Мәтін үзінділерімен жұмыс (5-класс)

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзінділерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың компьютерде өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, іскерліктерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

  1. Word Pad программасымен жұмыс істеудегі іс-әрекеттерін еске түсіру

2. Жұмыс істеу барысындағы ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Оқушылардың жеке, жұппен және топпен жұмыс істей отырып, өз ойын еркін жеткізуге, өзгелердің пікірімен санасуға үйрету.

Сабақтың түрі:СТО технологиясы

Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық

Пәнаралық байланыс:орыс тілі, ағылшын,қазақ тілі, математика,

Программалық дидактикалық қамтылуы:

Оқулық, жұмыс дәптері, компьютер, интерактивті тақта, «Мәтін үзінділерімен

жұмыс» презентация, тест, сәйкестендіру тесті,информатикалық диктант.

Оқыту формалары:жеке, топтық, ұжымдық;


Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

  • Мәтін теру ережесін;

  • «редакциялау» түсінігін;

  • Редакциялаудағы пернелер мен әмірлердің қолданылуын;

  • Мәтінді ретімен теруді;

  • Пернетақта мен тышқанды пайдаланып мәтінді жылжытуды;

  • әрекетті кері қайтару командаларын;

Оқушылар үйрену тиіс:

  • ережеге сәйкес мәтін тере білуді;

  • пернетақта мен тышқанды пайдаланып, мәтінді жылжытуды;

  • мәтінді тышқан сілтемесі арқылы ерекшелеуді;

  • мәтінді тышқан сілтемесін екі рет шерту арқылы ерекшелеуді;

  • Shift+Ctrl сілтемесімен орындалуын;

Сабақтың барысы: I.Қызығушылықты ояту

а/ Тренинг «Көңіл күй»

б/ Топқа бөлу

в/ сұрақ -жауап

II. Мағынаны тану

а/Жаңа тақырыпты түсіндіру.

б/ Практика жүзінде көрсету.

в/ «Көзге жаттығу»

III. Ой толғаныс

а/ Сәйкестендіру тесті

д/Қызықты диктант

Рефлексия

д/Бағалау

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылығын ояту.

Психологиялық дайындық. «Көңіл күй » тренингі.

а/ «Көңіл күй» Балалар өздерінің көңіл күйлерін бағалау сұралады: «Мен өзімнің көңіл күйімді 5 балдық жүйемен бағалаймын, себебі көңіл- күйім керемет!».

б/1 топ-«Меңзер» 2 топ-«Мәтін»

б/Сұрақ -жауап

1. Мәтіндік редактор дегеніміз не?

Мәтіндік құжаттарды құруға,оларды өзгертуге ,яғни қателерін түзетуге,жылжытуға, көшіруге, жоюға,қосуға , іздеу мен алмастыруға, мәтінді пішімдеуге, әріп мөлшері мен түсін өзгертуге мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа .

2.Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер?

Мәтіндік ақпарат.

3. Оның ең кішкентай бірлігі?

Символ

4.Мәтіннің элементтері?

Символ-сөз-жол-абзац-бет-мәтін

5.Мәтіндік курсор дегеніміз не?

Мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылықтайтын сызықша

6.Мәтін бойынша жылжу пернелері?

Ctrl және Shift пернелері.

II .Мағынаны тану

а/Дәптермен жұмыс.

-Қане балалар күннің жады мен тақырыпты жазып аламыз.

-Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: Мәтін үзінділерімен жұмыс.

Мәтінді енгізу үшін компьютер құрылғыларының қайсысының орны ерекше?

  • Пернетақта

  • Пернетақта дегеніміз не?

  • Пернетақта -компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы.

  • Негізгі бөліктерін атайықшы?

  • Алфавиттік-цифрлық пернетақта.

  • Курсорды басқару пернелері

  • Функционалдық пернелер

  • Қосымша цифрлық пернетақта

  • Басқару пернелері

Мәтіндік редакторлардың көпшілігі мәтіннің бөліктерін ерекшелеуге мүмкіндік береді, олар үзінділер немесе блоктар деп аталады.Әдетте үзіндіні ерекшелегенде сол бөліктің фоны мен символдарының түстері өзгереді.Ерекшеленген үзінділермен мынадай амалдар жасауға болады:

*қайта пішімдеу

*қаріпті өзгерту

*жою

*көшіру

*қию

*көшірмесін алу

Мәтінді теріп болған соң түзету және пішімдеу үшін мәтін бөліктерін ерекшелей білу керек.Тышқанның көмегімен ерекшелеуүшін құжаттың сол жақ «ерекшелеу ернеуі» деп аталатын, ернеуін қолданады.Тышқанның сілтемесі оңға қарай бұрылған стрелка түріне айналады.

III.Ой толғаныс.

а/Сондағы тапсырмаларды орындаймыз.1-4 дейін.

А деңгейі

Оқулығымыздағы «Сәтемір хан » мәтінін терейік.

Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты.Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі; тұра сап тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы құлап түседі.Үшінші рет құмырсқа және тырмысады;

ақыры, бар күшін салып , қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетіпті.

В деңгейі

-Ендеше , алдарыңыздағы компьютерлердің бетінде Мақалдар файлын ашыңдар.

Өзін ғана ойлаған-жамандықтыңң белгісі,

Өзге де өйлаған-Адамдықтың белгісі.

Ағашты жемісінен таниды,

Адамды ісінен таныиды.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

Оқусыз білім жоқ, ьь

Білімсіз күнің жоқ

Оқу -білім бұлақы,

Білім -өмір шырағы.

С деңгейі

Сөздер файлын ашыңдар.

Тапсырма Дабыл Бума

Үйдің төбесі Мектеп Бөлме

Қоңырау Программа

б/«Көзге жаттығу»

Шаршаған көздерімізге жаттығу жасап алайық, тақтаға қарап көздерімізді бірге қозғалтамыз.


Мәтін үзінділерімен жұмыс (5-класс)в/Сәйкестендіру тесті.



Мәтін үзінділерімен жұмыс (5-класс)


г/Қызықты диктант.


  1. КМәтін үзінділерімен жұмыс (5-класс)Мәтін үзінділерімен жұмыс (5-класс)Мәтін үзінділерімен жұмыс (5-класс)омпьютерлік жүйенің негізгі бөлшектерінің атауларын жаз:

Мәтін үзінділерімен жұмыс (5-класс) монитор


Мәтін үзінділерімен жұмыс (5-класс) пернетақта

2. Қалдырып кеткен сөздерді аяқтап жаз.

Пернетақта

Пернетақтаның көмегімен компьютерге информацияны енгізуге және басқаруға болады. Пернетақтада жүзден астам пернелер бар. Пернелер көбінесе информация енгізу міндетін атқарады, бірақ олардың кейбіреулері компьютерді басқару үшін қажет.

3. Қалдырып кеткен сөздерді аяқтап жаз

Тышқан

Тышқан компьютерді басқаруға арналған. Оның екі батырмасы бар, бірақ олардың көмегімен әртүрлі көп жұмыс жасауға болады. Тышқанды үстел бетінде жылжытқанда, онымен бірге монитордың экранында тышқанның нұсқағышы да жылжиды. Команда беру үшін нұсқағыш графикалық басқару элементіне апарып, содан кейін тышқанның батырмаларының бірімен жылдам шерту керек. Шерткен кезде компьютер команда алады.

4. Төмендегі сөйлемдерді толықтырып жаз.

Монитор мәтіндерді, бейнелерді экранға шығару міндетін атқарады.

Пернетақта компьютерге мәтіндік информацияны енгізуге арналған.

Тышқан компьютерді басқаруға арналған.

Компьютер орындайтын барлық есептеулер жүйелік блокта жүреді.

Дыбыс колонкалары дыбысты информацияны шығаруға арналған.

Тест жұмысы

Мәтін үзінділерімен жұмыс (5-класс)







Рефлексия.

Бүгінгі сабақта көзің арқылы нені меңгердің?

Бүгінгі сабақта құлағың арқылы нені меңгердің?

Бүгінгі сабақта қолың арқылы қандай қызмет атқардың ?

Мәтін үзінділерімен жұмыс (5-класс)




Бағалау. а/Топты б/жекелеп




© 2010-2022