Сабақ жоспары Критериалдық бағалауды қолдау

Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коуч. Ибраев Султанбай Оңалбайұлы.

«Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалық жүйені қолдану.» тақырыбы бойынша коучинг жоспары.


Сабақ тақырыбы:

«Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалық жүйені қолдану»

Жалпы мақсат:

Мұғалімдерге оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалық жүйені қолдану түрлері туралы ақпарат беру. Критерилер қоя отырып критериалды бағалау және формативті бағалау жиынтық бағалау жасауға және болашақта сабақтарда қолдана білуге үйрету.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 104-109-б

Үлестірмелі нұсқаулық. Семинар коучинг материалдары.

Оқу нәтижесі

Мұғалімдер оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалық жүйені қолдану туралы ақпарат алады, күнделікті өздері бағалап жатқан түрлерімен салыстырады, топтық, жұптық және жеке бағалау арқылы критерий жасауды үйренеді, критериалық бағалау парақшасын жасайды, болашақта сабақта қолдануға бейімделеді.

Түйінді идеялар:

Мұғалімдерге сабақ барысында оқушылардың критериялды , формативті , жиынтық бағалауды қалай қолданғану жөніндегі түсінігін қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 4 парақтары, флипчартқағаздары, стикер, интерактивті тақта,презентация, маркер, қалам, желім, түрлі- түсті қағаз, қайшы

Оқыту әдістері:

ОүБ және оқуды бағалау.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Өз білім жетістіктерін бағалайды.

1. жұптық жұмыс.

2. Топтық жұмыс .

3. Жеке жұмыс.

Дерек көздері:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, қажетті ресурстар.

Тапсырмалар:

Топ ережесін құру. Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Паскаль тілінің басқару операторлары. Таңдау операторлары. Циклдік операторлар. Тақырыптар бойынша постер салу және қорғау. Қатысушылар өздерін критериалдық бағалайды.

формативті бағалау, сергіту сәті, жұппен жұмыс, рефлексия.

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.104-109беттер

уақыт

Коучтың іс әрекеті

Мұғалімдердің іс әрекеті

5 мин

Психологиялық ахуал

«Көз алдамшы суреттер » Слайд суреттер. Аудиторияда психологиялық ахуал тудыру

Қатысушылыр көрып анықтайды және тапсырмаларды орындайды.

3 мин

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар (Төртбұрыш. Эллипс. Ромб. Параллограм) үлестіру арқылы топқа бөлу.

4 топқа бөлінді.

2 мин

Ой қозғау

  • Критериалық бағалау қандай?

  • Формативті бағалау дегеніміз не?

  • Суммативті бағалау дегеніміз не?

  • Бағалау не үшін қолданады?

Мұғалімдер сабақтағы бағалау түрлерін талқылап өздерінің ойларын айтады.

15 мин

Коучтың ақпараты:

Бағалаулар айырмашылығы. Слайд.

Зейін қойып тыңдады. Сұрақтар қойды.

5 мин

25 мин

Топтық жұмыс:

1-тапсырма: « Берілген өз тақырыптары бойынша жұмыс жасайды».

2-тапсырма: « Постерлерін қорғайды»

Әр топтағы қатысушылар тақырып тапсырмаларын орындайды. Постер қорғайды. Бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.

5 мин

Сергітусәті: « Көңілді күн» Интерактивті тақтаға қарап ән-би.

Қатысушылар бірге орындайды.

5 мин

Топтық бағалау: коуч бағалау критерийді жасауды ұсынады

Топтар бірлесе отырып бірінші критерилер құрып. Осы критерилерге сүйене отырып , топтық бағалауды жүзеге асырды. Сонымен қатар өзін өзі бағалау кестесінде ұпай жинай отырып, соңында жиналған ұпайларын санап өзін өзі бағалады.

5 мин

Коучтың сұрақтары:

Формативті мен жиынтық бағалаудың айырмашылығы неде?

Критериялды бағалаудың маңызы? Дискриптор дегеніміз не, қандай мақсаттарда қолданылады?

Сұрақтарға жауап бере отырып өз сабақтарындағы бағалаумен салыстырады, критерий міндетті түрде қою керектігін түсінді, формативті бағалау жүргізу керектігін түсінді, Дискриптор туралы мағлұмат алды.

5 мин

Бүгінгі өтілген коучингке критериа жасауды коуч ұсынады.

Мұғалімдер критериа жасау арқылы өзін-өзі реттейтінін және үнемі қолданса сабақта жүйелі түрде білім сапасының көтерілетінін байқады.

5 мин

Кері байланыс:

Бүгін мен не білдім?

Сізге критериалық бағалау түрі ұнады ма?

Сізге не ұнамады, не түсініксіз болды?

Сіздің ұсыныстарыңыз?

Стикерлерден алған ақпарат: жиынтық бағалауды үнемі мұғалімдер қолданады бірақ оны күнделікті және тоқсандық т.б. деп атайды, критерийді оқушылар міндетті түрде білу керектігін жазған, кейбір мұғалімдер бағалау парақшасы ұнағаның және жұптық, топтық, өзін-өзі критериалық бағалау ұнағаның айтқан, дискрипторды қалай сабағында қолдануға болады деген сауал түсті.











© 2010-2022