Модель және модельдеу. Модельдің түрлері

Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Модель және модельдеу. Модельдің түрлері.

Сабақтың мақсаты: «Модель», «Модельдеу» түсініктерін, модельдердің кезеңдерін қарастыру.

Білімділік: Модель, модельдеу дегеніміз не; модельдеудің негізгі кезеңдерін, сипаттамасын; модельдеудің мүмкін мақсаттарын, ақпараттық модель түсінігін, компьютерлік модель түсінігін.

Дамытушылық: Нысан моделін анықтауды; модельдерге мысал келтіруді, модельдерді орындауды.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта, компьютерлер, оқулық, тақта, бор

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Психологиялық ахуал орнату

  2. Оқушылармен амандасу, түгендеу

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Алгоритм түрлерін атаңдар?

2) Тармақталу және сызықтық алгоритмге анықтама беріңдер.

3) Қандай алгоритмді циклдік деп атайды?

4) Шарттың циклдің басында тексерілуі мүмкін және соңында тексерілуі мүмкін, екеуінің айырмашылығы неде?

ІІІ. Жаңа сабақ

Модель - нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.

Модельдеу - нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру. Модельге мысалы: глобус, әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетінің көрнекі құралдары, әйгілі суреттердің көшірмесі. Оларды зерттеу мақсатында адамдардың қолымен жасалған нысанды - модель деп атаймыз.

Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерің біліп қана қоймай, соңымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет. Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады.

Модельдеу - шығармашылық үдеріске жатады және ерекшеленген кезеңдер әр нақты жағдайда өзгеріске ұшырауы мүмкін.

Зерттеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:

  • Қоршаған ортаны танып - білу;

  • Берілген қасиет бойынша нысанды құру;

  • Әсердің нысанға тигізер салдары;

  • Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.

Көп жағдайда нысан бірнеше өзара байланысқан нысандардың жиынтығынан тұрады. Мысалға «ғимарат» нысанын бірнеше «бөлме» нысандардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Әр нысан «бөлме» өз кезегінде ішіндегі жиhаздың жиынтығынан тұрады.

Бір нысан (үдеріс, құбылыс) үшін шексіз модель құрылуы мүмкін. Модельдің түрі бірінші кезекте зерттеу мақсатының қойылуына байланысты анықталады. Мысалға саяхатшының көзқарасы бойынша қаланың моделі (мақсат - қаланың назар аударарлық орындары) және сәулеті (мақсат - қайта) құру әртүрлі болады.

V. Үйге тапсырма: §13 оқу тест тапсырмаларына жауап беру

VI. Бағалау


© 2010-2022