Компьютер. Ож-нің қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың тақырыбы:Компьютер. Ож-нің қосымша мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: -         білімділік: компьютердің программалық жабдықтамасы, операциялық жүйе ұғымдарымен танысу. -         дамытушылық: қойылған сұрақтарға жүйелі түрде жауап беруге, анықтама беруге, түсіндіруге үйрету.   -         тәрбиелік: сабақ уақытында берілген тапсырманы жылдам орындауға,  жинақылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәріс Сабақтың жабдықталуы: ДК, интерактивті тақта, слайд Пәнаралық байланыс: инфор...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Пән аты: информатика негіздері

Оқытушы: Жакипова Д.С.

Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Ож-нің қосымша мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты:

  • білімділік: компьютердің программалық жабдықтамасы, операциялық жүйе ұғымдарымен танысу.

  • дамытушылық: қойылған сұрақтарға жүйелі түрде жауап беруге, анықтама беруге, түсіндіруге үйрету.

  • тәрбиелік: сабақ уақытында берілген тапсырманы жылдам орындауға, жинақылыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәріс

Сабақтың жабдықталуы: ДК

Пәнаралық байланыс: информатика негіздері

Сабақтың құрылымы:

I. Ұйымдастыру (2 мин)

II. Сабақты таныстыру (3 мин)

III. Жаңа сабақты түсіндіру (65 мин)

IV. Жаңа сабақты бекіту (15 мин)

V. Сабақтың қорытындысы (3 мин)

VI. Үй тапсырмасын беру (2 мин)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылардың және аудиторияның дайындығына көңіл бөлу. Журналды толтыру, оқушыларды түгендеу.

  2. Сабақты таныстыру. Сабақтың тақырыбын айту, таныстыру, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

    1. Программалық жабдықтама.

Компьютерге арналған пргограммалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады:

  • жүйелік

  • қолданбалық

Жүйелік жабдықтама деп өзіне:

  • операциялық жүйелерді;

  • желілік программалық жабдықтаманы;

  • сервистік программаларды;

  • программаларды жасау құралдарын (транслятор, байланыс редакторлары, жөндеуіштер және басқалары) қосатын программалық жабдықтама түсініледі.

Операциялық жүйелердің (ОЖ) негізгі қызметі:

  • физикалық;

  • логикалық

  • есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.

Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады.

Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуға болады.

Процесс деп, оған сәйкес программа және оның пайдаланатын деректері алдын ала тапсырған белгілі бір әрекеттер тізбегі түсініледі. Қазіргі кезде, әр түрлі типтегі компьютерлер үшін жасалған, көптеген ОЖ бар. Дербес компьютерлерде (ДК) ұзақ уақыт ОЖ MS-DOS қолданылды.

Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауыштарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б. басқаруға арналған.

Сервистік программалар операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жинағын ұсыну үшін қолданылады. Сервистік программалардың ішінен біз утилаталарды қарастырамыз. Утилаталар пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.

Программаларды жасау құралдары жүйелік те, қолданбалы да жаңа программалық жабдықтамаларды жасау үшін пайдаланылады.

Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама аталады. Көбінесе бұндай программаларды қосымшалар деп атайды.

Әр алуан қолданбалы жабдықтамалар түрлерінен ең кең тараған программалар тобын ерекшелейді - адам қызметінің көптеген салаларында қолдануға болатын типтік дестелер мен программаларды жатқызады:

  • мәтіндік процессорларды;

  • кестелік процессорларды;

  • безендіру және іс қағаз графика жүйелері (графикалық процессорлар);

  • деректер базасын басқару жүйелері;

  • сараптау жүйелері;

  • математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді модельдеу және

талдау программалары жатады, сонымен қатар кеңселік жүйелер болып табылады.

Қуатты және кең тараған біріктірілген жүйенің мысалы Microsoft Office кеңселік жүйесі болып табылады.

  1. Операциялық жүйенің қосымша мүмкіндіктері.

Операциялық жүйе - бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.

Операциялық жүйелердің (ОЖ) дамуы көбінесе компьютердің аппараттық базасының жетілдіруімен байланысты.

Операциялық жүйелер компьютердің жүйелік программалық жабдықтамасының негізін қалайды.

Қазіргі кезде ОЖ түсінігінің бірқатар анықтамалары бар.

Анықтамалардың бірі ОЖ компьютер ресурстарын эффективті басқаруға арналған программалар жүйесі ретінде ұсынады. Мұндай анықтама пайдаланушының өзін қоса отырып, кез келген есептеу процесі есептеу процестері күресіндегі бәсекелестіктегі модель ретінде ұсынылады.

Қазіргі заманғы ОЖ-ге мынадай талаптар қойылады:

  • сыйымдылық - ОЖ басқа ОЖ-лер үшін әзірленген қосымшаларды орындайтын құралдарды қамтуы тиіс;

  • көшірушілік - ОЖ-ні бір аппараттық тұғырнамадан басқасына көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

  • сенімділігі мен бас тартуға төзімділігі - ОЖ-ні ішкі және сыртқы қателіктерден, іркілістерден және бас тартулардан қорғауды ойластырады;

  • қауіпсіздік - ОЖ-де бір пайдаланушының ресурстарын екінші пайдаланушыдан қорғау құралдары болуы тиіс;

  • ұлғайтымдылығы - ОЖ келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізудің қолайлылығын қамтамасыз етуге тиіс;

  • өнімділігі - жүйе жеткілікті тез әрекет ету қасиетіне ие болуы тиіс;

ОЖ Windows-тың кең таралуы оны IBM PC-үйлесімді компьютерлер үшін стандартты жасады. Мұндай компьютерлерді пайдаланушылардың көп бөлігі Windows-та жұмыс жасайды. Бұрынғы операциялық жүйелер мен операциялық қабықтардан айырмашылығы, Windows файлдар, дискілер және т.б. операциялар үшін ыңғайлы және көрнекті интерфейс қана емес, сонымен қатар Windows ортасында іске асырылатын программаларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

  1. Жаңа сабақты бекіту. Қайталау сұрақтарына жауап беру.

  2. Сабақтың қорытындысы.

  3. Үй тапсырмасын беру - конспект жазу. Дәрісті оқу, мазмұндау.


© 2010-2022