Ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы

Оқушыларды бүгінгі күн сұранысына сай ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру басты міндет.Әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейінде Республика мектептерінің білім сапасын көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. Біздің қоғамы...
Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бердигалиева Асель Мендибаевна

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы

«Жаңақала жалпы орта білім беретін мектеп» КММ


Ақпараттық технологияны пайдалану заман талабы.


Оқушыларды бүгінгі күн сұранысына сай ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру басты міндет.

Әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейінде Республика мектептерінің білім сапасын көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.

Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б. тіркестермен тығыз байланысты.

Жаңа қоғам талабына сай ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Бұл маңызды мәселені шешу мұғалімге, оның оқытудың мақсаттары мен шарттарына сай жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдана білуге тікелей байланысты. Яғни, бүгінгі таңда информатика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияның орны ерекше.

Ұстаздың шығармашылық жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады. Сабақтың өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетілігіне, яғни шеберлігіне байланысты. Оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін, оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды оқытуды процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланған дұрыс. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп атағандай, Қазақстан Республикасы ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыруға болатын жаңа кезеңге енді. Қоғам мұғалімнен жоғары білімді, сапалы маман болуымен қатар жан-жақты, қоғам жағдайында өмірге толыққанды адам тәрбиелеуді талап етеді. Әр мұғалім заман талабына сай білім беруде шығармашылықпен айналысып, оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияны шебер қолданғанда ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға тәрбиелеп шыға алады.

Жалпы информатика пәні оқушылардың қоршаған әлем туралы білімін логикалық фактормен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Информатика сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін дұрыс пайдалану оқушылардың ой - өрісін кеңейтеді және танымдық белсенділігін арттырады, ал ұжымдық ойындар оқушылардың ұжыммен қарым - қатынасын жетілдіріп, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатын көздейді.

Қорыта келе жоғарыда айтылған ой пікірлерді тұжырымдай келе, компьютердік заманда мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру, жүйелі түрде іске асады деуге болады. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану заман талабы.



© 2010-2022