Авторлық бағдарлама Жас информатиктер /5 сынып/

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Панфилов ауданы

Жаркент қаласы

«Ш. Уалиханов атындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі












«Жас информатиктер»

5 сыныпқа арналған факультативінің бағдарламасы

Авторлық бағдарлама Жас информатиктер /5 сынып/













Информатика пәнінің мұғалімі: Г.Т Хасенова






















2015-2016 оқу жылы

XXI ғасыр басында информацияны пайдалана алмайтын адам

XX ғасырдың басындағы оқи да, жаза да алмайтын жанға ұқсас.


Факультатив тақырыбы: «Жас информатиктер»

Бағдары: информатика

Түсінік хат

Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәнінің рөлі ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі орнымен қамтамасыз етіледі.

Ақпараттық бірліктің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері және құндылық баңдарын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамды бөлігі болып табылатынын интеллектуалды дамуды қамтамасыз етеді.

Бұл жағдайдан шығудың бірден - бір жолы жоғарғы сынып оқушыларына болашақ кәсіби әрекет саласына бағдарлау, мектеп жұмыстарына маңызды өзгерістерді енгізу болып табылады.

Оқытудың негізі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін - өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызу болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Ол компьютерді оқу құралы ретінде оқушылардың оқу - танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді. Бұл бағдарламаның мазмұны оқушылардың оқу танымдық қызметінде компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды.

Мақсаты: оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін-өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызу болып табылады.

Міндеті: оқушыларда ақпарат түсінігін және оларды өңдеу тәсілдерін қалыптастыру, оқушылардың компьютерлік мүмкіндіктері туралы түсініктерін қалыптастыру, күнделікті өмірде компьютерді пайдалану қызығушылықтарын арттыру, компьютерді құрал ретінде еркін пайдалану.

Нәтижесі:

  • Оқушылар қазақ халықының ою-өрнектерін графикалық редакторда еркін сала білуге үйренеді.

  • Шығармашылықпен ізденуге қосымша әдебиеттер мен БАҚ материалдарын тиімді қолдана білуге үйренеді.

  • Өмірлік, кәсіптік, тұрмыстық бағдар алады.

Факультативті жүргізу кезінде және оқушылардың білімін бақылау кезінде қолданылатын әдіс-тәсілдер:

  • Әр тақырып лекция түрінде қажетті техникалық құралдар мен көрнекіліктерді қолдана отырып, тиімді әрекеттер мен әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіріледі.

  • Алғашқы сабақтан бастап оқушыларды шығармашылық топтарға бөлемін. Өзбеттерінше орындайтын тапсырмалардың толық мәнінде орындауын талап етемін.

«Жас информатиктер» факультативінің мазмұны мен құрылымы

Кіріспе. Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігін сақтау ережелері (1) сағат.

Графикалық редактор (23) сағат.

Тәжірибелік жұмыстар (10) сағат

«Жас информатиктер»

2015-2016 оқу жылына арналған жылдық жоспары


Р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ескерту

1

Кіріспе. ЕТ кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау мен тәртіп ережелері

1



2

Paint графикалық редакторы. Графикалық редакторында жұмыс істеу

1



3

Түзу сызықтар салу

1



4

Өшірігіш құралын пайдалану

1



5

Суретті қарап шығу режимі

1



6

Түстер палитрасын өзгерту

1



7

Суреттерді қалай сақтайды

1



8

Суреттерді қағазға басып шығару

1



9

Суреттерді қалай ашады

1



10

Төртбұрыштар мен квадраттар салу

1



11

Қисық сызықтар салу

1



12

Көпбұрыштар салу

1



13

Құю құралын пайдалану

1



14

Бүріккіш құралын пайдалану

1



15

Қылқаламмен сурет салу

1



16

Орындатпау командалары

1



17

Қайталау командасы

1



18

Мәтіні бар суреттер салу

1



19

Үзіндіні жылжыту мен көшіру

1



20

Үзіндіні көбейту

1



21

Үзіндіні өшіру

1



22

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру

1



23

Үзіндіні еңкейту мен созу

1



24

Салынған суретті түсқағаз ретінде пайдалану

1



25

Тұмарша, қарға, тұяқ, жұлдыз ою-өрнектерін салу

1



26

Бес таңба, балта, балтақ ою-өрнектерін салу

1



27

Ботагөз, омыртқа, тышқан із ою-өрнектерін салу

1



28

Ирек, су, тармақ, қаңқа ою-өрнектерін салу

1



29

Сынық мүйіз, қос дөңгелек, гүл ою-өрнектерін салу

1



30

Қайнар, ит құйрық, түйе табан ою-өрнектерін салу

1



31

Мүйіз, қошқар мүйіз ою-өрнектерін салу

1



32

Ою-өрнектерді пайдаланып түскиіз салу

1



33-34

«Ою хан мен Жою хан» ертегі кейіпкерлерін салу

2





Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. 5 сынып оқулығы

  2. Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов

Информатика әдістемелік құралы

  1. Ф.Н. Каракушекова, М.Е. Достемесова

Информатика пәні бойынша курсқа негізделген бағдарлама

  1. 5 сынып электронды оқулық Арман-ПВ баспасы бойынша

  2. 5 сынып оқулығы

  3. Интернет ресурстары









© 2010-2022