Райнт редакторында жұмыс істеу

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында сурет салу.   Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушылардың сурет салу редакторында жұмыс істеу  шеберліктерін, редактордың мүмкіндіктерін бақылап, деңгей бойынша бағалау. Дамытушылық:Редактордың  тиімділіктерін пайдаланып,  өз-өздерін бағалауға үйрету. Оқушылардың білімге құштарлық қабілетін арттыру, компьютердің жұмысы туралы білігін арттыру. Тәрбиелік: Тәрбиелілікке, сабырлыққа, әдемілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Жауапкершілікке, іскерлікке, бі...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында сурет салу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың сурет салу редакторында жұмыс істеу шеберліктерін, редактордың мүмкіндіктерін бақылап, деңгей бойынша бағалау.

Дамытушылық:Редактордың тиімділіктерін пайдаланып, өз-өздерін бағалауға үйрету. Оқушылардың білімге құштарлық қабілетін арттыру, компьютердің жұмысы туралы білігін арттыру.

Тәрбиелік: Тәрбиелілікке, сабырлыққа, әдемілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Жауапкершілікке, іскерлікке, білімділікке, өз беттерімен жұмыстануға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Компьютер, практикалық жұмысқа арналған кеспелі таратпа, POWER POINT бағдарламасында дайындалған слайд, тест картатекасы. Бағалау житоны (көк ,сары, қызыл) т.б.

Сабақтың түрі: Деңгейлеп оқыту.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ.

Білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:

-графикалық редактор деген не және ол не үшін

қолданылатынын;

  • Paint редакторының терезесі неден тұратынын;

  • Әр құрал саймандардың қызметін;

  • Басқа да мүмкіндіктерін;

Оқушылар үйренуі тиіс:

-графикалық редакцияны іске қосуды;

-Сурет салу және оларды редакциялауды;

-Басқа да мүмкіндіктері.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезең .

Сынып бөлмесіне енген оқушылармен сәлемдесіп, қауіпсіздік ережені ескерте отырып назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге жұмбақ жасырып келу болатын және оның жауабы суретпен салыну керек .

ІІІ.Өтілген сабақтарды қайталау.

  1. « Сиқырлы сандар»

Балалар біз «Сиқырлы сандар» ашып көрмесек сабақта практикалық жұмысқа бара алмаймыз.

1.Бақылау сұрақтары: Деңгейлік сұрақтар.

(дұрыс жауапқа житон беріледі )




  1. Paint графикалық редакторының іске қосу жолы.

-Пуск-программы-стандартные- ГР.Paint

2. Paint графикалық редакторы не үшін қажет?

-Paint графикалық редакторы графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.

3. Paint терезе элементтерін ата?

- Терезе тақырыбы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, жұмыс аймағы, түстер политрасы, қалып-күй қатары.

4. Меню жолын ата.

-файл, правка, вид, рисунк, политра, справка.

5. Paint-та қанша құрал-сайман бар.

-16.

6. Paint-та салынған сурет қалай сақталады.

-1. Файл-сохранить как,

2. Файл сохранить.

7. Түстер палитрасы туралы айтып бер.

Фон түсі, сурет түсін көрсетеді

8. Сүретке мәтін жазу үшін қолданылатын құрал?

Райнт редакторында жұмыс істеубатырмасының қолданылуы туралы айтады.

9. Paint графикалық редакторының файл кеңейтпесі қандай?

-.bmp.

10.Paint графикалық редакторының қандай командаларын білесіңдер?

Орындатпау командасы, кері қайтару командасы, суретті сақтау командасы

2.«Кім суретші»

Жұмбақтардың шешімін тауып суретін салу.

1.Өзгертпейді түр -түсін,

Қымбат әр кеө жұрт үшін / Шырша /

2.Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. / Аяз /

3.Бір көзңм «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.,

Бір көзім «абайла» дейді,

«Қарап ал маңайға» дейді. / Бағдаршам /

Оқушылар сурет салады. Файлға ат қояды .Сақтайды.

3.«Кім шапшаң»

Белгілі тақырыпта суретті бояу . Суретке ат қою. Деңгейлеріне байланысты суреттері бар таратпалар беріледі. Оқушылар әдемі етіп бояулары тиіс.

«Шырша», «Жаңа жыл-2011», «Аяз ата» т.б.

Райнт редакторында жұмыс істеу

Райнт редакторында жұмыс істеуРайнт редакторында жұмыс істеу4. «Демалыс сәті» «Жаңа жыл » әні нің әуенімен жаттығулар жасау.

5.Тест тапсырмасы.

  1. Paint программасының қай түріне жатады?

А.Қолданбалы Ә.жүйелік Б.Стандартты

2. Paint..............

А.операциялық жүйе Ә.ойын Б.графикалық редактор

3. Paint редакторын іске қосу.

А.Пуск- программы-проводник--- Paint.

Ә. Пуск- программы- Paint.

Б. Пуск- программы-стандартные -- Paint.

4. Файл, правка, вид, рисунк, политра, справка

А.Стандартты панел Ә.Меню жолы Б.Құралдар тақтасы

5. Команданы қайталау.

А.Правка - Повторить Ә.Правка -Отменить Б.Правка-Вставить

6. «Ақпараттық диктант»

1.Компьютерлік өшіргіш (ластик)

2.Экранды бірден тазарту іс-әрекеті. (Правка-очистит)

3.Экранда жоқ саймандардың тақтасын орнату іс әрекеті. (вид-панель инструментов)

4.Түстер (палитра)

5.WINDOWS операциялық жүйесін ойлап тапқан фирманың аты (Microsoft)

Жауабы оқылады оқушылар өздеріне дәптерге дұрыс +, қатеге - қояды .

ІҮ. Қорытындылау. Бағалау. Оқушылардың житондарын есептеп бағалаймын. Үйге тапсырма: « Жаңа жылда көшені безендіру» тақырыпта сурет салу.

Тақтадағы сөзжұмбақты бірігіп шешелік.Рахмет сау болыңыз.


© 2010-2022