Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтау

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«№20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі» КММ








Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтау


Информатика пәнінің мұғалімі: Жұмағалиева Мария














Ақтау - 2015 ж

Сабақтың тақырыбы: Суретті салу, сақтау және ашу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын,ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, «Информатика» оқулығы 5 класс

Сабақ барысы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі

  • II. Үй жұмысынтексеру

  • III. Үй тапсырмасын бекіту

  • ІV. Жаңа сабақ

  • V. Практикалық бөлім

  • VI. Қорытындылау

  • VІI. Үй тапсырмасын беру

  • VІIІ. Бағалау

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, еліміздің гимнін айтқызу, оқушыларды түгендеу;

  2. Үй жұмысын тексеру: Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

  • Файл дегеніміз не?

  • ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?

  • Ұзындығы 1-255 символға дейін болады ол?

  • ҚР Президент күні?

  • Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылымды не деп атаймыз?

  • Нысанға қол жетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші?

  1. Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға тапсырма беріледі

Компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп, уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.

  • Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз

PAINT графикалық редакторы

ІІ. Мағынаны тану

1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

PAINT сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows-тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

PПрезентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауПрезентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауПрезентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек. Пуск Барлық бағдарламалар Стандартты PAINT

Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.

PAINT терезесімен таныстыру.

Сурет салу кезеңдері

  • Құралды таңдап алу

PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

  • Сызықтың қалыңдығын, қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау

Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

  • Кескіннің түсін таңдау

Сурет салатын түсті таңдау үшін,палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек

  • Фонның түсін таңдау

Фонның түсін таңдау үшін,палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шертіңдер.Бұл фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет(тік төртбұрыш,көпбұрыш,эллипс,дөңгеленген көпбұрыш)

3. PAINT графикалық редакторының құралдары

-Сендер бейнелеу сабағынан сурет салғанда қарапайым құралдарды пайдаланасыңдар сол сияқты графикалық редакторда да өзінің құралдары бар. Енді солармен танысайық.

Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтау

-Линия (сызық) -түзу сызық сызу үшін керек

-Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауТік төртбұрыш -боялмаған және боялған тік төртбұрыштар салуға болады.

Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтау

-Дөңгеленген тік төртбұрыш-бұрыштары дөңгеленген,іштері боялған және боялмаған тік төртбұрыштар салуға болады.

-Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауЭллипс -іштері боялған және боялмаған эллипстер мен шеңберлер салуға болады.

Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтау

-Қисық сызық-қисық сызықтар сызу үшін керек.

-Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауКөпбұрыш-көпбұрыш салу үшін керек.

-Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауҚұю-оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады.

Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтау

-Бүріккіш-бояуды бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады.

Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтау

-Қылқалам-тұйық емес контурды бояуға арналған

Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтау

-Өшіргіш- қате жерлерді кетіру үшін пайдаланылады.


Суретті қалай сақтайды?

СПрезентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауПрезентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауалған суреттерді,графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны арнайы дискідегі файлда сақтаған жөн.

PAINT программасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін «Файл-сохранить как» командасын орындау керек.

Экранға «Сохранить как» диалогтық терезесі пайда болады

Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі -.bmp

Мәтіні бар сурет салу

Суреттің үстіне мәтін жазу,қосу үшін мынадай құрал пайдаланылады

-Презентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауНадпись(жазу) -мәтін жазуға арналған

Қазақша мәтін жазғыларыңыз келсе қаріптің типін «Times New Roman» типіне қоямыз. Жазылған мәтінді курсив,жартылай қалың немесе астын сызып жазуға да болады. Ол үшін мына қаріп тақтасын пайдаланамыз.

Суреттерді қалай ашады?

СПрезентация по информатике на тему суретті салу, ашу, сақтауақталып тұрған суретті ашу үшін «Файл-открыть» командасын орындау керек. Экранда диалогтық терезе ашылады, оған меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып,екі рет шертеміз.

ІІІ. Компьютермен жұмыс.

  • Қазақстан жайында сурет салу.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

  • Оқулықтан §14 тақырыпты оқып келу.

Бағалау.


© 2010-2022