Дербес компьютер. Компьютердің құрылғылары

. Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютердің құрылғылары. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен  және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру.                                    2. Шәкiрттердiң компьютердi одан әрi тереңiрек, оған деген қызығушылығын, жалпы ойлау қабілетін  дамыту.                                     3. Баланы адамгершілікке, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсетуге, тазалыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: (Көрсете түсіндіру, ойын арқылы, тапсырмалар орындау) Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар Сабақтың барысы:    I. Ұйымдастыру кезеңі  Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру: (сұрақтар арқылы ) Жаңа сабақ            Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі  құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.  Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол  компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық  командаларды орындайды.  Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасын...       Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді .Бірақ онда ақпараттар уақытша  сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) – ақпартты тұрақты сақтауға арналған жад. Компьютерді өшіргенде ақпарат бұзылмайды. Жедел жадтайтын құрылғы-ақпара... Бейнелеу түсі бойынша Шығаратын ақпараты бойынша Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр) Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді) Түрлі түсті Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)         Пернетақта  - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда  101 немесе  105  перне  болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып  табылады. Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:  -басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық   пернелер)  -функционал пернелер: F1-F12  -арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt,  BackSpace  -меңзерді басқару және редакциялау  пернетақтада.  -сандық пернетақта. Тышқан.  Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған.  Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Джойстик.  Джойстик  деген  компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор... 1- кезең.  «Кім тапқыр» 2-кезең. «Кім жылдам» 3-кезең «Ауыстырмақ». Келесі сайысымыздың шарты бойынша орны ауысқан сөздерден  дұрыс сөз құрастыру қажет. 4-кезең «Ой қозғау». Әр кубикте бір әріп қалдырып, жасырылған сөзді оқыңдар да, батырманың  қызметін жазыңдар. 5-кезең. «Жапырақтар әлемі» сиқырлы әріптер. 6-кезең. «Кім епті» Мәтін теру. Оқушылардың әріптерді теру жылдамдығын арттыру мақсатында оларға теруге шағын мәтін беріледі. Қорытындылау:  а) Жүйелік блокта орналасқан есте сақтау құрылғысы?  ә)  Телефон желісі арқылы интернетке  шығу  құрылғысы?  б) Компьютердегі жад түрлері. Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабақ  ұнады ма?    Несімен ұнады? Үй тапсырмасын беру:. Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.
Раздел Информатика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютер. Компьютердің құрылғылары.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру.

2. Шәкiрттердiң компьютердi одан әрi тереңiрек, оған деген қызығушылығын, жалпы ойлау қабілетін дамыту.

3. Баланы адамгершілікке, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсетуге, тазалыққа, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: (Көрсете түсіндіру, ойын арқылы, тапсырмалар орындау)

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, жоқ оқушылардың себебін анықтау, бар оқушылардың назарын тарту, оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру: (сұрақтар арқылы )

Жаңа сабақ

Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған. Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар. Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына - микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процесор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.

Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді .Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе онда жедел жадтағы барлық ақпарат өшеді. Компьютердің ішкі жадысының екі түрі бар:тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ (ОЗУ) - ақпартты тұрақты сақтауға арналған жад. Компьютерді өшіргенде ақпарат бұзылмайды. Жедел жадтайтын құрылғы-ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад. Монитор-ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.

Бейнелеу түсі бойынша

Шығаратын ақпараты бойынша

Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр)

Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)

Түрлі түсті

Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)

Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады.

Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады:

-басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық пернелер)

-функционал пернелер: F1-F12

-арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace

-меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада.

-сандық пернетақта.

Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы - «Тышқан» манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол-сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Джойстик. Джойстик деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын обьектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор. Принтер. Ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік. Матрицалық принтерлер - бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болады.

1- кезең. «Кім тапқыр»

2-кезең. «Кім жылдам»

3-кезең «Ауыстырмақ». Келесі сайысымыздың шарты бойынша орны ауысқан сөздерден дұрыс сөз құрастыру қажет.

4-кезең «Ой қозғау». Әр кубикте бір әріп қалдырып, жасырылған сөзді оқыңдар да, батырманың қызметін жазыңдар.

5-кезең. «Жапырақтар әлемі» сиқырлы әріптер.

6-кезең. «Кім епті» Мәтін теру. Оқушылардың әріптерді теру жылдамдығын арттыру мақсатында оларға теруге шағын мәтін беріледі.

Қорытындылау:

а) Жүйелік блокта орналасқан есте сақтау құрылғысы?

ә) Телефон желісі арқылы интернетке шығу құрылғысы?

б) Компьютердегі жад түрлері.

Рефлексия:

Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады?

Үй тапсырмасын беру:. Дербес компьютер. Компьютер құрылғылары.


© 2010-2022