Компьютер дегеніміз не? тақырыбына дәріс

  «Компьютер» сөзі «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Мәліметтерді өндеуді соның ішінде есептеулерді автоматтандыру қажеттігі бұрында-ақ туындаған. Мындаған жылдар бұрын есеп таяқшалары, майда тастар пайдаланылатын. 1500 жылдан астам уақыт бұрын есептеулерді оңайлату үшін есеп шеттары қолданыла бастады.   Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық – бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.   Есеп...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ДӘРІС №2

Тақырыбы: Компьютер дегеніміз не?

«Компьютер» сөзі «есептеуіш», яғни есептеуге арналған құрылғы дегенді білдіреді. Мәліметтерді өндеуді соның ішінде есептеулерді автоматтандыру қажеттігі бұрында-ақ туындаған. Мындаған жылдар бұрын есеп таяқшалары, майда тастар пайдаланылатын. 1500 жылдан астам уақыт бұрын есептеулерді оңайлату үшін есеп шеттары қолданыла бастады.

Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық - бағдарлама бойынша жүргізуге мүмкіндік береді.

Есептеу техникасының қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының дүниегекелуінен бастап қаланды.

Қазіргі таңдағы көптеген ЭЕМ (электронды есептеуіш машиналар) қатарынан мынадай негізгі кластарды бөліп қарастыруға болады:

1) Суперкомпьютер. 2) Мейнфреймдер 3) Серверлер 4) Дербес компьютерлер

Қазіргі кезде суперкомпьютер деп - аса үлкен есептеуіш қуаты бар компьютерлер аталады. Бұндай компьютерлер недәуір қарқынды есептеулерді қажет ететін қосымшалармен жұмыс істеу үшін қолданылады (мысалы: ауа райын болжау, ядролық сынақтар үлгісін жасау және т.б.).

Мейнфрейм - бұл «үлкен әмбебап ЭЕМ» ұғымының баламасы. Ғылыми-техникалық міндеттерді шешуге арналған және күрделі, әрі қымбат машиналар болып табылады.

Сервер - бұл бір мезгілде оңдаған, тіпті жүздеген адам жұмыс істей алатын компьютер. Мәліметтер базаларын және транзакцияны рәсімдеуді, ірі баспа жүйелерін, желілік қосымшаларды басқару, бағдарламалық жасақтама әзірлеу және кескіндерді өндеу үшін қолданылады.

Компьютерлер буындары :

- бірінші буын - шамдық есептеуіш машиналар;

- екінші буын - транзисторлы ЭЕМ;

- үшінші буын - интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ;

- төртінші буын - үлкен интегралды сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ;

- бесінші буын - аса үлкен интеграциялық деңгейлі сызбалар пайдаланылатын ЭЕМ.

Жаппай пайдаланудағы тұңғыш компьютерді 1981 жылы IBM фирмасы ұсынды. IBM конструкторларының сәтті технологиялық шешімдері мен Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтары арқасында компьютер жаппай пайдалануға лайықталып, IBM PC стандарты пайда болды. IBM сәйкестендірілетін дербес компьютерлермен қатар Apple фирмасы ұсынатын компьютерлер әлемі де бар. Компьютер - Қазіргі заманғы компьютер - бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өндеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.

Құрылысы бойынша компьютерлер бірнеше түрлі болады:

Үстел үстінде тұратын компьютер - DeskTop

Үстел үстінде тұратын ұшқыр компьютер - DeskNot

Ұшқыр компьютерлер - NoteBook

Қалтаға сыятын - PocketPC және алақанға сыятын PlamPC

Смартфондар - SmartPhone және коммуникаторлар.

Қазіргі таңда компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар әзірленеді, суреттер, кинофильмдер, музыка жасалады, заводтар мен ғарыштық кемелерді басқару жүзеге асырылады және т.б.

Компьютер адам пайдаланатын ақпараттың барлық трлерін өңдеуге арналған әмбебап құралға айналып отыр.

Ақпараттың өлшем бірліктері.

Қазіргі заманғы компьютерлер ақпараттың бес түрімен жұмыс істей алады:

- сандық ақпарат (сандар);

- мәтіндік ақпарат (әріптер, сөздер, мәтідер);

- графикалық ақпарат (суреттер, сызбалар);

- дыбыстық ақпарат (музыка, дауыс, дыбыстар);

- бейнеақпарат (бейнефильмдер, мультипликациялық фильмдер, кинофильмдер);

Ақпараттың осы бес түрі бір сөзбен мультимедиа деп аталады. Егер компьютер осы бес түрлі ақпаратпен жұмыс істеуге қабілетті болса, оны мультимедиалық деп атайды. Егер компьютерлік бағдарлама ақпараттың осы бес түрін де пайдаланатын болса, ол мультимедиалық деп аталады.

Компьютердегі ақпарат бірлігі бір бит, яғни екілік разряд болып табылады, ол 0 немесе 1 мәндерін қабылдай алады ( «иә» және «жоқ», «+» және «­­-», «сигнал бар» және «сигнал жоқ» ). Компьютерлер екілік есептеу жүйесінде жұмыс істейді, өйткені осылай еткенде олардың құрылысы едәуір қарапайым болып шығады.

Әдетте компьютерлердің бұйрықтары жекеленген биттермен емес, бірден сегіз битпен жмыс істейді Тізбекті сегіз бит байтты байтты құрайды. Бір байтта 256 мүмкін символдың біреуінің мәнін кодпен жазуға болады (256-28).


© 2010-2022