• Преподавателю
  • Информатика
  • Ашық сабақ: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор. Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта (6 сынып)

Ашық сабақ: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор. Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта (6 сынып)

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6 «Ғ»

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор. Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық: Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы

оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларға өз уақытын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтыңтүрі: Аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ, жауап.
Түрі: көрнекі-практикалық
Көрнекілігі:компьютер, интерактивті тақта, парақша, суреттер

Сабақтың жүру барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

2. Үй тапсырмасын сұрау.(5 мин)

3. Жаңа сабақ түсіндіру.(15 мин)

4. Жаңа сабаққа практикалық жұмыс.(10 мин)

5.Тапсырмалар.

6.Сабақты бекіту.(5 мин)

7. Сабақты қорытындылау (5 мин)

8.Үй тапсырмасы (3 мин)

9.Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылардың құралдарын тексеру;
2) сабаққа назарын аударту;
3) Оқушыларды түгендеу;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары?

1. Microsoft Power Point бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
2. Microsoft Power Point бағдарламасын қалай ашамыз?
3. Файлды- алғаш рет сақтау үшін қолданылатын команда:
4. Microsoft Power Point бағдарламасында фигураларды қалай саламыз? Фигура бетіне қалай жазу жазамыз?
5. Microsoft Power Point бағдарламасында тұсаукесер қандай бұйрық көмегімен құрылады?
6. Microsoft Power Point бағдарламасының меню жолына … мыналар жатады?
7. Microsoft Power Point бағдарламасында суретті қалай кірістіреміз?
8. Тұсаукесерге аудио, видеоларды қоса аламыз ба?
9. Тұсаукесер латын тілінен немесе ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?
10.Слайд дегеніміз-

11. Ағымдағы слайдты қалай жоямыз?

12. Дизайн бөлімі не үшін қажет?

Сәйкестендіріңіз!

Тест және информатикалық диктант.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Компьютерлік желі-бұл компьютердің және арнайы құрылғылардың ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін біріктірілуі. Сыныпта компьютер жергілікті желіге біріктіріледі.

Аймақтық немесе корпоративтік желі бір аудан, қала немесе мекемелер компьютерін бір желіге біріктіреді.

Егер компьютерлерді, жергілікті желілерді өзара байланыстырсақ, дүниежүзілік желі пайда болады. Ең танымал және белгілі дүниежүзілік желі-ғаламтор. Компьютердің қандай желіге қосылғанын анықтау үшін Пуск=>Басқару панелі=>Желі және Ғаламтор бұйрығын орындаймыз.

Браузер программасы қолданушыға желімен алмасудың кез келген түрін қамтамасыз етеді. Браузерлер Ғаламтор желісінің бастапқы даму кезеңінде пайда болған. Браузерлер суреттерді көрсете бастағанға дейін мәтіндік үлгіде жасалынды. Қазіргі кезде кеңінен танымал болған браузерлер:

  • Internet Explorer

  • Mozilla Firefox

  • Opera

  • Google Ghrome

  • Safari

Әрқайсысы көптеген қызметтер атқарады. Тұтынушының негізгі қажеттіліктерін кез келген браузер қанағаттандыра алады, олар тек маңызды емес қызметтермен ерекшеленеді. Қандай браузер қолдансақ та қарапайым ережелерді сақтау керек:

  • Қауіпті сілтемелерге ауыспаңдар;

  • Қауіпті файлдарды көшірмеңдер;

  • Таңдалған браузерлерді үнемі жаңартып отырыңдар;

  • Антивирустың жұмысын бақылап отырыңдар.

Windows операциялық жүйесін орнатқанда онымен бірге Internet Explorer браузері орнатылады.


Ғаламтор

Қызметтер (сервистер)- Internet желісі серверлері көрсететін қызмет түрлері.

World Wide Web- әлемдік тор -графика, дыбыс, видеоны қамтитын гипермәтіндік құжаттарды іздеу және қарастыру қызметі.

E-mail- электрондық почта - электрондық мәліметтер беру қызметі.

Блок (немесе ғаламтор күнделік) - құрушы қосатын жазбалардан тұратын webсайт. Ол мәтін, бейнелер немесе мультимедиа болуы мүмкін. Блок жүргізетін адамдарды блогерлер деп айтады.

Электрондық почта- байланыстың жылдам тәсілі, бірақ ол хатты безендіруді немқұрайлы қарау деген сөз емес. Сендер ұстануға тиісті қарапайым ережелер бар:

  • Қысқа хабарламаларды назар аударып, ықылас білдірмей-ақ қалдыруға болады, бірақ ресми хаттарды міндетті түрде адрес иесіне салем жолдап, оның аты-жөнін көрсетіп бастаған жөн;

  • Сөйлемдерді, есімдерді, атауларды міндетті түрде бас әріппен бастаңдар;

  • Тыныс белгілерін қойыңдар, хаттың бір бөлігін екіншісінен ажырату үшін бос жолдарды пайдаланыңдар;

  • Сауатты, қисынды жазуға тырысыңдар.

ІV. Практикалық жұмыс.

  1. Пуск=>Басқару панелі=>Желі=>және Ғаламтор бұйрықтарын орындаңдар.

  2. Интернет істеп тұр ма? Істеп тұрса барлық орындаған бұйрықтарды жауып, браузерді іске қосыңдар.

  3. Қосылған браузерден «Жеті керемет туралы » мәлімет және суреттерімен іздеп табу.

  4. mail.kz порталын ашамыз.

  5. Логин мен пароль (латын әріптерінен )құрып электронды почтадан өз әлемімізді құрамыз.

VI. Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Компьютерлік желі дегеніміз не?

  2. Браузер сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

  3. Қандай браузерлерді білесіңдер?

  4. Алғашқы байланыс сеансы қай жылдары болды?

  5. WWW қандай қызмет атқарады?

Тапсырмалар:

Тест 221-222 орындау

Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығу(анимация)

VII. Сабақты қорытындылау.

1.Егер мен робот болсам

2.Егер мен хаккер болсам

Үйге тапсырма
§ 31-32 оқып келу. Интернеттен « Алматының көрікті жерлері» интернеттен суреттер алып келу.

© 2010-2022