Коучинг жоспары Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдары

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

№13 жалпы орта білім беретін

мектептің директоры

____________М.А.Танатарова


«Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдары»

тақырыбы бойынша №13 жалпы орта білім беретін мектептің

информатика пәні мұғалімі Боранова Ақкүміс Масабайқызының

қысқа мерзімді коучинг жоспары

Өтілетін орны: Мультимедиа кабинеті

Өтілетін мерзімі: 24.04.2015 сағат 15 00


Тақырып

Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдары.

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Коуч мұғалімнің жұмыс кітабы

Үлестірмелі материалдар ІІ апта

Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Әлімов А.Қ.

Жалпы мақсаты

түрлі тапсырмалар арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту, өз тәжірибесінде тиімді пайдалануына ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже

Қатысушылар сын тұрғыдан ойлау түсінігімен танысады, тапсырмалар орындау арқылы сыни ойлау әдістерін мeңгeрeдi. Oқy мeн oқытyдa әдic тәciлдeрдi өз тәжiрибeciнe eнгiзyдe дaғды қaлыптacaды.

Түйінді идея

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Ресурстар

Таныстырылым,маркер, стикер, бейнежазба, кеспе қағаздар

Коучинг сессияның өту барысы

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері

Уақыты

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Амандасу

2 мин

Сәлемдесу, психологиялық дайындық мен қазір қай жерде тұрмын (блоб ағашын толтырғызу) коучингке дейін.

Сергіту сәті

2 мин

«Көңілді күн» сергіту жаттығуы

Топқа бөлу

1 мин

«Мoлeкулa» Брoундық қoзғaлыc Мaқcaты: Жылдaмдыққa үйрeтiп, қaрым-қaтынacты нығaйту.

Бaрыcы: Бөлмeдe қaтыcушылaр шaшырaп жүрeдi. Жүргiзушi aлaқaнын қaншa coқca, coншa қaтыcушы бiрiгeдi. Мыcaлы: жүргiзушi aлaқaнын 3 рeт coқca қaтыcушылaр әр жeргe 3-3тeн шoғырлaнaды

Прeзeнтaция «Нe көрiп тұрcыз?»

2 мин

Cлaйдтaғы cурeттeр мeн cөздeрдi көрe oтырып, тaлқылaйды

Ой шақыру

3 мин

«Сын тұрғысынан ойлау» таныстырылымы арқылы ой шақыру:

«Сыни тұрғыдан ойлау» дегеніміз не?

Блум таксономиясы туралы не білесіздер?

Сaбaқтaрыңыздa cын тұрғыcынaн oйлaу дeгeнiмiздi қaлaй түciнeciздeр?

Caбaқтaрыңыздa қoлдaнacыздaр мa?

Топтық тапсырма

10 мин

Галереяны шарлау

1 топ- Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

2 топ - сын тұрғысынан ойлаудың құралдары

3 топ-Блум таксономиясы

Өздерінің түсініктерін топпен жұмыс жасау арқылы плакатқа түсіріп, дәлелдеп қорғайды.

Топтық тапсырманы әр топтың бір мүшесі қорғайды. Қалған топ мүшелері келесі топқа барып, өз ойларын стикерге жазып қалдырады.

Бағалау

1 мин

Екі жұлдыз, бір тілек

Теориялық материал

2 мин

Таныстырылым.

Топтық тапсырма

10 мин

Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік жасау

Қатысушылар 2 сурет таңдайды.

1)Сурет бойынша ықтимал сұрақтар қойылып, суреттің айналасына жазылады.

2)Келесі топтан сол сұрақтарға жауап алынады.

3)Үшінші топ сұрақтың қойылуы мен жауапты тексереді.

4)Әр топқа бастапқы жазбалары қайтып оралады.

Кесте бойынша сұрақтарды сұрыптайды

Қадағалау сұрақтары:

Проблеманы шешетін сұрақтар

Сараптамалық сұрақтар

Ерекшелейтін сұрақтар

Сергіту сәті

2 мин

Екі қолды жұмысқа жұмылдыру

Қатысушылар 2 қолға да қаламсап алып, бір мезгілде мынадай әрекет атқарады:

  1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады

  2. Оң қолымен бес шеңбер, сол қолымен бес үшбұрыш салады

  3. Оң қолымен өз есімін, сол қолымен фамилиясын жазады.

Мұнда ең бастысы- жазудың өзі.

Мақсаты: Әдетте оңқайлардың миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекет жасағанда, мидың екі жағы да іске жұмылады екен.

Топтық тапсырма

10 мин

Ақылдың алты қалпағы

Әр топ өзіне келген қалпақ түсінің тапсырмасына қарай «1 қыркүйек» тақырыбын жан-жақты қарастырады

Рефлексия

1 мин

Күн және бұлттар

Қорытындылау

2 мин

«Рaхмeт» жaттығу.

Қaтыcушылaр oртaдa шeңбeр құрып тұрaды. oйшa ocы кoучингкe кeлгeнгe дeйiнгi көңiл-күйлeрiн, oйлaрын, жaғдaйлaрын, ceбeптeрiн coл aлaқaнғa, aл бүгiнгi caбaқтaн aлғaн әceрлeрiн oң aлaқaнғa caлуын cұрaдым. Мұнaн кeйiн бaрлығы бiр уaқыттa aлaқaндaрын қaтты coғып «Рaхмeт» дeп aйту кeрeк.









Сын тұрғысынан ойлау - ойлау туралы ойлау
Сын тұрғысынан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (Нұсқаулық 49 бет.)
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның тиімділігі - оқушының құзіреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:

1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.
2. Мұғалім мен оқушылар арасында қарым - қатынас орнатылады.
3. Оқушының өздігінен жан - жақты білім алуына жағдай жасалады.
4. Алған білімге сын көзбен қарайды, білімді сапалы түрде алады.
5. Оқушы ойын ашық айта алуға, пікір алмасуға үйренеді.
6. Бірін - бірі сыйлауға, ынтымақтастыққа баулиды.
7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
8. Оқушының шығармашылық белсенділігі артады.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу, дәлелдеріне сүйену арқылы болашаққа бейім болып келуіне ықпалдасады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтағы аса қажетті, маңызды әрекет болып табылды.
Тізбектелген сабақтар топтамасын жасау барысында «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» негізгі модуль ретінде алынып, ЖИГСО, топтастыру, Венн диаграммасы, «Сэнквейн», «Идея туралы ойлар», «Бағдаршам», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Басбармақ», «Ойлан, бірік, бөліс» әдістері арқылы көрінді.



© 2010-2022