Урок по информатике на тему Объектілермен жұмыс (5 класс)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Күні:____________________________________________________

Сынып:__________________________________________________

Пән аты: Информатика

Сабақтың тақырыбы:

Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бумалармен белгішелерде құру, нысандарды өшіру,

өшірілген файлдар мен бумаларды қайта қалпына келтіру тәсілдерін үйрету;

Дамытушылық: өз бетінше компьютерде практикалық жұмыстарды орындау

дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу,

өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту, еңбекке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, практикалық көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, презентация, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығын анықтау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Өткен тақырыпты практика жүзінде тексеру.

  1. Жарлықты қалай құрамыз?

  2. Буманың қандай түрлері бар?

  3. Файл мен буманың айырмашылығы неде?

Урок по информатике на тему Объектілермен жұмыс (5 класс)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Балалар мына суретті білесіңдерме? Қалай аталады?

Урок по информатике на тему Объектілермен жұмыс (5 класс)

Урок по информатике на тему Объектілермен жұмыс (5 класс)

Оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Мынадай жағдайды елестетіңіз, сіз жақсы көретін кітабіңізді жоғалтып, еш жерден таба алмасаңыз кімдердің көмегіне жүгінесіз? Ал егер компьютерден жоғалтқан қызықты ойындар, маңызды документтерді, киноларды жоғалтсақ қалай табамыз? Бұл жағдайда бізге поиск көмекке келеді.

Файл мен буманың атын бас мәзірдің іздеу терезесіне жазу керек. Ал егер мәтін арасындағы сөзді іздеу керек болса онда Главная - Найти басу немесе Ctrl+F пернесін басу арқылы табуға болады.

Урок по информатике на тему Объектілермен жұмыс (5 класс)



1.Нысандарды қалай көшіреміз?

2. Нысандарды қалай жылжытамыз?

3. Бірнеше нысандарды бірден көшіре аламыз ба?

Кейбір оқушылар бумалар мен белгішелерде құру, атын өзгерту объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жоюды қай құрылғы көмегімен іске асыруға болатын білуі мүмкін. Бірақ біз бұл әрекеттерді тағы бір құрылғының көмегімен іске асыруға болатынын білемізбе? Ол компьютердің негізгі құрылғысы болып табылады. (Пернетақта)

Ол үшін пернетақтадағы Ctrl пернесін басып тұрып бұйрықтарды орындау керек.

Ctrl+c - көшіру

Ctrl+x - қиып алу

Ctrl+v - кірістіру

Обьектілерді жою үшін қандай пернелерді қолданамыз? Delete, del.

IV. Сабақты бекіту кезеңі.

Компьютермен жұмыс: жұмыс үстеліне өз атыңда папка құр және оны басқа дискіге көшір. Құрған папка жұмыс үстінде қалмау керек. (тінтуірдің оң жақ батырмасын басу - создать- папку. Құрылған папканы көшіру үшін: обьектіні белгілеп пернетақта көмегімен Ctrl+c немесе тінтуірдің оң жақ батырмасын басып копировать басу керек.)

Бекіту сұрақтары:

  1. Компьютер жедел жадының обьектілерді уақытша сақтауға болатын аймағы?

  1. Алмасу буфері

  2. Жедел жад

  3. Қатқыл диск

  1. Обьектілерді жоюдың неше түрі бар?

  1. 3

  2. 2

  3. 1

  1. Обьектілерді іздеу .........

  1. Ctrl+F

  2. Бас мәзір арқылы

  3. Вставка-найти

  1. Өшірілген обьекті карзинада қанша уақыт сақталынады?

  1. 24 сағат

  2. Өзіміз өшіргенге дейін

  3. Компьютер өшкенге дейін

  1. Бума, файл, жарлық ....................болып табылады

  1. Обьекті

  2. Папка

  3. Белгіше

V. Сабақты қорытындылау кезеңі. Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Не білдік?

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі. Тақырып бойынша өзіңді тексерді орындау.

VІІ. Оқушыларды бағалау. Сабақты қортындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалған оқушыларға көмек беру арқылы білімдерін бағалау.



© 2010-2022