7 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабаќ жоспары Тексерілді

Пәні: Информатика

Сабақ № 13

Сыныбы

7 «А»

7 «Ә»

Күні



Сабақтың тақырыбы: Айнымалылар типтері. Паскаль программасының құрылымы.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Паскаль тілінің құрылымымен және оның орындалу ретімен таныстыру, программа бөліктерінде міндетті түрде қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын, орналасу ретін қатаң сақтауды, айнымалыларды сипаттау жолдарын, айнымалылар типтерімен таныстыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың типтердің Паскаль тілінде жазылу түрлері туралы ұғымдарын дамыту;

  3. Тәрбиелілік: Оқушыларды қоршаған ортаның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін айыра білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, деңгейлік тапсырмалар, үйлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі. /Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару/

  2. Үй тапсырмасын тексеру. /сұрақ-жауап тәсілі/

  1. Алгоритм типтері неше бөлікке бөлінеді?

  2. Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

  3. Циклдік алгоритмнің түйінді сөзін ата

  4. Ең қарапайым алгоритм


  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Программалау тілінде мына ұғымдар жиі қолданылады:

Өрнек

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б мағанасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады. Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Оператор

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тұрақты мағынасы бар сөйлемін оператор дейді.

Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анықтайды.

Тіл синтаксисі

Программа жазу барысында сақталуға тиісті тілдің ережелерін программалау тілінің синтаксисі дейді.

Синтаксистік қатені де компьютер бірден анқытайды.

Тілдің семантикасы

Программа жазудың мағыналық ережелерін тілдің семантикасы дейді.

Семантикалық қателерді компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» -мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256-дан аспауы тиіс.

Паскаль программасының құрылымы

1. тақырып

program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі

Var типтері көрсетілген айнымалылар;

begin

3. операторлар бөлімі

Операторлар;

end.

var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардын тұрады.

Мәліметтер - программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.

Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездесітіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуід күтеді.

Былай жазылады: read(x,y,z); клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп клавшін басамыз.

Readln(x) - сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.

Нәтижелер - программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығрау үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite('natyje= ';x). 'апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х-тың орнына оны мәні шығады.

writeln('s= ',s) нәтиже жаңа жолға шығады.

Аралық шама - мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.

Қосалқы программа - алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез-келген бөлігінде атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификатормен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Мысалы: alfa, x, KOSINDI, BAGA. Айнымалылар атауы сипаттау бөлімінде VAR түйінді сөзінен кейіт орналасады да, атауынан кейін қос нүкте қойылып, айнымалының типі көрсетіледі. Оның жазылу пішімі:

VAR <идентификатор> : <тип>;

Мысалы:

VAR А, В: integer;

Sum, baga: real;

Айнымалы типтері

Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілеген типтердің біріне тән болуы тиіс.

Айнымалылардың немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.

Мәліметтердің әрбір типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 сандары бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, азайтуға, бөлуге және көбейтуге болады. Ал «IBM» және «PC» мәндері сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп («IBM PC») жазуға ғана болады. Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды.

Кез- келген айнымалы, тұрақты, функция нмесе өрнек өзіне тән бір ғана типпен сипатталады. Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан программа алдында, оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама атаулары және типтері көрсетілуі қажет.

Стандартты типтер:

Бүтін - INTEGER;

Нақты - REAL;

Логикалық - BOOLEAN;

Тіркестік (STRING);

Мәтіндік (TEXT) тәрізді типтер.

І⩗.Сабақты бекіту:

Осы алған біліміміз негізінде шағын, сызықтық программа жаза аламыз.

ЕСЕП: Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың көбейтіндісін басып шығаратын программа жазыңыз.

Программаны есеп шығару кезеңдерін ескере отырып жазайық. Есептік математикалық моделін құрамыз:

Математикалық моделі

Паскаль программа

1. Не белгілі? Екі бүтін сан, х, у - бүтін;

2. Не істеу керек?

Екі сан енгізу; олардың көбейтіндісін

z:=х*у; аралық шама z-ке меншіктеу.

Нәтижені экранға шығару;

Соңы.

program esep01;

var x,y,z:integer;

begin

z:=x*y;

write('көбейтінді = ',z);

end.

Дайын нұсқасын компьютерде орындап көрсетеміз.

⩗. Сынып жұмысы

Жоғарыдағы программаны ары қарай дамытайық:

тапсырма: №1 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар қосындысын да шығаратындай етіп,

№2 Енгізілген екі санның көбейтіндісімен қатар айрымасын да шығаратындай етіп,

№3 Енгізілген екі санның көбейтіндісімен қатар бөліндісін де шығаратындай етіп программаға өзгеріс енгізіңіз. Мүмкін болса компьютерде орындаңыз.

VІ. Үйге тапсырма.

§8-9-12-13 Деңгейлік тапырмалар


© 2010-2022