Открытый урок Озық ойлы дарындылар

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8 А,Ә Күні----------------


Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы дарындылар»
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл - ойын жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтастыру, сұрақ - жауап, ойын элементтері, баяндау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, таратпа қағаздар, суреттер
Сабақтың барысы:

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Озық ойлы дарындылар» сайысымызға қош келдіңіздер!


Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар - дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.


«Озық ойлы дарындылар» сайысына 8 «а және ә» сыныптарынан құралған «Процессор» және «Пернетақта» атты 2 команда қатысады. Сайыс 8 турдан бойынша өткізіледі.
І. тур. «Ойлан тап!» сұрақ -жауап
ІІ. тур. «Үздік оператор» мәтін теру
ІІІ. тур. «Адасқан әріптер»
ІV. тур. «Үздік қылқалам» сурет салу
V. тур. «Дешифратор» топбасшылар сайысы
VІ. тур. «Сахналық көрініс» актерлық шеберлік
VІІ. тур. «Жұмбақтар» сұрақ - жауап

VІІІ. Тур. «Постер қорғау»

Информатиканың сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді - дей отырып, топтың білім мен тапқырлығына баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.

4.

Ендеше 8 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Озық ойлы дарындылар» сайысын бастайық.
2 топ оқушыларын ортаға шақырамыз. 2 топ мүшелері өздерін таныстырып өтеді. Өз есімдерінің 1-ші әрпіне информатика терминін сәйкестендіреді.


2 топ бір-біріне сәттілік тілейді.Топ басшысын сайлайды.

І. кезең. «Ойлан тап!» сұрақ жауап бөлімі. Бұл бөлімде 2 топқа сұрақ бірдей қойылады. Қай топтың мүшелері бірінші болып қол көтереді, сол топ сұрақтардың жауабын береді. Егер сұрақтың жауабынан қателессе онда келесі топтарға жауап беруге мүмкіншілік бар. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1. Компьютердің құрамы........
2. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда болған? (IXғасыр, Әл - Хорезми)
3. Алгоритм түрлерін ата?
4. Информатиканың атасы кім?
5. MS Word программасына кіру жолдары?

6. MS Word программасының терезесі?

7. Меню қатарын ата?

8. Компьютерлік графика дегеніміз не?

9. Компьютерлік графиканың түрлері?

10. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?

11. Ең алғашқы программист кім?

12. MS Excel қандай программа?

13. MS Excel- де неше баған бар?

14. MS Excel- де неше қатар бар?

15. Ұяшық дегеніміз не?

16. MS Excel- де құжатты сақтау?

17. Вирус дегеніміз не?

18. Вирусқа қарсы программа?


Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз?

ІІ. кезең. «Үздік оператор»

2 топта 1 оқушыдан шығып, мәтін теріп жарысады.

Бұл турда оқушылар берілген мәтінді 3 минуттың ішінде компьютерге жазып болуы тиіс бірінші аяқтаған командаға жоғары 10 ұпай беріледі:


1-тапсырма. MS Word мәтіндік редакторында төмендегі өлең жолдарын жазып, қалаған түсіңізге бояңыз.

Екі жол бар

Жақсылыққа жетем десең, қолыңда,

Бар жақсылық жақсы адамның жолында.

Жаман болып тумайды ешкім анадан,

Жаман адам қайдан шыққан соңында?

Соны ойла да өзіңе-өзің есеп бер,

Көктем - өмір, көкөрім бәйшешектер,

Екі жол бар жағаласып жататын

Жақсылыққа апаратын жетекке ер.

Қ.Әбілдақызы

Мың бұралған «Ерке» тобының қыздарын сахнаға шақырамыз. Қыздардың орындауында «Ұлытау түрік» биі.
Бұл жарыс біткен жоқ кетпейік,
Келесі бөлімге беттейік.
Бәріміз бірігіп, бас қосып,
Адасқан әріпті реттейік.

ІІІ. кезең. «Адасқан әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі(ал орындау уақыты 1минут) Топтарға 6 сұрақтан берілген.
«Процессор» тобы
1. РЕТЬЮПОМК - компьютер
2. ВРЕДАЙР - драйвер
3. ДЕМОМ - модем
4. ЛАЙФ - файл
5. РОТИНОМ - монитор
6. АТЕКИСД - дискета
«Пернетақта» тобы
1. НИРПЕРТ - принтер
2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер
3. КРАСЕН - сканер
4. АНИШ - шина
5. СОРЕСЦПРО - процессор
6. ТОРП - порт



ІV. кезең. «Үздік қылқалам»

2 топта 1 оқушыдан шығып, сурет салып жарысады. Суретті уақытында салған оқушыға 10 ұпай беріледі.

Открытый урок Озық ойлы дарындылар

«Ерке» тобының қыздарын сахнаға шақырамыз. Қыздардың орындауында «Ұйғыр» биі.

«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, сайысымыздың келесі кезеңіне көшеміз



V. кезең. «Дешифратор». Ойынның шарты: Топ басшыларына15 сұрақтан қойылады. Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 1 ұпай деп саналады.
І топ: 1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)

ІІ топ:
1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

Енді келесі VІ кезеңіміз «Сахналық көрініс» . Көріністі нақышына келтіріп орындаған топқа 10 ұпай беріледі.

І топқа Амандасу түрлері:

  1. 1. Қуанышты амандасу

  2. Жылап амандасу

  3. Орысша амандасу

  4. Қытайша амандасу

  5. Ағылшынша амандасу

  6. Қазақша амандасу

  7. Қарапайым амандасу

  8. Өзбекше амандасу

  9. Өкпелеп амандасу

ІІ топ оқушыларына мектептегі алғашқы махаббат кезінен көрініс көрсету.


VІІ. кезең. «Жұмбақтар» сұрағы. Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын (тышқан - мышка - mouse)

  1. Қанша тетік тізілген
    Саусағыңды сезінген
    Барлық сенің ойыңды
    Компьютерге енгізген (пернетақта - клавиатура - keyboard)

  2. Компьютермен енеді,
    Қағазға басып береді. (басып шығарғыш - принтер - printer )

  3. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер - курсор - mouse pointer)

  1. Өзі темір, жаны жоқ.
    Ақпаратты сақтап таратқан,
    Жұртты өзіне қаратқан. (компьютер - компьютер - computer)

  2. Барлық сурет, мәтінді
    Компьютерге енгізген
    Керек емес жерін де
    Компьютерден өшірген (мәтіналғы - сканер - scanner)



VІІІ. кезең. «Постер қорғау» 2 топ оқушылары MS Word, MS Excel терезесін құрастырады. 5 минут уақыт беріледі.

Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Осымен «Озық ойлы дарындылар» атты сайсын «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды аяқтаймыз.


Жеңімпаздар құттықталады! Келесі кездескенше сау болыңыздар!





© 2010-2022