Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді (6 сынып)

Тақырыбы:Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетедіМақсаты: Модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат алу.Міндеттері:-жаңа тәсілдерді қолданып модель туралы түсінікті жетілдіру, модель құруды үйрену;-сыни тұрғыдан ойлау арқылы модель туралы түсінікті білу, жалпылау, -топта белсенді жұмыс істей алуға дағдылану, нақты шешім қабылдай білуге, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. Қолданылған модульдері: Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, оқыту мен оқудағы жаң...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: ___________ Пәні: информатика. Сыныбы: 6

Тақырыбы: Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді

Мақсаты: Модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат алу.

Міндеттері:

-жаңа тәсілдерді қолданып модель туралы түсінікті жетілдіру, модель құруды үйрену;

-сыни тұрғыдан ойлау арқылы модель туралы түсінікті білу, жалпылау,

-топта белсенді жұмыс істей алуға дағдылану, нақты шешім қабылдай білуге, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Қолданылған модульдері: Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: «Шаттық шеңбері», «Ақпараттық диктант», «Көңіл-күй» жаттығуы, рефлексия «+,-, қызықты».

Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспар мазмұны


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Бағалау


Ресурстар


І.Кіріспе

3 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері, Мақсаты: жақсы, көтеріңкі көңіл-күйге енгізу, өзіне, өзгелерге сенім арту.

Сәлемдесу. Сыныпта психологиялық ахуал тудыру. Шаттық шеңберіне жинау. «Көңіліңді көтер!» тренингі арқылы тілек білдірту.

Балалар бір-бірімізге қарап, күлкі сыйлап, жылы сөздер айталық:

Назарын сабаққа аударту

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Жарайсыңдар, жақсы.


Компьютер, интерактивті тақта,

Флипчарттың 2-беті

2 мин

«Сандар» бойынша сыныпты топқа бөлу.

Мақсаты: Сыныпты топта бірлесе жұмыс істеуге, бір-бірімен пікір алмасуға, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру

Балалар бүгінгі күнге сендерге сәттілік тілеймін.

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.

-Ендігі кезекте қолдарыңа алған қағаздағы сандар бойынша топтарға бөлініңдер.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Флипчарттың 4-беті

3 мин.

Үй тапсырмасын тексеру

«Ақпараттық диктант

Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін тексеру, тиянақтау

Интерактивті тақтадан тапсырманы орындату

  1. Алгоритмнің жазылу формалары:

  2. Алгоритмнің бірнеше рет қайталануын ............ деп аталады.

  3. Блок-схемада әр іс-әрекет қандай фигуралардың көмегімен сипатталады?

а)Циклдік алгоритмнің шарты..........................

ә)Алгоритмнің басы және соңы:.................

б)Іс-әрекет....................

в)Енгізу және шығару мәліметтері...................

г)Шартты тексеру .............................

  1. Шарт циклдік алгоритмнің ...................... немесе соңында келуі мүмкін.

  2. Алгоритм түрлері:...................................

  3. Орындаушы деп............................ атаймыз.

Тақтаға дұрыс жауапты жазады

Өте жақсы, тамаша!

Жарайсыңдар

Флипчарттың 3-беті

ІІ.Тұсауке

сер

5 мин.

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» стратегиясы

Мақсаты:зейінін арттыру.

Күнделікті өмірде адамдар жоспарлы түрде бір нысанды жасауда алдын-ала оның несін жасайды?

Жауаптарын тыңдау

Өте жақсы

Негізгі бөлім

20 мин.


Мағынаны тани білу

Мақсаты: Модель ұғымымен танысу





Сергіту сәті. «Көңіл күй» жаттығуы

Мақсаты: достық қарым-қатынастарын дамыту мен бойларын сергіту


«Практикалық жұмыс»

Мақсаты: білімдерін бекіту.

Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды - модель деп атаймыз.

Модель - нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.

Модельдеу - нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.

Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау.

Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:

  • Қошаған ортаны танып-білу;

  • Берілген қасиет бойынша нысанды құру;

  • Әсердің нысанға тигізер салдары;

  • Құбылыстарды, үдерсітерді және нысандарды тиімді басқару.

«Көңіл-күй» жаттығуын қосу

Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді (6 сынып)

Дәптерлеріне, маңызды, жаңа сөздерді жазып алады.





Қозғалысқа түсу арқылы бойлары сергітеді.







Жарайсыңдар, өте жақсы.

Интерактивті тақта

Дидактикалық материал




Видео көрсетілім


Интерактивті тақта

Қорытын ды.

5мин.

Ой толғаныс сатысы

«Қорытындылау»

Сабақты қорытындылау/Сұрақтар/

1. Модель дегеніміз не?

2. Анықталған нәтиже қате бола алады ма?

3. Модельдеу дегеніміз не?

4. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?

5. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.

6. Модельдеудегі негізгі кезеңдерді атаңдар.

Сұрақтарға жауап беру


2мин.


Бағалау

Сабақты қорытындылау, жинақтау, жүйелеу

Топтағы ниет білдірген оқушылардың талдауы тыңдалады.

2мин.

Үйге тапсырма

§13. Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді

Оқулықтан 77-бет. В, С-деңгейі

Конспект

3мин.

Рефлексия

«Қосу, алу, қызықты» стратегиясы

Мақсаты: алған мәліметтерін өңдеу, өзін-өзі реттеу

Стикерлер тарату

Стикерлерге

бүгінгі сабақтан қандай әсер алғанын жазады.

Стикерлер


© 2010-2022