Документ по информатике на тему

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау

Пәні: информатика

сабақ: № 5

Мұғалімі: Тахаева Нұргүл Сағадатқызы

Оқушылардың жасы: 10-11

( 5 сынып)

Сабақтың атауы

Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері

Сілтеме

Информатика 5 сынып (Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов), әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, Информатика негіздері журналы, интернет материалдары

Сабақтың мақсаты:

Дербес компьютермен, оның негізгі құрылғылармен және олардың қызметтерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері

  • компьютер ұғымы мен оны қолдану аясы туралы түсінік беру

  • компьютердің түрлерімен таныстыру

  • компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері туралы білімдерін қалыптастыру

Оқыту нәтижесі

  • компьютер ұғымы мен оны қолдану аясы туралы түсінік алады

  • компьютердің түрлерімен танысады

  • компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері туралы білімдері қалыптасады

Негізгі идеялар

  • Оқи білуге үйрету арқылы, оқушылардың ақпарат құралдарына қызығушылығын арттыру

  • оқушылармен диалог құру арқылы, сыни ойлауға үйрету, берілген білімді ұзақ мерзімге сақтауға ықпал ету

Әдіс-тәсілдер:

Ойлан-жұптас-пікірлес, диалогтік әдіс, екі түрлі түсініктеме күнделігі

Көрнекіліктер

  • слайд, компьютер, постер, үлестірмелі парақша, стикер

Тапсырмалар


1-тапсырма: "Ойлан, жұптас, пікірлес"

2-тапсырма: Топтық тапсырма. Жүйелік блок. Процессор. Жедел жад. Монитор. - постер құрау.

3-тапсырма: "Авторға сұрақ қою"тақырып бойынша 1 топтың оқушысына қалған 2 топтың оқушылары сұрақ қояды.

4-тапсырма: "Аяқталмаған сөйлем"

«КОМПЬЮТЕР» дегеніміз …

Адам ақпаратты …

Компьютер ақпаратты …

Компьютер . . . құрылғыларынан құралған, …

5-тапсырма: Ағымдағы тест сұрақтары /компьютермен электронды тест/

6-тапсырма: "Екі түрлі түсініктеме күнделігі"

Кестеге компьютердің пайдасы мен зиянын жазады

7-тапсырма: "Еркін жазу"

Тақырып бойынша алған әсері жайлы өз пікірін жазу

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті



2 минут





4 минут

















15 минут










3 минут




3 минут





5 минут


6 минут







3 минут





2 минут





2 минут

І. Қызығушылықты ояту

1.Сабақтың ұйымдастыру

- оқушының сабаққа қатысын тексеру

- оқушыларды бойы бойынша сапқа тұрғызып, 1,2,3 деп санау арқылы топқа бөлу

2. "Ойлан, жұптас, пікірлес"

- Сендердің үй тапсырмасын қалай дайындалып келгендеріңізді байқау үшін, сандық диктант жүргіземін, егер айтылған пікірге келіссеңіз -1, егер келіспесеңіз 0 қоясыздар.

1. Ақпарат компьютерде нөл мен бірлер түрінде сақталады. 1

2. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі бит болып табылады. 1

3.Бір байт - ол 16 бит. 0

4.Бір символдық мәтін әдетте 1 байтпен кодталады.1

5.1 Кбайт - ол 1000 байтқа тең. 0

6. 1 Мбайт - ол 1000 Кбайтқа тең. 0

7. 1 Гбайт - ол 1024 Мбайтқа тең. 1

8. Суретті ақпарат дискіде ең аз орын алады. 0

9. Видео ақпараты дискіде ең көп орын алады. 1

Жауабы: 110100101

Эпиграф: "Халық пен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе - БІЛІМ" М. Әуезов

ІІ. Мағынаны тану 1. Топтық тапсырма

- әр топқа тақырып беріледі, топ тақырыпты постер арқылы қорғайды, әр топ жаңа ақпаратты меңгеру процесінде шешім қабылдайды, сараптайды,білімдерін жаңа біліммен салыстырады.

- нәтижелілігін анықтайды.

- жаңа сабақ түсіндіріледі

Жаңа сабақ тақырыптары

  • Компьютер-әмбебап есептеуіш машина. Компьютерлерді қолдану

  • Компьютерлердің түрлері

  • Компьютердің құрылымы

2. "Авторға сұрақ қою" стратегиясы

- жаңа тақырыпты 3 топ оқушыларының ішінен бір-бірден оқушы шығып берілген тақырыпты постер арқылы түсіндіргеннен кейін, сол түсіндірген топтың оқушысына қалған 2 топтың оқушылары сұрақ қояды.

3. «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы

«КОМПЬЮТЕР» дегеніміз …

Адам ақпаратты …

Компьютер ақпаратты …

Компьютер . . . құрылғыларынан құралған, …

4. Ағымдағы тест сұрақтары

ІІІ. Ой толғаныс

1. Екі түрлі түсініктеме күнделігі

Бөліктің сол жағына - компьютердің пайдасы, оң жағына зияны жайлы пікір жазады

Пайдасы

Зияны

2. Рефлексия-Еркін жазу

жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырылады

3. Кейінгі оқу:

1. §5-6 тақырып, бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

2. Шығармашылық тапсырма: Әңгімені жалғастыр: Баяғыда пернетақта, монитор, жад және процессор болыпты. Олар өте тату тұрыпты. Бір күні олар кім мықты деп олар дауласыпты …\

Бағалау



© 2010-2022