Информатика пәнінен сыныптан тыс іс-шара «ИНФОБІЛГІРЛЕР»

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика пәнінен сыныптан тыс іс-шара «ИНФОБІЛГІРЛЕР»

«Шақаман жалпы орта білім беретін мектеп» КММ








Информатика пәнінен сыныптан тыс іс-шара

«ИНФОБІЛГІРЛЕР»

5 сынып оқушыларына арналған ойын

Информатика пәнінен сыныптан тыс іс-шара «ИНФОБІЛГІРЛЕР»

Дайындаған: информатика пәні мұғалімі Шакабаева А. М.



















2015-2016 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Информатика»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық: ойлауқабілеттеріндамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір-бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс

Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.

Көрнекілігі: Слайд презентация.

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыстілі.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Сайыс жоспарын таныстыру.

Жарыс кезеңдері:

І. "Бәйге" (Әр топқа 5 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі).

ІІ. "Тіл - өнер" (Әр топқа жұмбақталып 2 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екітілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).

ІІІ. "Логикалық ойлау" (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 1 ұпай).

ІV. "Адасқан әріптер" (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).

V. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)

VI. "Көкпар"(сайыс түрі - айтыс. Жасыл және қызыл түсті карточкалар жасырылады, жасыл түсті таңдаған команда мақтайды, екінші команда даттайды ).

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Инфобілгірлер» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Компьютер - сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де -

Ақпараттық заманың! - дей келе «Инфобілгірлер» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын - дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай топ қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

I топ.

  1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)

  2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)

  3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)

  4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

  5. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? (вирус)

II топ.

  1. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см)

  2. Дүниежүзілік компьютер арасындағыбайланысортасы (Интернет )

  3. Бит қандай цифрлардан тұрады? (0 және 1)

  4. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)

  5. Бас әріп режимін іске қосатын перне? (CapsLock)

III топ.

  1. PAINT графикалық редакторының іске қосылу жолын көрсетіңіз. (Іске қосу→Программалар→Стандартты→ Paint;)

  2. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)

  3. Бит қандай цифрлардан тұрады? (0 және 1)

  4. Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? (Қоршаған орта туралы мәлімет)

  5. Мәтін жазу үшін қандай программаны іске қосу керек? (Word Pad)

Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,

Информатиканы құрметтеу менің есімде.

Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,

3 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе

"Тіл - өнер" атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенек гүл)

  1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)

  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)

  2. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышь, mouse)

  1. Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейне бетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)

Жүргізуші:

Қойылған сұрақ есепке,

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей,

Қатесін анықтап берейік, -дей келе

"Логикалық ойлау" атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер, сұрақтар беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Логикалық сұрақтар:

1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.
неше стакан қалды? - 3 стакан

3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15км/сағ)

4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары

5. Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? - шырпы

6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? - 8.

Жүргізуші:

Жарысайық сайыста,

Кімнің ойымықты екен?!

Кімнің күші аздау боп,

Кім озып алға шықты екен деп,

ІІІ кезең бойынша топтордың ұпайын санаймыз.

Жүргізуші: Ойынымыздың IV кезеңі "Адасқан әріптер" бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

  1. Нимотор ----------- Монитор

  2. Пьюромтек ------- Компьютер

  3. Енрепатқат -------- Пернетақта

  4. Лайф ---------------- Файл

  5. Рльоукятакл ------ Калькулятор

  6. Атқсуа -------------- Сақтау

  7. Аэкторикелн ----- Электроника

  8. Дңеөу -------------- Өңдеу

  9. Шнақты -------------- тышқан

Жүргізуші:

  1. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?

М

К

А

К

О

М

П

О

Н

К

С

Т

Н

Ь

В

И

Т

У

Ы

А

Ю

И

Т

О

Р

Ш

Қ

Т

Р

П

С

К

А

Р

Е

У

Е

Е

Т

Н

Е

Р

С

Р

Н

А

Қ

Т

А


\

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)

Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.

  1. Жарысымыздың келесі кезеңі «Көкпар» кезеңі. Сайыс түрі - айтыс. Компьютердің зияны мен пайдасы туралы айтысады. Жасыл және қызыл түсті карточкалар жасырылады, жасыл түсті таңдаған команда мақтайды, екінші команда даттайды

Компьютердің зияны мен пайдасы.
1- топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.
2- топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
1- топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2- топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.
1- топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
2- топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
1- топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
2- топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
1-топ. Білімді құштарлығын оятады.
2-топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
1-топ. Жасынасай әрекет жасауға бейімдейді.
2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.

Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Инфобілгіштер» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!










I топ.

1. Ақпаратты шығару құрылғысы ______________________________

  1. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал _________________________________________________________

  2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі _________________________

  3. PAINT графикалық редакторының терезесінің құрылымдық элементтерін атаңыз. _____________________________________________________________________________________________________________________

  4. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа? ___________________________________________________________

II топ.

  1. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? _________________________________________________________

  2. Түстер палитрасын өзгерту қалай жүзеге асырылады?
    __________________________________________________________

  3. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы ____________________________________________________________

  4. Вирустың кері әсерін жоятын программа ___________________________________________________________

  5. Бірыңғай бас әріп режимін іске қосатын перне? _________________________________________________________

III топ.

  1. PAINT графикалық редакторының іске қосылу жолын көрсетіңіз. _______________________________________________________

  2. Ақпаратты өңдеу құрылғысы _______________________________

  3. Бит қандай цифрлардан тұрады? ___________________________

  4. Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? _________________________________________________________

  5. Мәтін жазу үшін қандай программаны іске қосу керек? _________________________________________________________




  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені


  1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың


  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама.


  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?


  1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың

  1. Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейне бетте төртбұрыш болып бейнеленеді.


© 2010-2022