Информатика Массивтер 9 сыныпқа арналған

                    9 «А»      ______  Сабақтың тақырыбы: Массивтер.   Жаңа сабақ Кестелер 1. Алгоритм құру, программа жазу барысында оған қатысатын кең тараған негізгі обектілердің бірі кестелер. Оның мысалдары: Натурал сандар тізімі  1,2,3,...,N    жазылуы    N[1..N] Нақты сандар     2, 3.5,  -7,11, 0, 91,  0,  9,  -75,  0,...,0.005        NC[1..N] Оқу орындары    мектеп, лицей, колледж, университет,..., магистратура ok[1..n] Бұл мысалдарда тізімде кілең біртекті элементтер жазылған. Асты сызы...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Информатика 9 «А» ______________

Сабақтың тақырыбы: Массивтер.

Сабақтың мақсаты

Білімділігі

Дамытушылығы

Тәрбиелігі

Оқушыларға кестелік шамалар, алгоритмдегі кестелік шамаларды Паскалда программалау жолы мен әдісдері туралы түсінік қалыптастыру. ARRAY операторы арқылы программалауды үйрену, пысықтау. Бір және екіөлшемді жиымдар туралы ұғым қалыптастыру.

Программаны математикалық модел құру арқылы сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Жиым элементі, элементті берілген қасиеті бойынша іздеу, сұрыптау туралы түсініктер қалыптастыру. Есептерге программалар жазып компьютерде орындау.

Оқушыларды программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың өту әдісі:

Cөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:

ДК, программа Pascal, тест

Кілттік сөздер:

информатика, массив, массив элементі, массив аты, массив индексі, компьютерде тапсырма орындау, Pascal программасында тапсырма.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Сабақ сұрау

3) Жаңа сабақ

4) Практикалық жұмыс

5) Тапсырма орындау

6) Сабақты бекіту

7) Үйге тапсырма

8) Қорытынды

Үй жұмысы: Циклдің ілесу шарты. Repeat операторы.

Жаңа сабақ

Кестелер

1. Алгоритм құру, программа жазу барысында оған қатысатын кең тараған негізгі обектілердің бірі кестелер. Оның мысалдары:

Натурал сандар тізімі 1,2,3,...,N жазылуы N[1..N]

Нақты сандар 2, 3.5, -7,11, 0, 91, 0, 9, -75, 0,...,0.005 NC[1..N]

Оқу орындары мектеп, лицей, колледж, университет,..., магистратура ok[1..n]

Бұл мысалдарда тізімде кілең біртекті элементтер жазылған. Асты сызылған сөздер тізбектік атауларын береді. Атауды латын әріптер тізбегімен де көрсетуге болады.

Нақты сандар кестесін қарастырайық.

i

1

2

3

4

5

6

7

8

n

nc[i]

2

3.5

-7.1

0

91

-75

0

0.05

8.8

-9.81

мұндағы nc[i] -жиым элементі, і - жиым элементерінің реттік нөмірі, оны индекс деп те атайды.

Мысалы: nc[2] =>3.5,

nc[4..6] =>{0, 91, -75}

Кестенің (массивтің) екі түрі бар:

Сызытық кесте - элементтері бірінен кейін-бірі (жол бойында) немесе бір-бірінің астына (баған бойына) орналасады. (математикадағы прогрессиялар, оқушылар тізімі...)

Тік төртбұрышты кесте- элементтері баған мен жолдың қиылысында ұяшықтарда орналасады. (көбейту кестесі, сабақ кестесі

Информатика Массивтер 9 сыныпқа арналған

Жиым - бұл бір атаумен (жиым идентификаторы) белгіленіп біріктірілген біртекті элементтер жиыны. Жиымдардың негізгі параметрлеріне оның типі (сандық,символдық,логикалық), өлшемі (бірөлшемді,екіөлшемді т.с.с) және көлемі (жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны) жатады.

Жиымды сипаттау үшін array of сөз тіркесі қолданылады.

Оның жазылу пішімі:

type <тип аты> = array[<индекс типі>] of <элемент типі>;

var <идентификатор, ...> : <тип аты>;

мұндағы array (жиым),of (-дан,-ден,-тан,-тен)-түйінді сөздер;

[<индекс типі>]-real, integer базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын, логикалық және литерлік типтер пайданылады; <элемент типі> - құраушылар (элементтер) типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын жиым элементтерінің типі.

Жиым элементтеріне қол жеткізу үшін оның индексі пайдаланылады. Индекс элементтің қай жерде тұрғанын анықтайды. Индекс өрнек, айнымалы немесе тұрақты түрінде берілуі мүмкін.

Жиым типтер бөлігінде көрсетілмей, бірден айнымалылар бөлігінде былай да анықтала береді:

var <идентификатор,…>:array [< индекс типі>] of

[< элемент типі>];

Информатика Массивтер 9 сыныпқа арналған Информатика Массивтер 9 сыныпқа арналған

Мысалдар:

type

Klass =(K1,K2,K3,K4);

Znak =array[1..255] of char;

Var

M1:Znak; {Znak типі типтер бөлігінде анықталған}

M2:array [1..60] of integer;{М2 жиымын тікелей сипаттау}

M3:array[1..4]of Klass;

Mas:array [1..4] of integer;

Lit:array [char] of real;

Ogr:array [5..15] of char;

Bol:array[boolean] of integer;

A:array[1..5] of real;

Aj:array[қаңтар,...,желтоқсан] of integer;

Практикалық жұмыс:

І. Х массивіне байланысты сұрақтарға жауап беру.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

-5

6


-3

4

9


7

3

1. Массив аты______________________________________

2. Массивтің сипаттаңдар _____________________________________________________

3. Массивтің жұп элементтері номера ___________________________________

4. х[3]= х[1]+х[8] __________________________________

5. х[7]= sqrt(х[6]) __________________________________

6. Массивтің тақ элементтері номера ______________________________________

Информатика Массивтер 9 сыныпқа арналғанИнформатика Массивтер 9 сыныпқа арналғанИнформатика Массивтер 9 сыныпқа арналған

Есеп 1: 5 бүтін саннан тұратын тізбектің арифметикалық ортасын табатын программа құралық.

PROGRAM ORTA;

Var

X:array [1..5] of integer; {массивті сипаттау}

I:integer;

S:real;

Begin

S:=0;

Writeln('бос орын арқылы 5 сан енгізіңдер:');

For i:=1 to 5 do

Begin

Read(x[i]); {массив элементтерін енгізу}

S:=s+x[i]; {массив эл-нің қосындысын есептеу}

End;

S:=s/5; {арифметикалық ортасын есептеу}

Writeln('s=',s:5:2); {нәтижені баспаға шығару}

End.

Бекітуге: Бақылау сұрақтарын қоямын

  1. Жиым деп нені айтады?

  2. Паскаль тіліндежиымдар қалай сипатталады?

  3. Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?

  4. Индекс дегеніміз не?

  5. Жиым элементтері мен индекстренінің типтері қандай болуы тиіс?

Үйге тапсырма: 5.4 №2 есеп



© 2010-2022