Сабақ жоспары Ақпараттың алуан түрлілігі

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:_________

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамыту шылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Сабақты бекіту

  5. Үйге тапсырма

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

  1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  3. Қатынас тілі дегеніміз не?

  4. Бейнелік, таңбалық ақпарат деген не?

Жаңа түсініктер:

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды

  • Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,
    қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы
    деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.

  • Біз кітап, газет - журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады.

  • Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның
    мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке
    келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.

Ақпаратты өңдеу - оның бастапқы түрден басқа түрге айналуы немесе ақпарат мазмұның өзгеруі.

Ақпаратты автоматты өңдеу - адамның қатысуынсыз өңдеу. Бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.

Компьютер мынадай ақпарат түрлерін өңдей алады:

  • Мәтіндік

  • Сандық

  • Графикалық

  • Дыбыстық.

Ақпаратты өңдеу көптеген амалдардын жиынтығынан тұрады:

Ақпаратты жинау;
Ақпаратты қалыптастыру;
Ақпаратты сүзгілеу;
Ақпаратты сұрыптау;
Ақпаратты топтастыру;
Ақпаратты архивтеу;
Ақпаратты қорғау;
Ақпаратты тасымалдау;
Ақпаратты түрлендіру.


Ақпаратты ұсыну формалары:

1. Символдық - әріптер, сандар таңбалар, т.б.

2. Мәтіндік - әріптер, сандар, таңбалар, т.б, бірақ ақпарат біріктірілуіне қарай анықталады.

3. Графикалық - суреттер, сызбалар, схемалар, фото - суреттер және т.б.


Тапсырма:

  1. Адамның кейбір мүшелері мен компьютер құрылғыларының арасындағы ақпаратты процестер кезіндегі сәйкестікті анықтау.

Ақпаратты енгізу

Ақпаратты өңдеу мен сақтау

Ақпаратты шығару

Адам

Компьютер


Сабақты бекіту. Компьютермен жұмыс:


  • WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск-Все Программы-Стандартные- WordPad батырмаларын басыңдар.

  • Информатика - ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым - мәтінін теріңдер.

  • Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

Үйге тапсырма: Берілген лекцияны оқу, анықтамаларды жаттау.


© 2010-2022