Ақпаратты енгізу манипуляторы (7 сынып)

Енгізу  монипуляторын   және   басу   құрылғысымен  таныстыру.   Тышқан мен принтердің   түрлерін   біледі ,қолдана алады.   Оқулықпен   жұмыс,   компьютермен жұмыс,  флипчарт,   стирек,   түрлі -  түсті қаламдар.   Тақтаға  барлық   оқушыны    шығарып  боймен  тұрғызып   «HP »,  «Canon »,  «Samsung»,   «Хеrox»    компьютердің    құрылғылары   арқылы   топтарға   бөлемін.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтықұружәнежоспарлауүшінмұғалімдергеарналғанжоспарлаубойыншакесте №4


Сыныбы 7а

Күні 24.10.12.

Сабақтыңтақырыбы

Ақпаратты енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы.

Мақсаты

Енгізу монипуляторын және басу құрылғысымен таныстыру.

Күтілетін нәтижелер

Тышқан мен принтердің түрлерін біледі ,қолдана алады.

Керекті жабдықтар

Оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс, флипчарт, стирек, түрлі-түсті қаламдар.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Уақ

Оқушы әрекеті

Кіріспе


Амандасу.

Үй тапсырмасын дәптерлерін жинап алып соңынан тексеремін деп айтып өтемін.

Тақтаға барлық оқушыны шығарып боймен тұрғызып «HP », «Canon », «Samsung», «Хеrox» компьютердің құрылғылары арқылы топтарға бөлемін.

3 мин

Оқушылар амандасады.

Дәптерлерін сабақ соңында тапсыру керек екен біліп отырады.

Оқушылар боймен тұрады да «HP », «Canon », «Samsung», «Хеrox»болып 4 топқа бөлінеді.

Тұсаукесер

Сабақтың басыда «Алтын сандық» ойнын ойнаймыз, сандықтан парақты алып өз ойларын қағазға түсіредіде, алдында қалдырады.

Оқушының аты-жөні

Білемін

Білдім

Білгім келеді


3 мин

Сандықтан парақты алып өз ойларын қағазға түсіреді. Оқушылар тегістей ойланады, қызығушылығы артады, пікірлерін бөліседі, парақпен танысады. білгендерін жазады, парақты толтырады.

Негізгі бөлім

Топтардағы әр оқушыға тақырыпшалар бөлініп беріледі.

1, 3 топ тышқан тақырыпшасы

2,4 топ принтер тақырыпшасы

Интернеттен мәлімет іздейді.

5 мин

2 мин

15 мин

Белсенді оқиды, оқығандарын түсінеді, топпен бірге талдайды, ақпарат алады.

Әр топқа бір - біріне өздерінің не білгендерін айтады, талдайды, ақпарат алысады.

Интернеттен принтер және тышқан туралы мәліметтерді топпен бірге іздейді. Компьютермен жұмыстанады, интернетті өздері қосады, тапқан мәліметтерін дәптерлеріне түсіріп отырады.

Қорытынды


Флипчарт таратам алған мәліметтері бойынша және кітаптағы мәлімет бойынша постер құрайды.

«Мозайка» (Мясо по кит) әдісін қолдану

Стикерлер арқылы бағалау немесе өз пікірлерін жазу

Үйге тапсырма: Ақпаратты енгізу манипуляторы. Басу құрылғысы тақырыбына интернеттен мәліметтер іздеп келеді.

Рефлексия парағы беріледі

5 мин

10 мин

2 мин

Топпен бірге постер құрайды, топ ішінен бір көшбасшын таңдайды. Көшбасшылар 4 оқушы постерлерін қорғайды. Қалғандары сағат тілімен жүріп тыңдайды. Тыңдап жүрген оқушылар 2 жұлдыз 1 ұсыныс немесе пікірлерін стикерлерге жазып потерлеріне жапсырып кетеді.

Үйтапсырмасын дәптерлеріне жазып алады.

Рефлексия парағын толтырады.

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақты оқушыларды топқа бөлуден бастадым. Оқушыларды бойымен тұрғызып топқа бөлдім. «HP », «Canon », «Samsung », «Хеrox » компьютердің құрылғылары яғни принтерлердің атауы арқылы 4 топқа бөлдім.

Интерактивті тақтада сабақтың тақырыбы мен мақсаты жазулы турды. Сабақтың тұсаукесер кезінде оқушыларға «Алтын сандық» ойнын ойнаймыз, сандықтан парақты алып өз ойларын қағазға түсіредіде, алдында қалдырасыңдар деп . Бұл сандықтың ішінде БББ кестесі бар. «HP» тобына тышқан тақырыпшасы, «Canon» тобына принтер тақырыпшасы, «Samsung» тобына тышқан тақырыпшасы , «Хеrox » тобына принтер тақырыпшасы бөлініп берілді. Оқушылар тегістей белсенді оқиды, мәтінді түсінеді, кітаптан ақпарат алады. Топпен бірге талқылады.

Балалар оқып, талдап болған соң Компьютермен жұмыс интернет арқылы . Топпен интернеттен принтер мен тышқан туралы мәліметтер іздеді. Осы жерде маршуттық карта беріп жіберуім керек еді . ....

Кітапты оқып, интернеттен ақпаратты алып болған соң постер құрады. Оқушылар постер құруда белсенді жұмыс жасады. Бір - бірінің ойларын толықтырып, жаңа , тың ойларын жеткізіп, өз жұмыстарының жемісті болатынына сенімдері артты. Аяқталысымен әрбір топтан бір көшбасшылары постерлерін «мазаика» әдісі арқылы қорғады. Ол үшін топтан топтың қалауынша оқушылар ортаға шығып, жазған немесе келтірген мәліметтерін ортаға салды. Мысалы, «HP» тобынан Ермекова Анжела , «Canon» тобынан Ерғалиев Еділ , «Samsung» тобынан Нәсіпқали Гүлжайнар «Хеrox» тобынан Муратов Айдын осы оқушылар топпен жұмыс барысында белсенеділік танытып, топ көшбасшыларна айналғанын байқадым.Оқушылардың жұмыстарын формативті бағалау мақсатында өзге топ өкілдеріне екі жұлдыз, бір ұсыныс білдіруді және пікірлерін стикерге түсіріп постерлерне жапсыруда ұсындым.

Осыдан кейін оқушыларға оқушыларға «Алтын сандықтан» алған парағының білдім, білгім келеді ұяшықтарын толтыру ұсынылады. Үй тапсырмасын бердім. Сабақ барысында оқушылардың көп бөлігі белсенді жұмыстанды. Принтердің және тышқаның түрлерін білді. Осы сабақта топпен жұмыс жасағанның тиімді екенін білдім. Себебі бір сабақта біз кітапты оқып, талдап, интернеттен мәлімет алып, постер құрап үлгердік. Оқытуды жақсарту үшін енді осы сабаққа маршуттық карта қосса интернет қарау кезінде қиындықтар тумайды деп ойлаймын.

Сабақ бойынша өзгертулер



© 2010-2022