Компьютердің сыртқы құрылымы (7 сынып)

Компьютер  сыртқы   құрылымы .  Енгізу - шығару  құрылғылары .  Монитор . Пернетақтамен танысу . Енгізу -  шығару  құрылғыларына  шолу  жасау ,  монитор .  Пернетақта  артқаратын жұмысты  білу. Компьютер   сыртқы құрылымын  білу . Пернетақта  мен  монитор  туралы  білімдерін  көтеру. Интерактивті  тақтамен,  оқулықпен  жұмыс,  компьютермен  жұмыс,    мәтін жазылған  карточкалар. «Enter»,  «Delete»,  «Esc»,  «Бос орын»   пернетақтаның  арнайы  пернелері . 
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте №3


Сыныбы 7а

Күні 24.10.12.

Сабақтыңтақырыбы

Компьютер сыртқы құрылымы . Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақтамен танысу.

Мақсаты

Енгізу-шығару құрылғыларына шолу жасау,монитор. Пернетақта артқаратын жұмысты білу.

Күтілетін нәтижелер

Компьютер сыртқы құрылымын білуі. Пернетақта мен монитор туралы білімдерін көтеру.

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақтамен, оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс, мәтін жазылған карточкалар

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімәрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

2 мин

Амандасу.

«Enter», «Delete», «Esc», «Бос орын» пернетақтаның арнайы пернелеріне топтарға бөлемін.

Амандасады.

Топқа бөлінеді.

«Enter», «Delete», «Esc», «Бос орын»болып 4 топқа бөлінеді.

Тұсаукесер

10 мин

Сұрақ жауап арқылы оқушыларың қызығушылығын ояту.

1.Процессор дегеніміз не?

2. Жүйелік блок қандай құрылғылардан тұрады?

3.Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар?

Бағалау критерий парағын таратамын

Аты -жөні

Үй тапсырма сының сұрақтарына жауап

Жаңа тарқырып бойынша сабаққа қатысы

Берілген мәтінді уақытында орындауы

Қорытынды


Оқушы


Көршісі


Мұғалім


Ойланады, айтады, пікірлерін бөліседі, сұрақтарға жауап береді.

1.Компьютердің ең басты бөлігі. Компьютердің -«миы»

2. Жүйелік блоктың ішінде аналық (жүйелік) плата (тақташа), порцессор, қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы көптеген басқа құрылғылар бар.

3. Жүйелік блок, монитор, пернетақта.

Негізгі бөлім

5+2+12


Топтарға тақырыптар бөлініп беріледі. Топ арасында оқиды. Топ арасында талдайды. Содан соң «өкіл» әдісі арқылы бір оқушы әр топтарға барады.

Тапсырмаларын анықтап алады.

Белсенді оқиды, түсінеді, талдайды, ақпарат алады.

Әр топтан бір өкіл тағайындайды.

Өкіл әр топқа барып тапсырмасы бойынша баяндайды. Уақыт аяқталған соң орындарына келіп қайта талдайды.

Қорытынды

10 мин

«Пилот пен штурман» ойыны.

Оқушыларды ойынның шартымен таныстыру. Оқушылар жұптасып компьютерде мәтін тереді.

Тышқан - қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарды енгізу құрылғысы - Маус манипуляторымен жабдықталған.

Бұдан былай оны тек маус (тышқан ) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол - сұр түсті,тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалганған иілгіш сымы бар қорап.Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын құрылғы.маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.

а) монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не?

б) монитордың түрлерін атаңдар?

в) пернетақтаның қандай блоктары бар?

Сабақ басында дайындалған критерий бойынша бағалау.

Аты -жөні

Үй тапсырма сының сұрақтарына жауап

Жаңа тарқырып бойынша сабаққа қатысы

Берілген мәтінді уақытында орындауы

Қорытынды


Оқушы


Көршісі


Мұғалім


Рефлексия парағы беріледі

Компьютерде жұмыстанды. Мәтінді пилот оқиды да штурман тереді. 5 минут өткен соң штурман мен пилоттың орындар ауысады. Оқушылардың әріптерді теру шапшаңдығы артады. Кейбір білмейтіндерін бір-бірінен сұрайды. Тәтінді бітіруге тырысады. Тышқан туралы мәтінді жазып бітіреді.

Сабақ бойынша сұрақтарға жауап береді.

Бағалау парағын толтырады. Өз-өздерін бағалайды, көршілері бағалайды, мұғалім бағалайды.


Рефлексия парағын толтырады.

Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақты оқушыларды топқа бөлуден бастадым. «Enter», «Delete», «Esc», «Бос орын» пернетақтаның арнайы пернелері арқылы 4 топқа бөлдім. Сұрақтар қою арқылы оқушылардың қызығушылығын ояттым. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар деген кезде оқушылар монитор мен пернетақта туралы айтты міне осы сәтте біздің бүгінгі сабағымыз пернетақта мен монитор туралы оқимыз дедім.

Топтарға тақырыпшалар бөлініп берілді. Оқушылар тегістей белсенді оқыды, мәтінді түсінді, кітаптан ақпарат алады. Топпен бірге талқылады. Топ ішінен «Өкіл» таңдап өзге топтарға барды. Өзге топтарда алған мәліметтерін жеткізеді. Орындарында талқылайды.

Қорытындыда әдеттегідей компьютермен мәтін теріледі. Мәтінді пилот оқиды да штурман тереді. 5 минут өткен соң штурман мен пилоттың орындар ауысады. Оқушылардың мәтін теруде шапшаңдықтары артты. 60 сөзден тұратын мәтін терді.

Сұрақтарға жауап берді. Берген сұрақтардың барлығы жеңіл болды. Келесіде сұрақтарды берген кезде мән беруге тырысамын.

Осы сабақта жұппен жұмыс жасағанның тиімді екенін білдім. Себебі бір - бірінен сұрады. Берген уақытта мәтінді жазып үлгерді. Бағалау парағын өзгертуім керек.

Сабақ бойынша өзгертулер




© 2010-2022