Сыныптан тыс шара Сурет салам шаттана

Сыныптан тыс шара 5-6-сыныптар оқушылары үшін апталық кезінде жасақталып өткізілген еді. шара оқушылардың жас ерекшеліктеріне негізделіп өткізілген. Paint сурет салу редакторында жұмысқа дағдыландыру үшін, сурет салуға арналған компьютер мүмкіндіктерін үйретуге мақсатталған.  Редактордың мүмкіндіктері,  басқа графикалық редакторлар туралы да айта кетуге болады.  Шара өз мақсатына жетуі үшін тағы қосымша материалдармен толықтыруға болады. Мектеп оқушылары үшін жақсы, қызықты болып өтті. "өте жақс...
Раздел Информатика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс шара «Сурет салам шаттана»

Есенова Сәулет

№9 орта мектеп

Шараның мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, проектор, оқушы ноутбуктері, слайдтар

Paint терезесі т.б..

Түрі: сайыс

Шараның барысы:

І. «Сәлем сөздің атасы» (әр топ өздерін таныстырады)

ІІ. «Сөзталас» (компьютердің пайдасы мен зияны туралы сөзталас).

ІІІ. «Суреттің бөлшектерін құрастыру» (сурет қиындыларын құрастыру).

IV. «Аквариумдағы балықтар» (компьютерде сурет салу).

V. «Қызықты сұрақтар» (сұрақтарға жауап беру).

VI. "Суреттің сырын шеш" (жасырылған суретті табу)

VII. "Қош келдің, Жаңа жыл!" (Paint редакторында сурет салу).

VIІI. Қорытынды, марапаттау.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ақпараттанған әлем» информатика апталығында 7 сыныптар арасында өткелі отырған «Сурет салам шаттана» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған қатысушыларға сәт сапар тілей отырып, командаларды ортаға шақырамыз.

  1. Google.kz тобы - 7а сынып оқушылары

  2. Модем тобы - 7ә сынып оқушылары

  3. Билл Гейтс тобы - 7б сынып оқушылары

Сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Сурет салу өнері өте ертеден бастау алатын көне өнерлердің бірі. Сурет салу біреулерге атақ абырой әперіп, атын тарихта қалдырса, біреулер үшін хобби түрінде жәй ермек іспеттес. Қалай болғанда да сурет салып парақ шимайламаған адам жоқ шығар сірә. Суретті құмға да, бояумен немесе жәй карандашпен де салуға болатыны сурет пәнінен белгілі. Олай болса бүгін суретті компьютерде салып орындаймыз. Сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І. «Сәлем сөздің атасы» (әр топ өздкерін таныстырады)

ІІ. «Сөзталас» (Компьютердің пайдасы мен зияны).

ІІІ. «Суреттің бөлшектерін құрастыру» (компьютерде сурет салу).

IV. «Аквариумдағы балықтар» (компьютерде сурет салу).

V. «Қызықты сұрақтар» (логикалық сұрақтар).

VI."Суреттің сырын шеш" (информатика ғылымына байланысты сөздерді)

VII. "Қош келдің, Жаңа жыл!" (Paint редакторында сурет салу).

VІII. Қорытынды, марапаттау.

Жүргізуші: Олай болса сайысымызды бастаймыз. «Батылдық балалық шақтан басталады»десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі ойын екендігі белгілі. Бүгінгі ойын түрінде өткелі отырған сайысымызды бастайық.Алдымен ойынға шығатын оқушылармен танысайық.

І- тур. «Сәлем сөздің атасы»деп аталады. Әр топ өздерін таныстырып өтсін.

Жүргізуші: ІІ-турымыз «Сөзталас» деп аталады. Осы күнге дейін көріп жүрген компьютеріміздің қаншалықты пайдасы мен зияны бар екендігін біліп алсақ артық болмас, сәрі. Олай болса бұл турда компьютердің пайдасы мен зияны туралы ортаға әр топтан бір оқушыдан шығып сөзталастырайық.

Жүргізуші: ІІІ-тур. «Суреттің бөлшектерін құрастыру». Бұл турдың шарты бойынша топ мүшелері қиындылардан сурет құрастырып, не тапқанын, ол құралдың атын, қызметін айтып өтуі тиіс.

Жүргізуші: IV-тур. «Аквариумдағы балықтар» деп аталады. Бұл турда сурет салуға негізделеді. (топтар сурет салады)

Жүргізуші:Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қызықты да қиынырақ сұрақ болсын -деп V-турымыз «Қызықты сұрақтар» деп аталады. Бұл турда сұрақтар мен логикалық есептер беріледі, оларға барлық топтар жауап беруге болады, дұрыс жауап берген топқа -5 ұпай беріледі.

  1. Ақпарат деген не?

  2. Табиғи қатынас тілге қай тіл жатады?

  3. 8 биттен тұратын код не деп аталады?

  4. Тышқан қол тетігінің қызметі қандай?

  5. Графиктік редактордың меню құрамын ата

  6. Графикалық редактордың іске қосылуы

  7. Суретті салу мен өңдеу құралдарының жалпы саны қанша?

  8. Құю құралы қандай қызмет атқарады?

  9. Суреттің үзіндісін жылжыту.

  10. Бүріккіш құралының қызметі қандай?

Жүргізуші:Ғылымда асулар көп алатұғын,

Қанатын биіктерге қағатұғын.

Ұшқырлығын танытып қыран құстың,

Кез келді суреттің сырын табатұғын

-деп келесі турымыз "Суреттің сырын шеш" деп аталады. Бұл турда оқушылар Paint графикалық редакторының құралдарының төртбұрыштар артына жасырылған суретінің бір бөлшегін ғана ашып сол арқылы суретті табады және қандай құрылғы екенін айтады. Кім бұрын болса сол озады.

Жүргізуші:

Шыңда тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетті ұл мен қыздар.

Ең соңғы айналымға келіп жеттік,

Ойлантып отырғанды таң қалдырар, - деп VII-турдың тапсырмасы бойынша топтар «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында сурет салу керек.

(Оқушылар Paint графикалық редакторының терезесінде сурет салады)

Жүргізуші:

Өрбітіп ойлар ойда қала берер,

Білім сана толастап жана берер.

Әділқазыларды ортаға шақырайық,

Сайыста әділ ғып бір баға берер - деп әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Қорытынды:

Информатика нық басып ғаламатта,

Ой бөлісіп заманды саралатты.

Сау болыңыздар қымбатты көрермендер,

Қайта айналып көріскенше саламатта-дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы


© 2010-2022