Разработка по информатики 8 класс

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 8«Б»

Сабақтың тақырыбы: 9-бөлім. WORD мәтіндік процессоры. 9.1-тақырып. Негізгі түсініктер мен әрекеттер. MICROSOFT WORD-ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру.

9.2-тақырып. Мәтіндік құжатты пішімдеу. Пішімдеу мәні. Пішімдеу режимдері.

9.3-тақырып. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. 9.4-тақырып. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, MICROSOFT WORD-ты іске қосу,мәтіндік құжат құру,емлесін тексеру,мәтіндік құжатты пішімдеу,пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;

Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;

2.Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер,оқулық,практикум.

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы неде ?

  2. Мәтін дегеніміз не ?

  3. Мәтіндік құжат деген не ?

  4. Гипермәтін деген не?

  5. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?

  6. Абзац деген не?

  7. Программалық мәтін дегеніміз не?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру .

9-бөлім. Мәтіндік процессоры. 9.1-тақырып. Негізгі түсініктер мен әрекеттер. Microsoft Word -ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру. 9.3-тақырып. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. 9.4-тақырып. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру.

Microsoft Word-ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет.

Пуск - Программы - Microsoft Word

Жаңа құжат құру - Файл-Создать.

Бұрыннан бар құжатты ашу : Файл- Открыть;

Құжатты сақтау -Файл-Сохранить немесе Файл- Сохранить как командаларын орындау қажет.

Меңзердің сол жағындағы мәтінді өшіру үшін Backspace батырмасын қолданады. Delete батырмасын қолданғанда меңзердің оң жағында орналасқан мәтін өшіріледі. Мәтіндік редокторларда мәтіннің бүтін блоктарын да өшіруге болады. Ол үшін алдымен жоюға тиіс блокты белгілеу керек. Маусттың батырмасын блоктың басында шертіңдер де оны жібермей нұсқағышты блоктың аяғына жылжытыңдар. Немесе Shift батырмасын басулы қалпында ұстап меңзерді басқару батырмасында шертіңдер. Мвәтінді белгілегеннен кейін Delete пернесін басыңдар.

Word құжаты бетімен орын ауыстыруды басқару үшін арнайы пернелер комбинациялары қолданылады. Кестеде құжат бетімен орын ауыстыруды жылдамдату үшін қолданылатын пернелер комбинациясы көрсетілген.

Сонымен қатар құжат бойынша орын ауыстыру үшін сырғытпаны немесе айналдыру жолақтарын қолдануға болады.

Егер айналдыру жолағындағы сырғытпада шертіп оны босатпай жылжытса онда мәтін белгілі бір ара-қашықтықта дейін жылжиды.

Айналдыру жолағының қарайған жеріне шерту арқылы беттер бойынша парақтауға болады.

Word-та құжат көру режимінің бес түрінің бірінде құжатты өндеуге болады. Оларға кәдімгі, электрондық құжат, құрылым, шен салу парағы және бас құжат режимдері жатады. Режимдерді Вид менюі арқылы көруге болады.

Құжат көру режимдерін қосу үшін терезесінің сол жақ бұрышындағы пернелердің біріне шертуге болады. Сол жақ шеттегі перне-Кәдімгі режим, келесі-Электрондық құжат режимі, одан кейінгісі Шен салу парағы режимі шетінде орналасқаны құрылымдылық режимі. Бас құжат режимі Вид менюі арқылы қосылады.

Кәдімгі режим мәтінді енгізу және өңдеу үшін қолданылады. Бұл Word-тың алғашқы келісім бойынша орнатылған режимінде құжаттың жеңілдетілген версиясы ұсынылады. Дегенменен, бұл режимде құжаттың соңғы көрінісін көру, яғни парақтың жолақтары объектілердің бағаналары мен қадамдары көрінбейді, бет үзілімі сызықтар түрінде көрінеді, ал, графикалық объектілер тіптен көрінбейді. Егер сендер құжат көру режимінің басқа режимдеріне ауысатын болсаңдар , онда сендер әрқашанда сол жақ бұрыштағы Обычный пернесін шерту арқылы кәдімге режимге орала аласыңдар. Электаондық құжат режимі экраннан құжатты оқуға ыңғайлы болып табылады және құжат бойымен бәрәнші орыннан екінші орынға оңай ауысуға болады. Бұл режимге Электронный документ пернесін шерту немесе Вид Электронный документ командасы таңдау арқылы қосылуға болады.

Құжат құрылымын өзгерту үшін Құрылымдылық режимі қолданылады. Бұл режимде мәтін иерархиялық түрде бейнеледі, құжаттың тек қана негізгі тақырыптары және толық түрде қарастыруға болады. Сонымен қатар , құжат бөлімдерінің орналасу тәртібін өзгертуге және блоктарын айтарлықтай ара-қашықтыққа ауыстыруға болады. Бұл режимге қосылу үшін Вид Структура командасын орындаңдар.

9.3-тақырып. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу.

Мәтіндік блокты көшіру үшін, ең алдымен оны белгілеңдер, содан кейін пернесін басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оның орнын ауыстырыңдар. Көшіру кезінде ішінде «плюс» Белгісі бар кішкене тікбұрыш пайда болуы тиіс.

Ақпаратты көшіру және орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады.

Правка -Копировать командасы арқылы буферге көшіргеннен кейін Правка -Вставить командасы арқылы буферден қою керек.

Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу.

Үлкен көлемді құжатпен жұмыс жасау барысында құжат беттерін нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка -Номера страниц командасын таңдау қажет.

Құжаттарды басу

Құжатты баспаға жіберместен бұрын Файл - Предварительный просмотр командасын таңдаймыз. Файл - Печать командасын таңдаймыз .

Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдау қажет.

Копии бөлімінде Число копии өрісінде құжаттың қанша данасы қажет екенін тағайындау қажет.

Ұяшықтарды қосу және біріктіру, өшіру.

Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшықтарды белгілеп, Таблица - Обьединить ячейки командасын таңдау қажет.

Ұяшықтарды бөлу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица - разбить ячейки командасын таңдау қажет.

Ұяшықтарды қосу үшін : Таблица - Вставить ячейки командасын таңңдау қажет.

Қатар және баған қосу үшін Таблица - Вставить командасын таңдау қажет.

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?

2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?

3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?

4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?

5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?

6. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?

7. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?

8. Кесте деген не?

9. Кесте құру жолдарын ата?

10.Ұяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?

11. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.

V. Үйге тапсырма беру. 9-бөлім. WORD мәтіндік процессоры. 9.1-тақырып. Негізгі түсініктер мен әрекеттер. MICROSOFT WORD-ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру.

9.2-тақырып. Мәтіндік құжатты пішімдеу. Пішімдеу мәні. Пішімдеу режимдері. (Мазмұндау).

9.3-тақырып. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. 9.4-тақырып. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.

VI. Оқушыларды бағалау.





© 2010-2022