Циклдің ілесу шарты. REPEAT (қайталау) операторы

Сабақтың  тақырыбы: Циклдің ілесу шарты Сабақтың  мақсаты:       1.  Білімдік: оқушыларды ілесу операторының  жазылу  тәртібімен таныстыру.  Циклдік  алгоритмдерді программалау кезінде қолданысқа  ие болған  қайталау  операторының қолданылуын айқындап ашып беру. 2.  Дамытушылық:  әртүрлі циклдік есептерді  беру арқылы оқушылардың  қайталау операторына деген түсініктерін арттыру  арқылы білімдерін  арттыру. 3.  Тәрбиелік:  оқушыларды есеп шығару кезінде есептің  шартына байланысты оператор  мен...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Циклдің ілесу шарты. REPEAT (қайталау) операторы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік: оқушыларды ілесу операторының жазылу тәртібімен таныстыру. Циклдік алгоритмдерді программалау кезінде қолданысқа ие болған қайталау операторының қолданылуын айқындап ашып беру.

2. Дамытушылық: әртүрлі циклдік есептерді беру арқылы оқушылардың қайталау операторына деген түсініктерін арттыру арқылы білімдерін арттыру.

3. Тәрбиелік: оқушыларды есеп шығару кезінде есептің шартына байланысты оператор мен қызметші сөздерді жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: интегралды сабақ

Пән аралық байланыс: циклдік қосынды есептер ( математика пәні)

Көрнекіліктер: тақта, компьютер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, есеп шығару

Сабақтың тәсілі: жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткенді қайталау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Пысықтау

5. Бағалау

6. Үй тапсырмасы

Өткенді қайталау

1. Циклдік алгоритм дегеніміз не?

2. Циклдің оператордың неше түрі бпр?

3. FOR операторы қай кезде қолданылады?

5. While операторының жазылуы.

6.WHILE циклдік операторындағы DO түйінді сөзінен кейін қандай тыныс белгі қойылмайды?

Жаңа сабақты түсіндіру

Turbo Pascal тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл -FOR, шартты алдын ала тексеретін цикл -While және шартты соңынан тексеретін цикл -Repeat.

Егер шарт алдын ала циклдегі операторды (немесе құрама операторды) неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану (аяқталу) шарты берілсе, онда While, Repeat операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.

REPEAT (қайталау) операторы

Шарт цикл соңында тексерiлетiндiктен REPEAT (қайталау) операторы ең болмағанда бiр рет орындалады. Циклдiң орындалу шарты ақиқат болғанда оның жұмысы тоқтатылды. Жазылу түрi:

REPEAT <оператор> UNTIL <шарт>

{бiр оператор қайталанады}

мұндағы UNTIL-қызметшi сөз, "дейiн" болып аударылады. Ал бiрнеше оператор

қайталанатын жағдайдағы жазылуы:

REPEAT <1-оператор>;

<2-оператор>;

...

;

UNTIL <шарт>;

Бұл жерде құрмалас оператор REPEAT және UNTIL сөздерiнiң арасында

орналасып, басқа қызметшi сөздер жазылмайтыны көрiнiп тұр. Бұл операторды да

WHILE операторын пайдаланған есептерде қолдануға болады.

1-мысал. S=10+9+8+7+6 қосындысын есептеу.

Program қосын-2 ;

Var i, s : integer;

Begin

i:=10; s:=0;

REPEAT

s:=s+i;

i:=i-1;

UNTIL i<5;

Writeln('i=', i, 's=', s);

end.

Тапсырма. Қосындыны есептеу. Циклдің ілесу шарты. REPEAT (қайталау) операторы

Const n=10;

Var i, p: integer; s: real;

Begin s:=0; p:=1; i:=1;

REPEAT p:=p*i;

S:=s+ sqr(i)/p;

I:=i+1;

UNTIL i>n;

Writeln('s=', s:4:2);

End.

Тапсырма. N=1, 2, 3 және k=2, 4, 6, 8 барлық мәндерiнде y=2k+n айнымалысының

мәнiн табу.

Program Есеп;

Var k, n, y: integer;

Begin For i:=1 to 3 do

Begin k:=2;

While k<=8 do

Begin y:=2*k+n;

k:=k+2;

Writeln('y=', y);

End;

End;

End.

Жаңа сабақты пысықтау

Оқушыларға жеке нұсқалы, екі есепті компьютерде шешуге таратылу қағаздары беріледі. Оқушылар орындағаннан кейін компьютер арқылы тексеріп, жауабын анықтап, бағалаймыз.

Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Қайталану алгоритмдерін программалауды ұйымдастыру қалай жүргізіледі?

2. «Цикл әзір»және «цикл кейін» құрылымдарының айырмашылығын блок-

схема арқылы түсіндіріңіз?

3. Алдын ала шартты тексеру операторы.

4. REPEAT операторының жалпы жазылуы және орындалуы.

5. параметірлі қайталану операторының жазылуы және орындалуы.

6. Циклдің денесі дегеніміз не?

7. Күрделі циклдер туралы айтыңыз.

Бағалау.

Үйге тапсырма: REPEAT (қайталау) операторы

Тапсырма: N=1, 2, 3 және k=2, 4, 6, 8 барлық мәндерiнде y=2k+n айнымалысының мәнiн

табу.


© 2010-2022