Контур жасау және редакциялау

Раздел Информатика
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Информатика Бекітемін_________________

Күні:

Сыныбы:7

Сабақтың тақырыбы: Контур жасау және редакциялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға контур жасау және редакциялау туралы түсінік беріп, одан әрі білімін жетілдіру.

Тәрбиелік: Күнделікті өмірден мысалдар келтіру арқылы оқушылардың информатикалық тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды терең ойлауға, ғылыми ой қозғауға баулу, ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Түсіндірмелі, жеке оқушымен жұмыс.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, бейне проектор,оқулықтар, таратпа

Пәнаралық байланыс: Математика,Бейнелеу

Пайдаланылатын әдебиеттер: Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.А.Бекетауов«Информатика»кітабы. М.Қ. Байжұманов «Информатика» оқулығы, Б. Бөрібаев. Г.Мадиярова « Информатика және есептеуіш техника негіздері» оқулығы.

"Информатика негіздері" журналдары,

Сабақты өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Ұжымдық әрекет;

  2. Санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті;

  3. Техника қауіпсіздік ережелерді сақтау әрекеті;

  4. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару

ІІ.Үйге берілген тапсырманы тексеру

Векторлық нысанмен қарапайым амалдар тақырыбынан түсініктерін сұрау.

Осы тақырып бойынша жинақтаған мәліметтерін тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Жұлдызша -5 бал

Төрт бұрыш- 4 бал

Дөңгелек - 3 бал тапсырмаларды жақсы орындап, сұрақтарға жауап берген оқушыларға беріледі.

Кескіндерді тек нысан - фигуралардан барлық уақытта жасай алмаймыз. Көбінесе кескіндер күрделірек. Кез келген фигураны контурға түрлендіруге болады: оның бір әдісі

  1. тапсырма

- Контур -» Нысанды контурлау бұйрығы арқылы орындалады.

  1. Шеңбер сызыңдар.

  2. Оны ерекшелеңдер

  3. Контур -» Нысанды контурлау бұйрығын орындаңдар.

  4. Контурдың түйіндерін көру үшін Түйіндер (F2) құралын таңдаңдар

  5. Құралдар параметрлерінің панеліндегі Түйіндер (түйіндер қосу) (ерекшеленген сегменттерді түзуге келтіру) батырмаларын пайдаланып, аласыңдар.

Сергіту жаттығуы (экранда берілген бейнероликке назар аударып, жаттығуларды қайталайық)

  1. тапсырма

Қағазға қолмен сурет салған сияқты Қарындашты пайдаланып, еркін қисықтар салуға болады. Нәтижесінде көптеген түйіндері бар қисық алынады.

  1. Қарындаш құралдар параметрлерінің панелінде тегістеуді 20 етіп жасаңдар, кез келген қисық сызыңдар.

  2. Тегістеу мәнін 50- ге өзгертіңдер, тағы бір қисық салыңдар.

  3. Кезектесіп алынған қисықты Түйіндер құралымен ерекшелеңдер. Түйіндер санының тегістеу параметрлерінен тәуелділігін талдаңдар.

  4. Қарындаштың әртүрлі пішінін орната отырып, бірнеше контур салыңдар. Алмасу буферіндегі пішінді қолданбас бұрын буферге көшіріңдер.

Қаламұштың әртүрлі пішінін пайдалана отырып, әр режімде S әрпін алуға тарысыңдар.

Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған параллель екі контурды құрайды.

«Пәтер іздеймін» ойыны ойнатылады.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

«А» деңгейі

«В» деңгейі

«С» деңгейі тапсырмаларды орындау.

ІV.Бекіту

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар.

  1. Контурдың анықтамасын беріңдер

  2. Контур мәзірін зерттеп, әрбір бұйрығының қызметін сипаттаңдар.

  3. Қарындаш құралымен салынғын контурдың қандай ерекшеліктері бар?

  4. Қаламұш құралының көмегімен түзу сызықтар жасау алгоритмін құрастырыңдар.

  5. Қаламұш құралының көмегімен қисық сызық салған кезде түйіндердің тетігін қандай рөл атқарады?

  6. Қисықты қалай редакциялауға болады?

  7. Каллиграфиялық қаламұш құралының Қаламұш құралынан қандай ерекшелігін бар?

  8. Контурдағы түйіндер санын қалай азайтуға болады?

  9. Қандай бұйрықтар біріктіруге мүмкіндік береді?

  10. Контурды қалай ажыратуға болады?

Қорытындылау

  • Ең қызықты болған сәті...

  • маған ой салғаны...

  • мен мынадай сезімде болдым...

  • маған ұнағаны...

  • мені мазалағаны...

  • бәрінен кереметі....

V.Бағалау

Үй тапсырмасын орындағанына қарап.

Жаңа сабаққа қатысуы

Бекіту сұрақтарына берген жауабы арқылы

VI.Үйге тапсырма беру

Түйінді жаттау,тақырыпты түсініп оқу.

© 2010-2022