Сабақ жоспары: Blender программасының интерфейсі

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып:

10

Күні:

29.02.2016

Сабақтың тақырыбы:

Blender программасының интерфейсі

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жұппен жұмыс жасата отырып 3D ортасы жайлы түсініктерін Blender 3D модельдеу бағдарламасы көмегімен қалыптастыру, бағдарлама интерфейсімен таныстыру

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер:

Жұппен жұмыс, сұрақ-жауап әдісі

Көрнекіліктер:

Видео, MyTest бағдарламасымен жасалған электронды тест, оқулық, тақта

Сабақтың жүру барысы

Кезеңдер

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1 мин

Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

Амандасу. Шеңбер құра отыру

Үй жұмысын тексеру

3 мин

«Қар кесегі» әдісі бойынша сұрақ-жауап

Ақ парақтарға өткен тақырып бойынша әр оқушы бір сұрақ жазып басқа оқушыға лақтырады. Екіншісі сұраққа ауызша жауап береді

Қызығушылықты ояту

10 мин

Blender 3D модельдеу бағдарламасы көмегімен «Ниньзаның жасалуы» видеосы көрсетіледі

Видеоға мән беріп қарау. Сұрақтарға өз ойлары бойынша жауап беру

Жаңа тақырып

15 мин

Оқушыларға Blender бағдарламасы терезе элементтерімен таныстыратын слайд көрсетіледі.


Слайдты түсініп қарау. Керек жерлерін дәптерлеріне жазып алады.

Бекіту

10 мин

Слайд бойынша қиындық туғызған түсініксіз жерлер бар ма сұралады. Бар болған жағдайда түсіндіріледі

Түсініксіз жерлері, жаңа терминдер болса мұғалімнен сұрайды

Практика


Куб тәрізді нысандарды қойып үйрету.

Blender 3D модельдеу бағдарламасын іске қосып, суретте берілген нысанды тұрғызу

Рефлексия

2 мин

Көңіл күйді білдіретін түрлі смайликтер көрсетіледі (слайд) Сабақ жоспары: Blender программасының интерфейсі

Сабақтан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін смайликтердин бірі арқылы көрсетеді

Бағалау

1 мин

Оқушыларға алған бағаларын жариялау

Күнделікке бағаларын қойдырады

Үйге тапсырма

1 мин

§23-24. 3D кеңістігі бағдарына кіріспе. Программа интерфейсі, нысандар тақырыбын қайталап келу

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазу



© 2010-2022