Сабақ жоспары. 6сынып тақырыбы: Алгоритм командалры

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика

Сыныбы: 6 «а»

Күні: 30/11/2015;

Cабақтың тақырыбы: Алгоритм кұрылымы (типтері)

Сабақтың мақсаты: Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритмін құра білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  1. Оқушыларға алгоритмнің типтері мен оның құрылымын түсіндіре отырып,компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру,практика жүзінде қолдануға үйрету.

  2. Оқушылардың алгоритм типтерін құру,дағдыларын дамыту арқылы ой-өрісін дамыту.

  3. Сабақ барысында топпен жұмыс жасай отырып оқушыларды құыптылыққа,жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,бірлесіп постерге суретті салу арқылы көрсете түсіндіру, жаңа технологияны пайдалану.

Сабаққа кажетті құралдар: компьютерлер, бейнепроектор,қағаз,маркер,стикерлер

Пән аралық байланыс: математика,бейнелеу,әдебиет

Күтілетін нәтиже: Алгоритм типтері бойынша күнделікті өмірде орындалатын алгоритм құруды үйренеді. «Блотаның» тапсырмаларын орындай отырып жаңа тақырыпты меңгереді.

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты топқа бөлу

Шаттық шеңберін құру арқылы бүгінгі сабаққа оқушылар бір біріне сәттіліктелеп,жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар іс әрекетті,барлығы бірдей істейді.

Қалаған қиындыны алып құрастыру арқылы 2топқа 5-6 оқушыдан бөлінеді

II.Үй тапсырмасына шолу

Үйге берілген тапсырманы «Алгоритм сарайына» саяхат жасау арқылы дайындықтарын байқаймыз

«Алгоритм сарайының» тапсырмалары:

1.Ережені ұмытпа

2.Шағын тест

3.Кім жылдам?

Оқушылар өзара әрбір тапсырмаға топ мүшелері кезе кезек жауап беру арқылы орындайды

III. Жаңа білімді меңгеру

Миға шабуыл әдісі арқылы ашық сұрақ қойып,жаңа тақырыпты анықтаймын.

1.сызықтық алгоритм дегеніміз не? Блок схемасын көрсет сызып

2.Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Блок схемасын көрсет

Топпен бірлесе отырып жауап береді,туындаған сұрақтарға топ болып жауабын анықтайды

IV. Голоссарий (сөздікпен жұмыс)

Бүгінгі тақырып бойынша ережелермен таныстыру

Оқушылар жаңа сөздер мен танысып дәптерлеріне ережесі мен жаңа терминдерді жазады

V. Компьютермен жұмыс

1.топқа «Ағашты өсіру» алгоритімінің сәйкестігін тап

2.топ «Бауырсақ» ертегісінен тармақталған алгоритмнің сәкестігін тап

Оқушылар тапсырманы алып компьютерде орындайды

VI. Сиқырлы қалам

Атқарушы «Ботаның»командаларын орындау компьютермен жұмыс

Оқушлылар суретке қарап жауап программасын қалай салғандарын түсіндіріп береді.

VII. Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Физминутка

Оқушылар өз орындарынан тұрып,бейнероликти бақылап отырып жаттығу жасайды

VIII. Сабақты бекіту

Постермен жұмыс

Мектеп оқушыларының формасы қандай болуы керек?

Оқушылар постерге топпен сурет салып салған суреттерін қорғайды

IX. Үйге берілетін тапсырма

1-жаттығу жазбаша,ауа райының маусымдық ауысу алгоритмін құр

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады

XI. Бағалау

Әр топқа таратылған бағалау парағын алып балдық жүйе бойынша топтардын жалпы пайызын көрсету

Оқушылар өдерінің топта қойылған балдарын,бағалау парағын көрсетеді

XII. Кері байланыс

1.Бүгін мен не үйрендім?

2.Маған не ұнады,ұнамады?

3.Жаңа сабақ бойынша тағы не білгін келеді?

Оқушылар стикерге өз пікірлерін,ойларын ерін жазып,кері байланыс парағына жабыстырады


© 2010-2022