«Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оларды тың материалдармен қамтамасыз ету мұғалімнің міндеті, сол себепті бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық ойындарын: көкпар, қыз қуу, асық, тоғызқұмалақ, бәйге, аударыспақ, ақ сүйек, тоғыз құмалақ және тағы басқа ойындарды насихаттай келе, Paint графикалық редакторында көркемдеп сурет салуға машықтандыру, балалардың бойына ұлттық сананы сіңіру. Ал ұлттық ойындар-ғасырлар бойы өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу құралы ретінде қолданға...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында«Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында

«Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында

Гүлжанар Карибасова,

К. Нұрбаев атындағы Ақсуат

орта мектебінің информатика

пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың сурет салу редакторында жұмыс істеу шеберліктерін, логикалық ойлау және елестету қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін арттыру. Графикалық редакторда сурет салу құралдары жөніндегі алған білімдерін жинақтау.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденпаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың білімін кеңейтіп, компьютерде жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шындау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту.

Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, тарих.

Керекті құрал-жабдықтар: желіге қосылған компьютерлер, интерактивті тақта, суреттер, асықтар, стикерлер, плакат,маркер.

Сабақтың түрі: практикалық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Шаттық шеңбері

ә) «Бәйге» сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімін тексеру.

1.Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

2. Құралдар тақтасында қанша құрал бар?

3. Paint файлға қандай кеңейтуді автоматты түрде меншіктейді?

4. Paint графиктік редакторы қандай программалар қатарына жатады?

5.Суретті сақтау командасы қалай орындалыды?

6.Сақталған суреттерді ашу командасы қалай орындалады?

7.Түстер палитрасында неше түс бар?

8.Shift батырмасын пайдаланып үзіндімен қандай әрекет жасауға болады?

9. Суретті тұсқағаз ретінде пайдалану үшін, қандай команданы орындау керек?

10.Суретті басып шығару үшін, қандай команданы орындау керек?

Сабақтың барысында әр дұрыс жауапқа және тапсырмаға бір асықтан берілу арқылы бағаланады.

б) Топқа бөлу. Алдымен сыныпты қазақтың ұлттық ойындары бар суреттері бойынша үш топқа бөліп, әр топ плакатқа қазақтың қандай ұлттық ойындарын білетіндерін жазып шығады. Әр топ кезек пен кезек ойын түрлеріне тоқталып өтеді. Оқушылардың берген мәліметтерін толықтыру мақсатында электронды тақтада ұлттық ойындар жөніндегі слайдтағы ақпараттарға шолу жасап, түсіндіре кету.

2. Практикалық жұмыс.

1-тапсырма.

Әр топ флипчарттан ұяшықтарды тандау арқылы тапсырмаларын алып, бір оқушыдан шығып, рет ретімен интерактивті тақтада қаламның көмегімен қолды алмай мына тапсырмаларды орындайды.

  1. топтың тапсырмасы: асықтың суретін сал.

  2. топтың тапсырмасы: бәйгенің суретін сал.

  3. топтың тапсырмасы: ақ сүйектің суретін сал.

2-тапсырма.

Бұл тапсырма компьютерде орындалады, әр топ тапсырмалар жазылған стикерлерін алып, «Қыз қуу», «Көкпар», «Алты бақан» суреттерін көркем қылып салып, принтерден басып шығарады. Салған суреттерін қорғап, Paint-тың қандай құралдарын пайдаланғандары туралы айтып өтеді.

3. Сергіту сәті. Асық ойыны.

Сабақтан көрініс, асық қырларымен таныстыру.Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Асық ойнау үшін керекті құралдың ең негізгісі - сақа. Әдетте оны үлкен оңқай асықтан шіге жағынан қорғасын құйып ауырлатып, тәйке жақ табанын, шіге жақ бетін тегістеп, оң қолға ұстап асық атуға ыңғайлап жасайды. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды. Бір-біріне қарсы екі бала не бірнеше бала екі топқа бөлініп ойнаулары мүмкін. Ойынның негізгі шарты бір-бірінен асық ұту. Асық ойынының үштабан және алтыатар деп аталатын өте кең тараған түрлері болған Үштабан ойнау үшін тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір бірден арасын сиректеу етіп кеней тігеді.Содан соң ойнаушы балалардың барлығының сақаларын біреуі жиып иіреді. Кімнің сақасы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сақасымен тігулі кенейді атып, үштабаннан артықтау жерге жіберуі керек үш табаннан кем, я болмаса сақасы кенейге тимей кетсе, ойынды сақасы шыққан келесі ойыншы бастайды. Ойын көндегі кенейді ұтып біткенше созылады. Сонымен қатар оқушылардан асықты үйіртіп, жатқан асықтардың қырларын атауларын сұрап, алдағы уақытта есте сақтауларын және асық жинап жүрулерін өтіндім. «Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында «Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында «Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында

3-тапсырма.

Келесі тапсырма компьютерде Paint графикалық редакторының құрал-саймандарын дұрыс пайдалана біліп және командалардың барлық мүмкіндіктерін қолданып орындаулары қажет.«Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында

  1. топтың тапсырмасы: асықтың барлық қырларының суретін салып, аттарын жаз.

1-алшы, 2-тәйке, 3-бүге,

4-шіге, 5-оңқай, 6-солақай,

7-омпы, 8-шоңқай



  1. топтың тапсырмасы: ақ сүйектің бір суретін салып, оны көбейтіп пирамида тәрізді орналастыр. Жиыны 15 ақ сүйек болсын. Әр қатар әр-түрлі түске боялсын.«Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында



  1. топтың тапсырмасы: жарыс алаңында бәйге аттарының мәреге тақап қалған 10-15 шақты бәйге сәйгүліктерін суреттеп сал. (Бәйге аттарының бірнеше атауларын жаз. Мысалы: Құлагер, Еркежирен...)«Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында



  1. Тапсырма. Топпен жұмыс, әр топ мүшелері карточкаларды таңдап «Сөзжұмбақты» шешеді.

Асық:

  1. ... суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді.

  2. ... шеңбер, дөңгелек тағы не салуға арналған.

  3. Суретті қағазға ...

  4. ... кез келген сызықты әр-түрлі жуандықта сызуға арналған.

Бәйге:

  1. ...суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.

  2. ...файл, правка қайда орналасқан.

  3. ... қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.

  4. ... бұрышатыры тік емес.

  5. Растянуть\наклонить командасы арқылы үзіндіні созуға және горизонталь немесе вертикаль остеріне қатысты ... болады.

Ақсүйек:

  1. ... әр-түрлі графикалық кескіндерді салуға редакциялауға мүмкіндік береді.

  2. ... бірнеше өлшемде сурет салуға болады.

  3. Линия қазақша...

  4. Қолмен су сепкендей бояудың тағы бір түрі...

  5. ... экранда маустың нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау.

  6. Эллипс тағы қандай фигура салуға болады?

  7. Рамка, жақтау...










1.

А





2


С






3

Ы







4

Қ












1

Б






2

Ә




4



3

Й







Г





5



Е














1

А







2

Қ







3

С






4

Ү




5




Й






6

Е






7

К



Қорытынды: бүгінгі практикалық сабағымызда оқушылар өздері әр топтың жұмысын бағалап, «Шебер қылқаламды» жеңген топқа тапсырады.

Бұл жүлдеге ең көп асық жинаған топ ие болады. Сабақты қорыдындылап, үйге тапсырма беру. Үйде тоғыз құмалақтың тақтасын салу. Қорыта айтанда, қазақтың ұлттық ойындары балалардың ой өрісін кеңейтіп, білім алу процессінде көп септігін тигізеді. Алайда қазіргі таңда олардың орынын компьютерлік ойындар басты. Неге біздің ойындарды да электронды түрге аудармасқа. Бір жағынан оқушы өзінің тарихын есінде сақтайды, екіншіден заманынан қалмай, жүйелі түрде өз біліктілігін дамытады.





© 2010-2022