Разработка урока по информатике Диаграмма құру (8 класс)

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сыныбы: 8 «Б»

Күні: _________

Сабақтың тақырыбы: Excel кестелік процессорында формулаларды өңдеу.

Сабақтың мақсаты: Электрондық кестедегі деректерді өңдеуді, формула жазу ережесі, деректер типтері, кестелік есептеуді өңдеу технологиясы туралы білімді қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Деректер жиынтығын жасауды, оны реттеуді, өңдеуді үйренуге бағыт беру.

  2. Топтық, жұптық жұмыс арқылы мүмкіндіктерін игеруді, сын тұрғысынан ойлауға ынталандыру.

  3. Топтық жұмыс барысында оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Қолданылған технологиялар: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақтың түрi: Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сынып ережесі, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, қарлы кесек, әткеншек, БҮҮ.

Сабақта пайдаланатын көрнекi құралдар: интер. тақта, ДК, презентация, таратпа қағаздар, кері байланыс кестесі, ереже парағы.

Пәнаралық байланыс: математика

Күтілетін нәтиже:

Деректер жиынтығын жасауды, оны реттеуді, өңдеуді үйренуі.

Топтық, жұптық жұмыс арқылы ДБ мүмкіндіктерін игерді, сын тұрғысынан ойлауға ынталанды.

Топтық жұмыс барысында оқушылардың көшбасшылық қасиеттері анықталды.












Сабақ барысы:


Кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Сынып ережесі

Топқа бөлу: түрлі - түсті стикерлерге ұяшық (ұ1, ұ 2, ұ3, ұ4), баған (б 1, б2, б3, б4), қатар(қ1, қ2, қ3, қ4) сөздері жазылып, кері байланыс парағына жапсырылады.

Шеңберге тұрып, көршісімен амандасады, содан кейін келесі көршісімен амандасады, қарама - қарсы көршісіне жеткенше.

Оқушылар өздері ереже құрады.

Оқушылар стикерлерді таңдап, үш топқа 4 оқушыдан бөлініп отырады.

Үй тапсырмасын пысықтау.

3 топқа үш сұрақ беріледі. 4-ші топ бақылаушы қызметін атқарады.

Excel кестелік процессоры дегеніміз не? Элементтерін ата?

Excel-де деректер еңгізу, өңдеу қалай орындалады?

Кесте бетінің таңбасын, атын өзгерту, құжатты сақтау әрекеттері қалай орындалады?

Ортақ жауаптар бойынша ең белсенді топ анықталады.

Әр топ өз жауаптарын ортаға салып талқылайды. Стикерде 1, 2, 3 саны жазылған оқушылар үш топқа бөлініп отырады. Ал, 4 саны жазылған оқушылар бақылаушы қызметін сабақтың соңына дейін атқарады.

Бақылаушылар үй тапсырмасына қорытынды жасайды.

Жаңа сабаққа дайындық

Тапсырма: Бес пән бойынша жылдық білім сапасын шығарыңдар.

Сыни ойлай отырып, өздерінің білім сапасын А4 парағына шығарады.

Жаңа сабақ

Интерактивті тақтада: MS Excel кестелік процессорында формулаларды өңдеу тақырыбына толықтыру жүргізіледі.

Алдағы сабаққа дайындық арқылы білімдерін толықтырады.

Жаңа сабақты бекіту

Дербес компьютерде бес пән бойынша жасалған білім сапасын Excel программасында орындау.

Оқушылар теория бөлімінде алған білімдерін практикада толықтырады.

Сабақты қорыту

«Әткеншек» әдісі арқылы оқушылар өздерінің білімдерін тексереді.

Сыртқы шеңбер ішкі шеңберге сұрақ қояды. Ішкі шеңбер жауап береді.

Бағалау

білемін, білдім, білгім келеді. әдісі бойынша өтілген тақырыпты талдау.

Топтарды формативті бағалау.

Үйге тапсырма:

1. Мәтін мен сан еңгізудің қандай айырмашылығы

бар?

2. Формула қандай математикалық белгімен

басталып еңгізіледі?

3. Автосумма дегеніміз не?

4. В 11 - H 18 аралығындағы ұяшықтардың қосындысы қалай орындалады?

Кері байланыс парағына білемін, білдім, білгім келеді әдісі бойынша оқушылар өз ойларын жазады. Бақылаушылар өз ойларын жариялайды. Белсенді топты анықтайды. Топ ішінен көшбасшыны анықтайды.



© 2010-2022