Информатика - ақпараттар ғылымы

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Информатика - ақпараттар ғылымы»

Мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағы
Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.
Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.
Сайыстың өту барысы:

Сайыс 5 - кезеңнен тұрады.

1 - кезең: «Ақылдассаң шешерсің...»
2 - кезең: «Қай сөз артық?»
3 - кезең: «Жұмбақтас»
4 - кезең: «Сен білесің бе?»
5 - кезең: «Адасқан әріптер»
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Информатика - ақпараттар ғылымы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға, - дей келе бүгінгі сайысымызға екі топ қатысады.
І-ші топ. «Ақпарат» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
ІІ-ші топ «Интернет» тобы
Ұраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Жүргізуші: Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ - қазылар алқасын тағайындап алайық.
1. Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Құсейінова Н
2. Жаратылыстану пәндер бірлестігінің жтекшсі: Қожабекова Айгүл
Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде, - демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін!

1 - кезең: «Ақылдассаң шешерсің...»

Екі топқа сұрақ кезек - кезек беріледі. Ұпай саны 1 балл.

  1. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. Сканер;

  2. Өшірілген файлдар қайда сақталады? Себет

  3. Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысынбасқаратын арнайы бағдарлама. Операциялық жүйе;

  4. Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтыгы. Интернет;

  5. Мәтіндік және графикалық ақпаратты экранға шығаратын құрылғы? Монитор

  6. Меңзер дегеніміз не? Экранда жыпылықтап тұратын символ

  7. 1 және 0 сандарымен бейнеленетін ақпарат саны тізімі қалай аталады? Байт

  8. Үлкен әріптерді басуда қандай түймені қосамыз? CapsLock

  9. Paint қандай редактор? Графикалық редактор

  10. Вирусқа қарсы арнайы программалар қалай аталады? Антивирус

2 - кезең: «Қай сөз артық?»

Дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.

1. Мәліметті шығару құрылғысын көрсет, сәйкес емес жауапты тап.
Жауабы: монитор, принтер, сканер, микрофон, дыбыстауыштар, дискеттер.
2. Енгізу құрылғысын көрсет, сәйкес емес жауапты тап.
Жауабы: пернетақта, микрофон, дискеттер.
3. Қандай құрылғы компьютерде ақпараттарды сақтай алатынын көрсет, сәйкес емес жауапты тап.

Жауабы: жады, пернетақта, микрофон, қатқыл диск.
4. Қандай құрылғы ақпаратты қағаз бетіне басып шығаратынын көрсет, сәйкес емес жауапты тап.

Жауабы: принтер, монитор, флэш-карта.

3 - кезең: «Жұмбақтас»

Екі топқа жұмбақ кезек - кезек жасырылады. Дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.

1. Қағаз бетінен алады,
Бірден компьютерге салады? (сканер)
2. Компьютермен енеді.
Қағазға басып береді? (принтер)
3. Төрт бұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)
4. Бес атаның балалары
Қыдырмашы біреуі.
Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз екі (пернетақта)
5. Мәліметті сұраған
Экранға шығарған (монитор)
6. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың? (тышқан)
7. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)
8. Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік
Ақпараттарды өлшер (бит)
9. Олар компьютердің қосымша бөліктері.

Олар ағалы - інілі.

Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді (колонкалар)
10. Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (курсор)
11. Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)
12. Басы С - дан басталады
Ішінде бәрі сақталады (себет)
4 - кезең: «Сен білесің бе?»

Сұрақтарға "иә", немесе "жоқ" деп жауап береміз. Ұпай саны 1 балл.

1 - ші топқа арналған сұрақтар.

1: "ІNFORMATION" латын сөзі мәлімет дегенді білдіреді ме? (иә)
2: ЕNIAC -тың (І ЭЕМ) салмағы 1 т болды ма? (жоқ 30т)
3: Мәтін, радио арқылы хабар, мысал графикалық ақпаратқа жата ма? (иә)
4: Жүйелік бағдарламалардың негізгі болып интерфейс табыла ма? (жоқ)
5: Сканерде кез келген кескінді сканерлегеннен кейін графикалық бағдарламаларда өңдеуге бола ма? (иә)
6: Қатқыл диск басқаша винчестер деп атала ма? (иә)
7: MS Word графикалық редактор ма? (жоқ)
8: Кез келген санның 0 дәрежесі 0 ме? (жоқ)
9: Меңзердің сол жағындағы символды өшіру пернесі Delete пе? (жоқ)
10: Чарлз Бэббидж компьютердің атасы ма? (иә)
2 - ші топқа арналған сұрақтар:
1: 1642 жылы алғаш қосу машинасын француз математигі Блез Паскаль ойлап тапты ма? (иә)
2: Ақпарат тасушы - сигнал болып табыла ма? (иә)
3: Монитор бетіндегі түрлі түсті нүктелер пиксельдер деп атала ма? (иә)
4: Пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орыс алфавитіне ауыстыру: Alt+Ctrl ма? (жоқ)
5: Қапшық немесе бумада бірдей атпен, бірақ әр түрлі уақытта сақталған файл (құжат) сақтауға бола ма? (жоқ)
6: Пернетақтада абзацтан жазу пернесі Сарs Lock болып табыла ма? (жоқ)
7: ЭЕМ-нің 5 буыны бар ма? (иә)
8: Принтердің 4 түрі бар ма? (жоқ)
9: Монитор адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ма? (иә)
10: Пробел бос орын қалдыру пернесі ме? (иә)
5 - кезең: «Адасқан әріптер»

Бұл кезеңде адасқан әріптерден комьютерге қатысты терминдерді табу.

І - ТОП

Г

А

Қ

П

А

К

Е

С

Р

Э

Е

М

Р

А

Т

Т

А

Ф

И

К

А

Е

М

О

Н

Ф

О

Р

М

А

И

Н

И

Б

А

Й

Т

Т

А

Т

Т

О

Р

В

И

С

Л

Е

Р

Н

Е

Т

Д

У

Г

А

Н

Т

И

В

И

Р

О

Р

И

Т

М

Т

Ү

С

ІІ - ТОП

И

Н

Т

Е

Р

В

С

Т

Б

А

Й

Т

Н

М

Ф

А

П

Т

Е

Р

Е

Ә

А

В

А

П

Р

Е

Т

Л

Й

К

Й

Г

О

З

Е

І

Л

А

Н

Р

Г

Т

А

М

Е

Т

Т

А

Р

М

Б

Л

И

Ц

А

Ф

А

О

Д

Е

А

К

И

М

М

А

Л

Ь

Жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер,
Білім сана толастап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шықрайық.
Сайыскерлерге әділ баға берер.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп - көп рахмет.























© 2010-2022