауы бар.
→ Арақ ішіп өлген адам да бір, арам өл-ген мал да бір.
Сейіт Кенжеахметұлы.
Маскүнемдерді масқаралау → Ежелгі Мысырда арақты құлдар ғана ішкен.
→ Байырғы Қытай императорлары мас- күнемдікке бой ұрған-дарды өлім жазасына кескен.
→ Көне Грекияда іш- кіштерге жұрт алдында қайнап тұрған шарапты ішкізген.
→ Ежелгі Римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған.
→ Үндістанда мас-күнемдерге сиырдың қайнап тұрған зәрін ішкізіп өлтірген.
→ Англияда арақ ішкендерді мойнына қамыт кигізіп, қаланың орталық көшелерімен жүргізген.
→ Ресейде І Петр
тұсында арақ ішкен-дердің мойындарына
салмағы 17 фунт ке-летін медаль тағып қойған.
→ Америкада 1885 жылы «Құрғақ қасық» заңы енгізілген.



© 2010-2022