Ашық сабақ Мәтінді пішімдеудің әдіс-тәсілдері 6 сынып

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні, сыныбы: Информатика, 6 сынып

Күні:

Сабақ №17

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері

Жалпы мақсаты

Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле алады; мәтінді редакциялауды үйрене алады; мәтінді өңдей алады.

Оқу нәтижелері

  • Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле алады (кейбіреуі).

  • мәтінді редакциялауды үйрене алады (барлығы);

  • мәтінді өңдей алады(барлығы);

Сабақ түрі:

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:

ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме

СТО: Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық

ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау

ОҮБ: (формативті, сумативті)

Дарынды және талантты балаларды оқыту: Деңгейлік

тапсырмалар

Көрнекілігі

ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.

Түйінді идеялар

Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытудың қуатты құралы болып табылады.

Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты: 5 мин

Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Оқушыларды дорбадан монитордың, пернетақтаның, жүйелі блоктың суреттері бар қағаздарды алады. Кімге монитордың суреті түссе, ол монитор тобына, ал пернетақтаның суреті түссе пернетақтаның тобына және жүйелі блоктың суреті түссе жүйелі блок тобына, яғни оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ өз топ басшысын сайлайды. Мұғалім топ басшысына «бағалау критерийін» таратып береді. Бағалау критерийі

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

белсенділігі

Деңгейлік тапсырма

Жаңа тақырып

қорытынды

1







2







3







Тұсаукесер

Уақыты: 5 мин

Миға шабуыл. «Компьютер дүкен» ойыны

Флипчарт арқылы әр түрлі компьютердің құрылғыларының суреттері беріледі. Осы суреттердің астында сұрақтар жасырылады. Оқушылар өздері қалаған суретті таңдай отырып, артында жасырылған сұрақтарға жауап береді

1. Мәтіндік редактор не үшін қолданылады?

2. Мәтіндік редакторды қалай іске қосады?

3.Мәтіндік редактордың кеңейтімі қалай жазылады?

4. Құжатты қалай сақтаймыз?

5. Алгоритмнің қандай түрлері бар?

6.Құжаттағы беттердің санын қалай анықтауға болады?

Негізгі бөлім

Уақыты:25 мин


Мағынаны тану.

Слайд арқылы оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру

Деңгейлік тапсырмалар.

А-деңгей: Компьютермен жұмыс

В-деңгей:

1) Х3+⅓ Х2

2) 25у≤0 өрнегін теріңіздер.

3) «Құттықтаймын!» сөзін жуан курсивті, әрбір әрпі түрлі түсті етіп жазыңдар


С-деңгей

Кестені сәйкестендіріп толтыр.

Перне

Міндеті

Кіші және бас әріп режимдеріне ауыстырып, қосады

Енгізу пернесі. Меңзерді мәтіннің жаңа жолына көшіреді

<Tab>

Меңзердің оң жағындағы әріптерді, символдарды өшіреді

Мәтінге абзацты қояды

Сергіту сәті. Көзге жаттығу жасау

Беркіту тапсырмасы:

sin_kaz электрондық оқулығы №6 модульдің 5 және 6 тапсырмаларды орындау.

Қорытынды

Уақыты: 6 мин



Рефлексия

Не үйрендім?

Не үйренгім келеді?


Үй тапсырмасы

Уақыты: 2 мин

Үйге: тақырыпты оқу. Пішімдеу және стандартты құрал-саймандар қатарының батырмаларын жаттау.

Бағалау

Уақыты: 2 мин

Бағалау критерийі бойынша топ жетекшілерінің бағалауы және сабаққа қатыстары бойынша жиынтық баға қойылады.






© 2010-2022