Оқушыларға практикалық жұмысқа берілетін мәтіндер жинағы

Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір-бірінен сонша ерекше болып  тумайды. Оны ақыл-ой, сана-сезім, істеген ісімен ерекше  етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.   Сүйегі жоқ балық болмайтындай, кемшілігі жоқ адам да болмайды. Өз жанына көп үнілген адам өз кемшіліктерін түзете алады, бәрін білемін демейді, көкірек кермейді. Кішкентай адамдарға ұнағың келсе, кішкентай бол! Білімің, лауазымы...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:











MICROSOFT WORD




Оқушыларға практикалық жұмысқа берілетін мәтіндер жинағы


Оқушыларға практикалық жұмысқа берілетін мәтіндер жинағы

Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір-бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл-ой, сана-сезім, істеген ісімен ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Сүйегі жоқ балық болмайтындай, кемшілігі жоқ адам да болмайды. Өз жанына көп үнілген адам өз кемшіліктерін түзете алады, бәрін білемін демейді, көкірек кермейді. Кішкентай адамдарға ұнағың келсе, кішкентай бол! Білімің, лауазымың қанша жоғарласа да кішіпейіл бол, аспанға қарама, адамға қара. Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған.


Адамның асыл қасиеттері

Ұлттың басты байлығы - халықтың асыл қасиеттері «Әкенің баласы болма, адамның баласы бол». Халық үшін еңбек ет. Өзің үшін ғана өмір сүру - озбырлық. Мал үшін таласпа, ар үшін талас. Жасырғаның жоғалады, бергенің оралады. Адамның ең асыл қасиеті - жақсылықта. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Мінің көріп күлгенше, оны айтып түзе. Егер екі адам шын жауласса, екеуі де ақылсыз.


Адалдықтың белгісі

«Арамдыққа құл болма, адал болсаң әлсіздерді қинама. Жақсылыққа жамандық жолмен жетпес болар. Жамандық жамандықпен аяқталар» дейді. «Кішкентай адам тауда тұрса да кішкентай, алып орда тұрса да зор. Жақсы адам жатына да жақындай, жаман адам жақынға да жатындай. Қайырымдылықпен алмағанды қатыгездікпен ала алмайсың». «Жамандықты жақсылықтың атын жамылып істеуге жол жоқ болса, жамандық та дүниеде аз болар еді-ау»-дейді, тауып айтылған сөз емес пе? «Тауды биік демеңдер, талаптансаң шығарсың, жауды мықты демеңдер, ерлік қылсаң жығарсың». Тауымыз алға қойған мақсатымыз, ерлік - соған жеткізетін еңбек емес пе? Бұл жастарымызды еңбек етсін, мақсатына жетсін деп шақырып тұрғандай.



Әділдіктің белгісі:

Әділдік өмірге нандай қажет. Әділдік жоғалған кезде өмірді мәнді, сәнді ететіндей ештеңе қалмайды. Әділдік пен шындыққа қызмет етем деген адам да жалғыздыққа үйрене білуі керек. Адамшершілік қасиетсіз - әділдік жоқ. Дауыс алудың көптігі әділдіктің өлшемі бола алмайды. «Әділдік тілесе атаңның болсын айыбын айт». Адамдарға әділдікті үйрету үшін әлсіздіктің салдарын көрсету қажет. Егер күш пен әділдік біріксе, одан күшті ештеңе болмайды.



Адалдық туралы

Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе, адал бол, асыл қасиет те, асыл мінез де адал адамдарда болады. «Адал арың - ақ мамық жастығың», - дейді халқымыз. Адал адам дегеніміз - жалпының игілігіне өмір сүру, ортақ мүддеге бола жеке мүддені құрбан ету. Адалдық дегеніміз ашық, шынайы қарым-қатынас. Әрқашан ойындағы шындықты айтуға әзір тұр, сонда сұмырайлар да сенен аулақ қашады. Егер өзі алдамшы алаяқ болмаса, ешкім алаяқтармен таныс - біліс болуды сүймейді. Олардан аулақ жүреді. Адал адамды қудалауға болар, бірақ ардан ада етуге болмайды. Адал адам арын сақтай біледі, одан айырылмайды. Әр уақытта адал болыңдар.



Шыншылдық туралы:

Ақылды, парасатты адамнан алдымен күтеріміз - шыншылдық. Шындық дәмі сүйкімсіз, бірақ оның есесіне денсаулықты қалпына кертіретін ащы дәрі сияқты Ақиқатты қадірлемейтін жақыныңнан гөрі, оны ардақтайтын жатыңды сыйла. Тіпті, ұсақ-түйектің өзінде шыншыл болуы керек. Қандау ауыр болса да, тек шындық қана жеңіл, шындық шырағы дауыл соқса да сөнбейді. «Өтіріктің басын жалап жүргеннен, шындықтың уын ішіп өлген жақсы», -дейді. Шындық сәл иілсе де ешқашан сынбайды.

Майдың су бетіне қалқып шығатына сияқты, өтірікті басып-шаншып үстіне шығып, оны әшкере етеді. Шындық қартаймайды., ққашанда сол күйінде тұрады. Көп ұзамай жарыққа шығады. Суайттар мен жалған куәгерлерді мұрттай ұшырады. Шындық тілі тұп-тура және қарапайым. Осы шындық, әсіресе, қазір бізге керек-ақ

Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл-ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір-бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл-ой, сана-сезім, істеген ісімен ерекше етеді. Адамның бір-бірінен айырмашылығы: біреулері нені айтуға, нені істеуге тиіс.




Ұяттылық туралы.

Парасатты адамдардың бойына өздерінің кем-кетік жақтарын сезіну қабілеті туа біткен. Яғни, табиғат бізге сол кем-кетігімізді білу үшін ұялу сезімін берген. Ұят кейде заңдар шектемеген нәрселерді шектейді. Адамдар алдында ұялу - жақсы сезім, бірақ ең жақсысы - өзіңнен өзің ұялу, ұят болар нәрсеге бармау, істемеу. Қызара білу, ұяла білу адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет. Осы тамаша қасиетті кейбір жастарымыз ойына тоқып, бойына сіңіріп, ардақтай білсе, үлгі етсе, қандай жақсы.



Жағымсыз қасиеттер жайында

Ешбір әрекетсіз қарап отыру адамды қажытады. Жалқаулық біздің қабілетімізді дамыту жолындағы ең зор кедергі. Қамсыз - әрекетсіз өмір сүру - мезгілсіз қартаю. Жалқаулық кез келген істі қиындатады, уақытында бітіртпейді. Жалқаулыққа -қас, еңбекке - дос болып өсіңдер, алға ұмтылыңдар. Шынайы қуаныштың бірі - жұмыстан кейінгі демалыс. Демалыс дегеніміз - еңбек әрекеттерін ауыстырып отыру. Босқа қарап отыру - демалыс емес. Адам жаратылысы сондай. Еңбекқор адам, бір жұмысқа кірісу арқылы екіншісінен дем алады да, өмірін солай жалғастырады.



Өзімшілдік жайында

Өзімшілдік - тірі пенденің орасан зор кемістігі. Өзі туралы пғана ойлап, барлық уақытта өз пайдасын ғана іздейтін адам бақытты бола алмайды. Өзің үшін өмір сүргің келсе, өзгелер үшін де өмір сүр, сенің еңбегіңнің нәтижесінде басқаларға да пайда келетін болсын. Өзімшіл адам жападан жалғыз өскен жеміссіз ағаш сияқты қурап қалады.



Сараңдық пен пайдакүнемдік

Пайдакүнемдік адамдардың өзі тойса да, көзі тоймайды. Олардың мақсат тілегі - қайтсем бұдан да гөрі байи түсер екен деген. Егер ол адал еңбек болса сөз басқа, байи берсін, мұқтаждарға көмегін тигізсін.

Кішкентай кездеріңнен - ақ адал ниет, ерінбес еңбекпен өмір сүруге үйреніңдер. Кім еңбегіне қарай, азды қанағат тұта білсе сол - бай.





© 2010-2022