Тақырыбы: PowerPoint терезесінің құрылымы?

Тақырыбы:                         PowerPoint терезесінің құрылымы? Сабақ мақсаты:      а) MS PowerPoint терезесінің құрылымы туралы мағлұмат беру.                                      Б) MS PowerPoint қолдануды дамыту.   В)оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, еңбексүйгіштікке, өз бетімен тапсырманы орындай білуге тәрбиелеу.   Сабақ көрнекілігі:  Тапсырма-карточкалар Сабақ түрі:               Өздік жұмыс жасату Сабақ әдісі:               Практикум элементтерін қолданып, жеке жұ...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:


Күні:


Тақырыбы: PowerPoint терезесінің құрылымы?

Сабақ мақсаты: а) MS PowerPoint терезесінің құрылымы туралы мағлұмат беру.

Б) MS PowerPoint қолдануды дамыту.

В)оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, еңбексүйгіштікке, өз бетімен тапсырманы орындай білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Тапсырма-карточкалар

Сабақ түрі: Өздік жұмыс жасату

Сабақ әдісі: Практикум элементтерін қолданып, жеке жұмыс жасату

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақты карточклара арқылы түсіндіру

Жаңа сабақтың тапсырмаларын тексеру

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәлеметсіңдер ме?

Үйге берген тапсырма MS PowerPoint деген не? Тақырыбын оқуға /Үй тапсырмасын сұрау/

Жаңа сабағымыз PowerPoint терезесінің құрылымы?

PowerPoint терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезелерінің дәстүрлі құрылымындай, үстелдер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтерімен ерекшеленеді.

  • Тақырып жолағы - құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды.

  • Стандартты құралдар үстелі - PowerPoint әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады.

  • Пішімдеу құралдар үстелі - пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды.

  • Слайдтардың кішірейтілген үлгілері - көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған.

  • Жұмыс аймағы - слайдтарды жасауға, онда нысандарды - мәтінді, суреттерді, диаграммаларды, клиптерді, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.

  • Тапсырмалар аймағы - ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

  • Күй жолағы - құжат ақпаратын қамтиды.

  • Сурет салу құралдар үстелі - сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналлған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

PowerPoint -та қол жетерлік үстелдер жиынтығын WordArt, сурет және басқа да үстелдермен толықтыруға болады. Бұл үшін мәзір жолағында Көрініс - Құралдар үстелі әмірін таңдаңыз. Ашылған үстелдер тізімінде қажетті үстел атауын шертсеңіз, сол мезетте ол бейне бетте пайда болады. Бірақ, есіңізде болсын, әрбір үстел жұмыс аймағында орын алып тұрады, сондықтан жұмыс істеп болғаннан кейін үстелді қалай қоссаңыз, солай алып тастаңыз.

Көрмені сақтау үшін Файл мәзірінде немесе Стандартты құралдар үстелінде Сақтау

әмірін таңдаңыз, ашылған Құжатты сақтау терезесінде Файл атауы өрісінде көрме атауын енгізіп, Сақтау батырмасын шертіңіз.

Меню жолы келесі элементерден тұрады.

1. Файл. MS Office стандартты менюі (почталық хабар жіберу, оған презентациялар салу, перезентацияны Word-қа жөңелту командаларын қоса);

2. Түзету. Командалар: операция нәтижесін орындатпау, ойып алу, көшіру, кірістіру, табу, алмастыру, басқа файлдармен байланыс жасау және объектіні редакциялау.

3. Көрініс. Презентация көрінісін таңдау, инструменттер панельдерін, сызықтар мен бағыттауыштарды басқару, сондай-ақ слайдтар үлгілерін, берулер және жазбаларды қарау, бейнелеу масштабын өзгерту және т.б. командалары;

4. Кірістірме. Презентацияға әр түрлі объектілерді кірістіру командалары (күні, уақыты, диаграмма, кесте, дыбыс, фильм және т.б.);

5. Пішім. Қаріпті, туралауды, мәтін интервалдарын немесе слайд объектілерін, тізім маркері түрін, фонды, түсті схемаларды, безендіру шаблондарын және т.б. өзгерту командалары;

6. Сервис. MS Office әдеттегі инструменттері және де PowerPoint ерекше командалары (жазу кітапшасымен жұмыс істеу);

7. Слайдтарды көрсету. презентациядағы объектілермен, слайдтармен манипуляция жасау командалары (анимацияны баптау, құрамдас анимацияны қолдану, слайдтарды алмастыру әсерлері, презентацияны баптау, проекторлер мастерін пайдалануды қоса);

8. Терезе. Бұл меню слайды бар терезенің параметрлерін басқару мүмкіндігін береді.

9. Анықтама. Бұл меню арқылы презентациялар редакторы көмек жүйесі, сонымен қатар Көмекшіні шақыру мүмкін болады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты бекіту.

Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.


© 2010-2022