Информатика пәнінен ашық сабақ Дербес компьютер (10 сынып)

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Чехов орта мектебі

Информатика пәнінен ашық сабақ Дербес компьютер (10 сынып)



Тақырыбы:

«Дербес компьютер»

Сыныбы: 10 «ә»

Информатика пән мұғалімі: Шуахбаев Д.Т.



2011 - 2012 оқу жылы

Күні: 24.02.12

Сыныбы: 10ә

Пәні: Информатика

Тақырыбы: Дербес компьютер

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға дербес компьютерлер туралы айту, түсіндіру. Дербес компьютерлер жайлы жан-жақты мағлұмат беру.

2.Тәрбиелік: Тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларды ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережені мұқият есте сақтауына, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге, сабырлы әрі тәртіпті болуға тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушыларға компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (кубизм әдісі, «информатикалық жаттығу», «Кім зерек»

ойыны

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, кубизм әдісі

Сабақтың көрнекілігі: : слайд-шоу,интерактивті тақта, компьютер, қолданбалар

Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, ағылшын, математика, тарих

Сабақтың барысы:

Үй жұмыс тексеру:

Microsoft word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:

  • құжаттарды құру және теру;

  • қаріптер жиынын пайдалану;

  • кестелер, графиктер пайдалану

Мәтіндік процессордың кемшіліктері:

  • Математикалық формулаларды енгізу күрделі;

  • Растрлық графикаларға арнлмаған

Мәтіндік процессорды бірнеше жолмен қосуға болады:

  1. Негізгі менбден Жіберу =>Программалар => Microsoft Office => Microsoft word командаларын орындау арқылы;

  2. Жұмыс үстеліндегі таңбашамен;

Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін келесі әдістерді орындауға болады:

  1. Файл =>Шығу командаларын таңдаңыз;

  2. Alt +F4 батырмалар комбинациясын басыңыз

  3. Microsoft word прогрпммасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын шертіңіз.

Информатика пәнінен ашық сабақ Дербес компьютер (10 сынып)



2 тапсырма оқушылар бүгінгі өткен сабақты қорытындылау ретінде кесте толтырады. Бұл кестенің мақсаты Microsoft word бағдарламасының мүмкіндіктерін әр оқушы біртіндеп жазады.

Информатика пәнінен ашық сабақ Дербес компьютер (10 сынып)

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу,түгелдеу.

2.Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Оқушы білімін жан-жақты тексеру:

1. Компьютердің логикалық элементі дегеніміз не?

2. Қосындылауыш дегеніміз не?

3. Логикалық көбейтіндідеп нені айтады?

4. Логикалық қосынды деп нені айтады?

5. ЕМЕС шылауын қосу логикалық операцияның қай түріне қолданылады?

6. Логикалық есептерді шешу схемасы?

7. Ақиқатты кесте дегеніміз не?

8. Триггер деген не?

ІІІ. Жаңа түсінік беру:

Информатика пәнінен ашық сабақ Дербес компьютер (10 сынып)Информатика пәнінен ашық сабақ Дербес компьютер (10 сынып)

ІV.Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру.А)жаңа ұғымдар:

MIPS - машинаның уақыт бірлігінде орындайтын операцияларының өлшенетін шапшаңдығы

Микропроцессор - ДК-нің негізі

Pentium, Pentium-Pro, Pentium 2, 3, 4…. - Қазіргі кездегі компьютерлердің модельдері

V.Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:

1. Микро ЭЕМ-дер нені орындайды?

2. Мини ЭЕМ-дер не үшін қолданылады?

VІ.Жаңа түсінікті тексеру:

1. Машинаның уақыт бірлігінде орындайтын операцияларының өлшенетін шапшаңдығы?

2. ДК-нің негізі

3. Pentium, Pentium-Pro, Pentium 2, 3, 4… деген не?

VIІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар (есептер, сарамандық жұмыстар, зертханалық жұмыстар,тесттік бақылаулар)

«Ғажайып жетілік» ойыны ойнатылады. Онда сұрақтар берілген сол сұрақтар бойынша жауап беру.

1. Есептеуіш машиналар неше топқа бөлінеді және оларды ата?

2. Үлкен ЭЕМ-дер не үшін қолданылады?

3. Микро ЭЕМ-дер нені орындайды?

4. Мини ЭЕМ-дер не үшін қолданылады?

5. Дербес компьютерлер не үшін арналған?

6. Дербес компьютердің кең таралуына себепші болған сипаттамаларын атаңдар.

7. Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын ДК?

VIIІ.Жаңа сабақты қорытындылау:

Информатика пәнінен ашық сабақ Дербес компьютер (10 сынып)

«Кім зерек» ойыны. Кесте толтыру.

IХ.Оқушылар еңбегін бағалау:

Х.Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма)

Дербес компьютерлер туралы жалпы мәлімет. Сөзжұмбақ құрастыру. Кестелерді сызу.

© 2010-2022