Сабақ жоспары. (Сыныптан тыс сабақ) 7-сынып

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Информатика дарабозы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетінқалыптастыру.

Дамытушылық: ойлау қабілеттеріндамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір-бірінқұрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс

Сабақтыңтүрі: сайыс сабақ

Жабдықталуы: Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.

Көрнекілігі: Слайд презентация

Пәнаралық байланыс: ағылшынтілі, қазақтілі, математика, орыстілі.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

1. Сынып оқушыларын топқа бөлу.

2. Сайыс жоспарын таныстыру.

Жарыс кезеңдері:

Алдағы біз баратын бағыт анық,
Ұшқыр ойлы екендігіңді тағы таныт.
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық.

1-кезең Команданын атын таныстыру

2-кезең Бәйге

3-кезең Тіл өнер

4-кезең Көкпар

5-кезең Адасқан әріптер

6-кезең Кім жылдам?

1 кезең «Таныстыру» Топ басшы топтың атын таныстырады. Әр топқа 5 ұпайдан беріледі.

2 кезең «Бәйге» Бұл кезеңде әр топқа 8 сұрақтар беріледі. Олар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы 5 ұпайдан ұпай жинайды. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.

3 кезең «Тіл өнер» Бұл сайыс бойынша әр топқа сұрақ пен жұмбақ аралас берілген үш тілде жауап береді. Әр сұрақ немесе жұмбаққа 5 ұпай.

4 кезең «Көкпар» Әр топқа логикалық есептер беріледі. Әр топқа үш есептен беріледі. Оған да 5 ұпайдан беріледі.

5 кезең «Адасқан әріптер» топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған адасқан әріптермен сөздер беріледі. Әр сөзге 1 ұпайдан

6 кезең «Кім жылдам?» Әр топтың топ басшыларына 5 сұрақтан беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан

Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Информатика дарабозы» сайысына қош келдіңіздер!

«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы - білім»,- деген. Ендеше, білімді байлығымызды көрсетейік оқушылар! Дей келе «Информатика дарабозы» сайысымызды бастаймыз! Сайысымызға қатысып отырған оқушыларымызға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсын демекпіз. Сайысымызға қатысқалы отырған 7-сынып оқушылары.

1 кезең «Таныстыру» Топ басшы топтың атын таныстырады. Әр топқа 5 ұпайдан беріледі.

1-ші топтың аты-«Paint» тобы

2-ші топтың аты-«Wordpad» тобы

Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі-дей келе сайысымыздың 1 кезеңі таныстырудан бастайық.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын - дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын 2 кезеңін бастайық.

2 кезең «Бәйге» Бұл кезеңде әр топқа 8 сұрақтар беріледі. Олар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы 5 ұпайдан ұпай жинайды. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.

1-ші топтың сұрақтары

1.Ақпараттың неше түрі бар? (5 түрі бар)

2.Ақпараттық процестерді атаңыз. (сақтау, өңдеу, жеткізу).

3.Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).

4.«Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)

5.Пернетақтаның неше пернесі бар? (104 пернесі бар)

6.Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)

7.Компьютердің миы. (процессор)

8.Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)

2-ші топтың сұрақтары

1.Компьютер экраны? (Монитор)

2.Сурет салуға арналған бағдарлама? (Paint)

3.Компьютердің маманы? (Программист)

4.Қатқыл диск қайда орналасқан? (Жүйелік блокта)

5.WordPad редакторын қалай іске қосамыз? (Пуск-Все программы-стандартные- WordPad)

6.Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым? (Информатика)

7.Дыбыс шығаратын құрылғы? (Колонка)

8.Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
Барлық ұпай, шәкіртім саған несібе-деп "Тіл - өнер" атты 3-ші кезеңімізді бастайық.

3 кезең «Тіл өнер» Бұл сайыс бойынша әр топқа сұрақ пен жұмбақ аралас берілген үш тілде жауап береді. Әр сұрақ немесе жұмбаққа 5 ұпай.

1-ші топтың сұрақтары

1.Ұзынтұра Жалқаубек, тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан, ешбір белгі қалмайды.

(бос орынпернесі - пробел - blank)

2.Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)

3.Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.

(терезе, окно, windows)

4.Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

5.Енгізу пернесі ең басты перне?

(енгізу-ввод-enter)

2-ші топтың сұрақтары

1.Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады?

(он екі, двенадцать, twelve)

2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)

3.Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышь, mouse)

4.Беттерге төрт жағынан қоршау жасайтын жақтаулар қалай аталады?

(Шекара-Граница-Border)

5.Қоқыс жәшігі?

( себет-корзина-basket)

Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік,-дей келе "Көкпар"атты 4-ші кезеңімізді бастайық.

4 кезең «Көкпар» Әр топқа логикалық есептер беріледі. Әр топқа үш есептен беріледі. Оған да 5 ұпайдан беріледі.

1-ші топтың есебі

1.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса,

бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. неше стакан қалды?

Жауабы: 3 стакан

3. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

2-ші топтың есебі

1. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? .

Жауабы: шырпы

2. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек?

Жауабы: 8

3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?

Жауабы: 15км/сағ

Компьютер - сенің көмекшің

Қаламың, әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың.

Үйрену керек бәрін де-дей отырып, ойынымыздың 5-ші кезеңі «Адасқан әріптер».

5 кезең «Адасқан әріптер» де топ мүшелеріне информатикаға қатысты адасқан әріптермен сөздер беріледі. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Әр сөзге1 ұпай.

1.Нимотор ----------- Монитор

2.Пьюромтек ------- Компьютер

3.Енрепатқат -------- Пернетақта

4.Лайф ---------------- Файл

5.Рльоукятакл ------ Калькулятор

6.Атқсуа -------------- Сақтау

7.Дңеөу -------------- Өңде

8.Рпиретн------------ Принтер

«Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.» -деп «Кім жылдам?»атты 6-шы кезеңімізді бастайық

6 кезең «Кім жылдам?» Әр топтың топ басшыларына 5 сұрақтан беріледі. Сұрақтарға жедел жауап беру керек. Әр сұраққа 1 ұпайдан

1-ші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар.

1.Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы? (Принтер)

2.Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал? (Сканер)

3.Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)

4.Терезенің орысша атауы? (Окно)

5.Ақпарат тасымалдаушылар? (Диск, флешка)

2-ші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар.

1.Ақпаратты қалай аламыз? (Көру, есту, сезу, дәм сезу, иіс сезу)

2.Жойылған файлдар орналасатын қапшық? (Себет)

3.Блокнот дегеніміз не? (Жазуға арналған программа)

4.Delete пернесінің қызметі? (Әріпті жою)

5.Зянкес бағдарлама? (Вирус)

Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен-деп сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Осымен сайысымыз аяқталды. Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Рефлексия. Оқушылар сайысымыздан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады.






© 2010-2022