Урок по информатике на тему Диаграмма құру (8-сынып)

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні ............................................................................................

Сабақтың тақырыбы:

Диаграмма құру

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Кестелік мәліметтерді графикалық түрде кескіндеуді үйрену, диаграмма құруды білу білімдерін қалыптастыру

Дамытушылығы:

Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой-өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік мәні:

Компьютерде жұмыс жасау кезінде ұқыпты болуға, әрбір істі саналы түрде орындауға баулу

Сабақта қолданылатын көрнекілік:

Компьютер, слайдтар, таратпа қағаздар

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушының көңіл-күйін сұрау

2. Оқушыларды түгелдеу

3. Оқушыларды жұпқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Әр жұпқа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар беру

  1. Mіcrosoft Excel-дің қызметі қандай?

2. Формула қандай таңбадан басталады?

3. Функцияны қалай енгіземіз?

4. Функцияның қандай түрлері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Диаграмма - мәліметтерді графикалық түрде кескіндеу. Ол берілген сандық шамаларды салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммадағы мәліметтер оның типіне қарай нүкте, сызық, сектор және басқада элементтер арқылы көрсетіледі.

Диаграмма құру үшін:

1. Алдымен қажетті аралықты белгілейміз.

2. Вставка жолағынан Диаграмма бөлімінен қажетті диаграмманың типін таңдаймыз.

3. Констуктор жолағынан құрылған диаграммаға қажетті мәліметтерді енгізуге болады

Диаграмманың типтерін және олардың қолдануларын қарастырайық.

- Гистограммаларды бір немесе бірнеше мәліметтер жиынындағы мәндерді салыстыру кезінде қолдану ыңғайлы. Мысалы, тоқсан қорытындысын салыстырмалы түрде көрсету үшін қолдануға болады.

- Дөңгелек диаграммалар (Круговые диаграммы) бүтін нәрсенің оның бөліктерге бөлінуін (қатысын) көрсетеді. Бұл диаграммада әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінеді.

- Нүктелік диаграммалар (Точечные диаграммы) статистикада кеңінен қолданылады. Бұл диаграммада мәліметтердің (нүкте түріндегі) бір-бірінен алшақ орналасуын, сондай-ақ бірнеше мәлімет жиындары аралығындағы реттелуді көрнекі түрде көрсете аламыз (мысалы, сатылған тауардың саны мен ауа райы жөніндегі ақпарды). Нүктелік диаграммалардың графиктерден айырмашылығы уақыт аралықтары әртүрлі шамалар болатын мәліметтерді бейнелей алады.

Функцияның графиктерін салу үшін Нүктелік диаграммалар қолданылады.

ІV. Сабақты бекіту.

Өзің орында

А деңгейі

  1. Microsoft Excel-ді іске қосыңыз

  2. Төмендегі кестені құрып, оны толтырыңыз

  3. Орта баллды дайын функцияны пайдаланып есептеңіз

ІІ тоқсан қорытындысы

р/с

Оқушының аты-жөні

Қазақ т

Орыс т.

Ағыл. т.

Қазақ.тар.

Орта балы

1


2


3


4


5


6



  1. Диаграммасын құр (конус түрін таңда)

  2. Жұмысыңызды сақтап қойыңыз

В деңгейі

Мына мәліметті дөңгелек диаграмма түрінде көрсетіңіз:

Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын көру арқылы, 10%-ын есту, 4%-ын иіскеу, 3%-ын дәм сезу, 2%-ын сезу арқылы аламыз

С деңгейі

y=Х2-2 функциясының графигін [-5;5] аралықта 0,5 қадаммен салыңыз

V. Сабақты қорытындылау

Сұрақтар қою:

  1. Диаграмма дегеніміз не?

  2. Диаграмма құру тәсілі қандай?

VI. Оқушылар білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма.

Диаграмма құру туралы оқу

Тексерілді. ………............……….

© 2010-2022