План урока по информатике на тему Алгоритм типтері (6 класс)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейсбаева Мадина Сериккаировна

ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің

«№27 орта мектебі» КММ

информатика пәнінің мұғалімі



Разработка урока информатики в 6 классе на тему : «Алгоритм типтері. Сызықтық алгоритмдер»



Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері. Сызықтық алгоритмдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Алгоритм типтері (сызықтық алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс- әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.

Дамытушылық - Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік - оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, дәптерлер, MyTest тестілеу жүйесі, флипчарт.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушылармен сәлемдесу (Сәлеметсіңдер ме, оқушылар )

  • оқушыларды түгендеу (Сыныпта кім жоқ?)

  • «Жүректен жүрекке» тренингі (Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірсек.Аружан мен саған бүгінгі сабақта 5 алуға тілектеспін...)

  • Бағалау критерийлерін айқындау (Оқушыларға сабақ бойы тапсырманы орындауына байланысты бағасы жазылған стикерлер таратылады. Сабақ соңында сол бағалардан ортақ баға шығарылады).

ІІ.Үй жұмысын тексеру. «MyTest» тестілеу жүйесінде тест алу

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Электрондық оқулық арқылы оқушылар өз беттерімен жаңа тақырыпты меңгеріп, дәптерлеріне қысқаша конспект жазады.

Оқушылар бұл тапсырманы аяқтаған соң не ұққандығын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

ІV. Үй жұмысы. Алгоритмнің сызықтық типіне мақал мәтелден, өлеңнен мысал келтіру.

V.Сергіту сәті. (Бейнеролик) (youtube.com/watch?v=l1CrRxwM4B8)

VI. Сабақты бекіту.

Флипчартта әзірленген тапсырмаларды орындау.

  1. «Тал отырғызу» алгоритмінің блок-сызбасын құру.

Алгоритмнің барысын оқушылар интерактивті тақтаға жазып, блок-сызбасын сызады.

  1. «Мектепке бару» алгоритмін дұрыс ретпен орналастыру

Мектепке бару алгоритмі бұрыс ретпен ұсынылады. Оқушылр осы ретті қалпын келтіруі керек.

VII. Рефлексия (Тақтаға чемодан, қоқыс шелегі, еттартқыштың суреті көрсетіледі. Оқушыларға стикер таратылады. Сол стикерлерді қажет бөлікке жапсырады .Чемодан - алған ақпарат маған қажет, қоқыс шелегі - алған мағлұматтар маған қажет емес, еттартқыш - түсінбеген жерлерім көп, тағы да іздену керек).

VIIІ. Оқушыларды бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Вьюшкова Е.А., Н.В.Параскун, Әбенов Б.Қ. «Информатика», «Арман-ПВ»,Алматы, 2014

  2. 6 сыныпқа арналған «Информатика» электрондық оқулығы

  3. infourok.ru

  4. metod-kopilka.ru



© 2010-2022