Информатика сабағынан сабақ жоспары Қадамдап бөлу (10 сынып)

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

__________________________

Пән аты: Информатика

Күні: 13.01.2016ж

Cынып: 10 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Қадамдап бөлу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Visual Basic ортасымен жұмыс істегенде кездесетін қателер жұмыс жасауға үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың Visual Basic ортасымен жұмыс жасау дағдыларын одан әрі дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесіп, сыныптың тазалығына назар аудару, қауіпсіздік ережесіне сай сырт кейіпі мен заттарының орнында болуын қадағалау;

  2. Оқушыларды түгендеп, журналға белгі қою;

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың барысымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Интерфейс дегеніміз не?

  2. Arrange әдісі

  3. Пішін не үшін қажет?

ІІІ. Жаңа сабақ

Visual Basic тілі үлкен және кіші күрделі процедуралары бар жоба құрғанда қатесіз болуы мүмкін емес. Сондықтан Visual Basic тілі қадам арқылы қатені тексеру тәсілін ұсынады. Қатені іздеу 4 кезеңнен тұрады:

  1. Ақиқатты қателікке тексеру

  2. Қатені іздеу

  3. Қатенің себебін іздеу

  4. Қатені түзету

Программада қатенің 2 түрі болады: синтаксистік және логикалық (программаны орындау кезіндегі қате).

Қарапайым программалардың қатесін қадамдап бөлу арқылы тексеруге болады. Ол үшін қатені іздеу жобасын пайдаланамыз. Visual Basic ортасында қатені іздеу құралдары Debug мәзірінде жинақталған. View мәзіріндегі Toolbars бұйрығын пайдалану арқылы шығарып алуға болады.

Debug мәзірі батырмаларының қасиеттері

Start/Continue

Программаны іске қосады

Break

Программаны кез келген жерден үзеді

End

Программаның орындалуын тоқтатады

Toggle Breakpoint

Кодтың ағымдағы жолында тоқтату нүктесін қою/ алып тастау

Srep into

Процедураға кіргеннен кейін қадамдық әдіспен тексеру

Step Over

Процедураға кірмей қадамдық әдіспен тексеру

Locals Window

Айнымалылар мәнін тексеру үшін терезенің ашылуы

Immediate Window

Мәндерді енгізу және бұйрықтың орындалуы үшін терезенің ашылуы

Watch Window

Өрнекті көру үшін терезенің ашылуы

Quick Watch

Программаның тоқтаған жерінен бастап өрнекті және мәндерді көру үшін терезенің ашылуы

IV. Сабақты бекіту

  1. Қатенің неше түрі бар?

  2. Quick Watch қызметін атаңыз

  3. Қатені іздеу неше кезеңнен тұрады және қандай кезеңдер?

V. Бағалау

VI. Үй тапсырмасы

© 2010-2022