Дербес компьютердің құрылысы мен қолдану мақсаты

Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын үш түрге бөлінеді. Тұрмыстық компьютерлер – компьютерлердің қарапайым түрлері (1970-жылдары дайындалған, қазіргі кезде өндірістен алып тасталған БҚ-0010, Ириша, Aplle II, т.б.). Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болатын. 80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кезіне дейін оқу орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып-үйрену үшін жад көлемі 6...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дәріс №1

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің құрылысы мен қолдану мақсаты.

Сабақтың мақсаты: Дербес компьютерді қолдана білуді үйрету.

Білімділік: Дербес компьютерді дұрыс қолдана білуге уйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, уақытты тиімді пайдалнуға қалыптастыру.

Дамытушылық: Дрбес компьютермен жұмыс жасай отырып, жаңа пайдалы заттар ашуға көмек беру.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер құрылысы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын үш түрге бөлінеді. Тұрмыстық компьютерлер - компьютерлердің қарапайым түрлері (1970-жылдары дайындалған, қазіргі кезде өндірістен алып тасталған БҚ-0010, Ириша, Aplle II, т.б.). Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болатын.

80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кезіне дейін оқу орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып-үйрену үшін жад көлемі 64,128 Кбайт шамасындағы Корвет, УКНЦ, Ямаха, MSX-1, Ямаха MSX-2, т.б. оқулық компьютерлер пайдаланылып келді.

Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кезде оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен дербес компьютерлер әмбебап және кәсіби дербес құрылғысы - процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзінде Aplle, IBM, Intel, т.б. фирмалар айналысқан болатын. ДК-де процессор үшін ҮИС, АҮИС пайдалатындықтан, оны микропроцессор деп атайды. Бұл жұмысқа, әсіресе, IBM, Intel фирмаларының еңбегі көп. Intel фирмасының жасап шығарған түллі үлгілі микропроцессорларын пайдаланып, IBM фирмасы компьютердің түрлі сапалы типтерін дүниеге келтірді. Фирманың компьютерлеріне, типтеріне қарай, ретімен IBM PC, IBM PC XT, IBM PC AT, IBM PS\2, Pentium, т.б. аттар берілген PS (Personal Computer)-дербес компьютерлер XT (extended technology)-кеңейтілген технология, PS (personal system)-дербес жүйе, AT (Advanced Technology)-алынгы технология. Олар әсіресе IBM PC AT типтес компьютерлер кезінде дүние жүзіне кең таралды. Қазіргі кезде мұндай компьютерлердің Пентиум сияқты жаңа жетілдірілген нұсқалары пайдалануда.

Пентиум сияқты кәсіби компьютерлер күрделі әр алуан математикалық, физикалық есептерді шешіп қана қоймай, логикалық операцияларды да орындай алады (логика- ойлау; қисын; логикалық операция «ақылмен» орындалатын әрекеттер. Мыфсалы, автоматты түрде технологиялық процестерді басқарады, шахмат ойнайды, күрделі график сызады. Оның үстіне, олардың экономикалық ғылымдарда, жоспарлауда, медицинада, биологияда, ауа райы болжауда, мекеменің айлық ақпар тізімін жасауда, кітапхана жұмысын ұйымдастыруда және т.б. салаларда ойдағыдай пайдаланып келеді.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары классикалық Нейман архитектурасына енгізделген:

-жүйелік блок ( микропроцессор, жад, қоректену блогі, енгізі\шығару порттары, сағат таймер);

-пернетақта;

-монитор;

-принтер;

Таймер - кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралдық схема. Оның қызметінің бірі - монитор экранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын беру, яғни синхрондау т.б. (timer-уақытша белгілеу).

Информацияны жазу және сақтау компьютердің жеке дискілерінде не қатты магниттік дискіде орындалады. Жазу құрылғылары дискіжетек не дискі жүргізуші деп, жинақты дискілерге жазатын не олардан оқитын құрылғыны CD-ROM деп атайды. Винчестер компьютердің ішіне орнатылған дискіжетекке бетітіліп қойылған, сондықтан ол дискіжетектен алынып салынбайды.

Дербес компьютердің құрамына бұларға қоса тышқан құрылғысыда бар.

Тышқан - көрсеткіші екі не үш түймесі бар, компьютерге электр өткізгіш сым арқылы жалғастырылған төртбұрышты кішкене пласмассалық қорап.

Магниттік дискіде жинақтауыш - информацияны қатты дискіге немесе иілгіш магниттік дискіге жазу не онда жазылған информацияны машина жадына енгізу құрылғылары. Винчестер мен дискетті сыртқы есте сақтау құрылғылары деп те атайды.

Компьютер құрамында сызбаны қағазға басып шығару (сызба сызушы), суреттерді және графикалық информацияны компьютерге енгізу (сканер).

Компьютерді бір-бірімен телефон жуйесі арқылы жалғастыру (модем) құрылғыларыныңда болуы мүмкін. (Бұдан әрі, арнайы айтылмаса, тек әмбебап дербес компютерлерді қарастырамызда, дербес не әмбебап сөзін компьютер сөзіне жалғастырмай тастап кетеміз).

Пернетақта арқылы компьютер жадында берілген түрлі программа, мәтіндер және т.б. енгізіледі.

Жад оларды және өнеу кезіндегі аралық мәндер мен өңдеу нәтижесін уақытша сақтап тұрады.

Монитор жүйелік блоктан келген информацияны электрондық экран бетіне, ал принтер оны қағазға басып шығарады. Монитор құрылғысын дисплей деп, ал оны пернетақтамен бірге терминал деп те атайды. (display - көрсетекіш, бейнелеуіш).

Кәсіби компьютердің жұмысын басқарушы операциялық жүйенің түрлері көп. Олардың ішінде IBM PC куомпьютерлердің пайдаланатын жүйелерінің бірі MS DOS деп атайды. Оның бірнеше нұсқалары бар, олардың ішінде соңғы шыққандары - мүмкіндігі мол MS DOS 5.02,6.0, т.б. Соңғы жылдары MS DOS-тан мүмкіндігі жүздеген есе артық Mіcrosoft Windows атауы операциялық жүйелер де жарыққа шықты. Компьютермен жұмыс істеуді жеңілдету үшін оларды тышқан (Microsoft Mouse) құрылғысы пайдаланылады.

Жүйелік блок- процессор, жад, адаптер, жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізі,шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналастырылған тақшаны аналық тақша не жүйелік тақша деп атайды.

Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар комьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқаларын сыртқы құрылғылар деп атайды.

Пернетақтаны енгізу құрылғысы деп, монитор мен принтерді шығару құрылғылары деп атайды.

Енгізу, шығару құрылғылары мен процессор арасында алмастырылатын информация алмасу алдында адаптер деп аталатын осы құрылғылардың жұмысын үйлестіруші интегралдық схемаға келіп түседі (лат. Adaptere - лайықтауыш, үйлестіруші; оны түсіну үшін магнитофон адаптерін көзге елестетсе болғаны). Адаптердің жұмысына мысал: екілік кодтерды жадтан мониторға жіберу кезінде сәйкес адаптер (бейнеадаптер) алдымен оларды үрлі символдарға аударатын сигналдарға айналдырады; кез келген пернені басып, қоя берген кезде пернетақта сәйкес екілік кодтың сигналдарын процессорға, жадқа бірінен соң бірін ретімен жібере бастайды. Бұл кодты алдымен пернетақта адаптері қабылдайды да, оны процессор жұмыс істей алатын паралель кодқа айналдырады.

Құрылғылары бір-бірімен байланыстырылатын жүйелер мен сигналдарды, жүргізуші, басқарушы. Әр сырқы құрылғының өз жұмысын басқаратын арнайы программасы бар.

Процессор - компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді. Компьютерлік жүйелерде компьютер жұмысының жылдамдығы үшін, оған балама етіп, электрондық схемалардың жұмыс ритмін ұйымдастыратын электр импульстерінің тактілік жиілігі алынған (такт-тізбекті берілетін екі сигнал арасындағы уақыт). Импуль көзі - түрлі сигналдар арасындағы үзілістерді ұйымдастыршы микросхнмадан тұратын импульс генераторы (generator - өндіруші). Қазіргі кездегі кәсіби дербес компьютерлерде пайдаланылатын микропроцессорлар, типіне қарай 4-50 Мгц шамасында 100 Мгц-тен асатын тактілік жиелікпен жұмыс істей алады. (1 Мгц=1000000 такт\с).

Дербес компьютердің типі онда орналастырылған микропроцессордың үлгісімен анықталады. Мысалы, алғашқы шығырылған 8080, 8080 нөмірлі IBM PC компьютерлерінде Intel фирмасы дайындаған 16 разрядты микропроцессорлар пайдаланылады. Олардың адрестік шинамен интерфейсі 20 разрядты және осыған сәйкес ОЕСҚ-ның көлемі 1 Мбайт болатын.

ОЕСҚ (оперативтік есте сақтау құрылғысы). Оның басқа түрде аталуы: RAM - арифметикалық - логикалық операцияларды орындау алдында және орныдау процесінде деректер мен программалар уақытша сақталатын ішкі жадтың негізгі бөлімі, оның жедел жад деп те атайды. ОЕСҚ-ның көлемі адрестік шинаның разрядығына байланысты. Атап айтқанда, ол 2 санның адрестік шинаның разрядынан тұратын дәрежесі арқылы анықталады. Сондықтан Intel-8080, (i8080) компьютерінде ОЕСҚ-ның көлемі 2-де 20байтқа тең. Ал, қазіргі кездің 32-64 разрядты Пентиум типті дербес компьютерлердің жад көлемі 4 Гбайттан кем емес. 1-4 Мбайттан артық ОЕСҚ-ны пайдалану үшін арнайы программалар мен қосымша платалар пайдаланылады.

Процессор үлгісінің нұсқалары көп. Мысалы, 80386 процессорының SX-25 DX-33, ал 80386 процессорының DX-40, DX-50, DX2-66, т.б. атауы нұсқалары бар. Мұндағы 80486 DX-50 процессоры -80486 үлгілі процессорының 50 Мгц тактілік жиелікпен жұмыс істейтін Dх жалғауы бар процессордың жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары. Мысалы, 80386 SX процессорлы компьютерде 16 разрядты, 80386 DX процессорлы компьютерде 32 разрядты берілгендер шинасы бар (бұл шинаның разрядтығы өскен сайын берілгендер процессорға тезірек енгізіліп-шығарылады).

Пернетақта - компьютерге берілгендер мен командаларды енгізу құрылғысы. IBM PC AT-ге үйлесімді қазіргі кездегі компьютерлеррінде 101-102-дейін перне болуы мүмкін.

Пернелер функционалдық, алфавитті-цирлық және басқару пернелері болып үшке бөлінеді. Мұндағы F1-F2 пернелерінің әрқайсысы түрлі режимдерге әр түрлі командалары орындайтын функционалдық пернелер.

Әріптер, цифрлар, түрлі басқа символдар жазылуы пернелер - алфавиттік -цифрлық.

Бейнемонитор екі құрылғыдан тұрады: монитор және бейнеадаптер. Соңғысы-бейне құраушы символдарды, график және түрлі түстерді түзетін сигналдарды монитор экранына жіберетін интегралдық микросхема: монитор - кәдімгі телевизор сияқты электрондық құрылғы.

Әдетте информация не команда пернетақтадан теріледі де, терілу кезінде ол монитор экранында көрінеді. Сондықтан пернетақта мен монитор - стандартты енгізу, шығару құрылғылары.

Принтер - инормацияны қағазға түсіру құрылғысы. Оның өз жады және матрицалық, лазерлік, т.б. типтері бар. Олардың ішіне арзаны-символдарды қағазға нүктелер жиынтығы арқылы басып шығаратын матрицалық принтер.

Қазіргі кезде пайдаланп жүрген лазерлік принтерлер (EPL-5000, EPL-5200, т.б.) инормацияны өзара лазерлік сәулелер арқылы басып шығарады.


  1. Пентиум сөзінің мағынасы.

  2. Нейман архитектурасына негізделген ДК-ң негізгі құралдары.

  3. Таймер дегеніміз не?

  4. ТЫшқан дегеніміз не?

  5. Пернетақта дегеніміз не?

  6. Жад дегеніміз не?

  7. Монитор дегеніміз не?

  8. Жүйелік блок дегеніміз не?

  9. Интерейс дегеніміз не?

  10. Компьютердің ішкі\сыртқы құрылғырарының арасында мәліметтерді лмастыру дегеніміз не?

  11. Драйвер дегеніміз не?

  12. Процессор дегеніміз не?

  13. ЩСУҚ-ң мағынасы.

  14. Бейнемонитордың құрылғылары.

  15. Принтер дегеніміз не?

Сканер дегеніміз не

© 2010-2022