Сабак жоспар казакша 5сынып

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабак жоспар казакша 5сыныпСабак жоспар казакша 5сыныпСабак жоспар казакша 5сыныпБекітемін _____________________

Күні:18.01.16ж

Пән аты: Информатика
Сыныбы: 5 Б

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редакторы. Суретті ашу, сақтау.
Білімділік: Оқушыларға Paint графикалық редакторы туралы түсінік беру. Интерфейсі мен сурет салу кезеңдерімен таныстыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды білім алуды жалғастыруға, тәртіпке, еңбекке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың Paint графикалық редакторында жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютерлер, слайд.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру


Сергіту сәті:

  1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.

(Жігітті досына қарап, бағала)

  1. Байт биттен құралады.

(Теңге тиыннан құралады)

  1. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.

(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

  1. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.

(Аттың сыры, иесіне мәлім)

  1. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.

(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада)

  1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

  1. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

(Бір ақылдан, екі ақыл артық)

  1. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды.

(Досы күштіні - жау алмайды)

  1. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

(Күлсең кәріге күл)

  1. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.

(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

Жаңа сабақ
Paint.СтандартныеПрограммыPaint графиктік редакторы іске қосу: Пуск
Компьютерде графикалық ақпаратты құру құралдарына жататындар:
• Енгізу құрылғылары (сканер, тышқан, графикалық планшет т.б.);
• Графикамен жұмыс істеуге арналған программалар (графикалық редакторлар).
Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа. Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) - бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Пиксель - (ағылшынша picture element - суреттің элементі)
Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пикселдердегі координаттарын байқауға болады.
Интерфейсі:
• тақырып жолы;
• меню жолы;
• құралдар тақтасы;
• жұмыс аймағы;
• сурет салу құралдар тақтасы;
• палитра;

ПАЛИТРА
Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынтығынан басқа негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар.
Үнсіз келісім бойынша негізгі түс қара, фон түсі ақ.
Негізгі түс кескін сызу түсі, тышқан батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады.
Фон түсі тұйық фигураны бояу түсі, тышқанның оң жақ батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады. Мысалы тікбұрыш көпбұрыш және эллипс таңдалған режімге байланысты фон түсімен боялуы мүмкін палитраны өзгерту үшін оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек
Суретті тышқанның сол жағын шертуде сызық негізгі түспен, ал ішін толтыру фон түспен орындалады.
Суретті тышқанның оң жағын шертуде сызық фон түспен, ал ішін толтыру негізгі түспен орындалады.
СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
1. Тышқанның арқылы құрал және оның пішінін таңдау;
2. Палитрадан түс таңдау;
3. Жұмыс аймағында шертіп қажетті сурет шыққанша тышқанды жібермей тарту;

Бақылау сұрақтары:
1. Графикалық деректерді енгізу және шығару үшін қандай құрылғылар қолданылады?
2. Графикалық редактор деген не?
3. Растрлық графиканың кемшілігін атаңдар?
4. Растрлық графиканың артықшылығы неде?

Бағалау.

Үйге тапсырма:

1.Жаңа тақырыпты оқу

2.Қосымша материалдар жинақтау

Бекітемін _____________________

Күні: 25.01.16ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 Б

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редакторының сурет салу құралдары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Paint графикалық редакторының сурет салу құралдарымен және олардың мүмкіндіктерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту, компьютерде Paint редакторының құрал - саймандарымен сурет салуды үйрету.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, суретті кестелер, бағалау парағы.

Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

4. Тапсырмаларды орындау

5. Сабақты бекіту

6. Үйге тапсырма беру

Сергіту сәті:

1. Көңілсіз қыздар («Көңілді балалар»)

2. Суық аяқтар («Ыстық бастар»)

3. Велосипедтен қорықпа («Автомобильден сақтан»)

4. Сүйек аяқ («Гауһар қол»)

5. Симфониялық оркестрде тек қана ұлдар («Джазда тек қана қыздыр»)

6. 71 сағат күз («Көктемнің 17 кезеңі»)

7. Жер бейбітшілігі («Жұлдызды соғыстар»)

8. Лондон жылағандарға сенеді («Москва слезам не верит»)

9. Кедейлер кейде күледі («Байлар да жылайды»)

10. Алдыңғы («Соңғы», "Next")

Өткен материялды қайталау сұрақтары:

  • Графикалық редактор дегеніміз не?

  • "Paint " сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

  • Графикалық редактор бізге не үшін қажет?

  • Расторлық бейнелер неден тұрады?

  • Paint редакторын қалай іске қосамыз?

Практикалық жұмыс:

1 - тапсырма

Оқушылар өз қалауы бойынша сурет Paint редакторында салады және салынған сурет ішіне текст енгізеді.

2 - тапсырма

Шыршаның суретін салып, оның бірнеше көшірмесін шығарады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?

  • Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

  • Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

  • Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертуге болады?

Үйге тапсырма: Paint графиктік редакторының құралдарын жаттау.












Бекітемін _____________________

Күні. 01.02.16ж

Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерін ерекшелеу. Суреттің үзінділерімен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелік:Үзінділерді белгілеуге және олармен әр түрлі әрекеттер орындауға, үзіндіні көшіруге, жылжытуға және жоюға үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілітін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер.

Сергіту сәті:

Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы бітеді

Ә) Жақсы болсаң, жүректе

Б) Ерлік білекте емес, ашу-дұшпан

В) Жері байдың ел

Г) Ақыл дос, ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп

Д) Мал баққанға сол тоқ

Е) Адам деген- елі бай

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

§Түзу сызық сызу әрекеті қалай орындалады?

§Тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

§Дөңгеленген тік төртбұрыш салу әрекеті қалай орындалады?

§Эллипс, шеңбер салу әрекеттері қалай орындалады?

§Осы фигуралардың түстерін қалай өзгертугеболады?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Үзінді - бұл суреттің белгіленген бөлігі. Үзінді мына құралдар арқылы бөлінеді немесе белгіленеді:

Тік төртбұрышты бойынша белгілеу үшін - батырмасы таңдалынады.

Кез - келген аймақты бөліп алу үшін - батырмасы қолданылады.

Үзінділермен орындалатын әрекеттер:

Алмасу буферіне қиып алу

Алмасу буферіне көшіру

Басқа жерге апару

Басқа жерге көшіру

Сурет бойынша көбейту

Пішіні мен өлшемін өзгерту

Масштабын өзгерту, қисайту

Төңкеру және бұру

Түсін өзгерту

Жою

Үзіндіні көшіру мен жылжыту.

Үзіндіні белгілейміз;

Көшіру:

а) Правка меню; ә) Тышқанның оң жақ б) пернетақтаның в) Ctrl - пернетақтасы арқылы;

батырмасы; көмегімен;

Ctrl - батырмасын баса отырып тышқанның көмегімен керекті жерлерге қойыңыз.

3.Правка →Копировать(Ctrl + X) немесе Вырезать (Ctrl + С) командаларының бірін орындаймыз

4.Правка → Вставить (Ctrl + V) командасын орындаймыз

Жылжыту:

Тышқанның батырмасын баса отырып керекті жерге апарып қою.

Үзіндіні өшіру.

1.Үзіндіні белгілеу;

2.Правка → Очистить выделение командасын орындаймыз немесе Delete пернесін басамыз.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1. Жаңа сурет салыңдар (Paint - Құру батырмасы).
2. Сурет салу аймағындағы маркерлерді (кішкене тіктөртбұрыштарды) жылжыта отырып, суреттің мөлшерін 10х15 см етіңдер.
3. Белсенді түстерді таңдаңдар.
4. Қылқаламды, Қарындаш сайманынан Сызық және Сопақ (Овал) фигураларды пайдаланып сурет салыңдар (77-сурет). Бояу үшін контурлардың «тесіктері» болмауы керек екеніне көңіл аударыңдар. Ұсақ детальдармен жұмыс жасау үшін Масштаб сайманын қолданыңдар.
5. Суретті үлгі бойынша бояңдар. Аймақтардың контурларын бояп көріңдер. Бірінші тәсіл - алдымен қара түске, одан кейін қажетті түске бояңдар. Екінші тәсіл - қажетті түсті - фонның, ал қараны Қылқаламның түсі етіп алып, боялған өшіргішті пайдаланып, түсті өзгертіңдер.
6. Суретті өз бумаларыңда Ойыншық.bmp деген атпен сақтаңдар.
В деңгейі
А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
Қар бүршіктерінің бейнесін қосыңдар (78-сурет).
С деңгейі
В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.
Суретке мәтін қосыңдар (79-сурет).


IV. Бекіту

Үлестірме карточкалармен жұмыс

V. Қорытынды

Үзінді дегеніміз не?

Үзінділерді белгілеу жолдары қандай?

Үзінділермен қандай әрекеттерді орындауға болады?

Үзінділерді көшіру және жылжыту әрекеттері қалай орындалады?

Үзіндіні жою әрекеті қалай орындалады?

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу.














Бекітемін _____________________

Күні: 08.02.16ж

Сыныбы: 5 Б

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Графиктік ақпаратты өңдеу, баспаға дайындау, баспадан шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға суреттің өлшемін өзгертуді, түстер палитрасын өзгертуді, суретті басға дайындауды және қағазға басып шығару жолдарын үйрету

Дамытушылық: оқушыларды Pаint бағдарламасымен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: ДК, бейнепроектор, үлестірмелі тапсырмалар

Сабақтың барысы:

Сабаққа назарын аударту:

Компьютер алдында отырғанда ________ бен ____________________60-70 см болуы керек.

2. Көз шаршағанда _________________________ жасауға болады.

3. _________________ - бұл қоршаған орта туралы мәлімет.

І. Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, оларды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Pаint қандай бағдарлама?

2. Үзінді дегеніміз не?

3. Суреттің үзіндісін қандай құралдармен бөліп аламыз?

4. Суреттің үзіндісімен қандай әрекеттерді орындауға болады?

5. Үзіндіні қалай көшіруге болады?

6. Үзіндіні қалай жылжытамыз?

ІІІ. Жаңа сабақ

Кейбір кездерде салынған суреттің ұсақ бөліктерін салу қолайсыз болады. Бұл жағдайларда суреттің бөлшектерін жақынырақ көру үшін оның өлшемін үлкейту немесе толық көру үшін кішірейту керек.

Суреттің бейнелену өлшемін өзгерту үшін Вид →Масштаб командасын орындаңдар. Бұл кезде пайда болған бағыныңқы менюден: Крупный, Выбрать командаларының бірін таңдаңдар немесе Масштаб батырмасында шертіңдер.

Кәдімгі өлшемді қалпына келтіру үшін Вид → Масштаб → Обычный командасын орындаңдар.

Pаint графикалық редакторындағы түстер палитрасын өзгерту немесе палитрада жоқ, бірақ өздеріңе ұнайтын түстерді қосу үшін төмендегілерді орындау керек.

1. Палитраның ауыстырылатын түсіндетышқанмен шертіп, Палитра→Изменить палитру орындаңдар немесе палитраның кез келген түсінде екі рет шертіңдер.

2. Изменение палитры сұхбат терезесіндегі Определить цвет батырмасын шертіңдер.

3. Изменение палитры сұхбат терезесінде түстер спектрі ашылады.

Түстер спектірнде меңзерді жылжытып отырып, Цвет/Заливка жақтауында пайда болған түсті таңдаңдар да, Добавить в набор батырмасын шертіңдер.

Бұдан кейін таңдалған түс Дополнительные цвета бөлімінің бірінші бос ұяшығында пайда болады.

ОК батырмасында шертіңдер. Pаint графикалық редакторының терезесіндегі стандартты палитрада таңдалған түс пайда болады.

Суретті қағазға басып шығару үшін Файл→Печать командасын орындаңдар. Печать (Баспа) сұхбат терезесі пайда болады. Печатать бөлімінде принтерге қандай парақтарды шығару керек екенін көрсетіп, Көшірме саны өрісіне қажетті дана санын енгізіңдер. Содан соң ОК батырмасын шертіңдер.

Құжат басылымға қандай түрде берілетінін қарап шығу үшін Файл→Пребварительный просмотр командасын орындаңдар. Гере құжат кескіні өздеріңе ұнаса, осы терезеде Печать батырмасындар шертіңдер. Олай болмаған жағдайда Закрыть батырмасын шертіңдер де, суретті өңдеуді жалғастыру үшін, Pаint программасының менюіне қайтыңдар.

IV. Жаңа сабақты бекіту

1-тапсырма: суретті түсқағаз ретінде пайдалану

1. Қалаған суреттеріңді салыңдар

2. Оны сақтап қойыңдар

3. Файл→Заполнить рабочий стол Windows немесе в центр рабочего стола командасын орындаңдар. 2-тапсырма: Үлестірмелі карточкалардағы суреттерді сал.

V.Сабақты қорытындылау Оқушыларды бағалау

VІ.Үйге тапсырма: Тақырыпты қайталау















Бекітемін _____________________

Күні:15.02.16ж

Пәні: Информатика

Сынып: 5 Б

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.
Білімділік: Өткен тақырыпты еске түсіру. Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Өткен тақырыпты еске түсіру.
3. Үйге берілген тапсырманы тексеру
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру
5. Тапсырмаларды орындау
6. Ауызша тапсырма
7. Сабақты бекіту
8. Бағалау

9.Үйге тапсырма

Сергіту: Баланың назарын аударту мақсатында

Paint редакторының құралдарын тауып,

қандай қызмет атқаратынын айту.

І. Өткен тақырыпты еске түсір.
Санымен балалар өткен тоқсанда өткен соңғы тарауымыз Paint графикалық редакторы болды. Есімізге түсіру үшін компьютерде тапсырма орыедаймыз
1. Paint редакторын ашыңыз.
2. Үлкен тік төртбұрыш сал, түсін қоңырға боя.
3. Түзу сызық арқылы төбесін сал. Көк түске боя.
4. Терезе көлемі тәрізді етіп тіктөртбұрыш сал, түзу сызық таңдап сызықтар жүргіз.
5. Оны көшірмелеу арқылы екеуін жаса.
6. Терезелер түсін сары етіп боя. Есік суретін салып боя.
7. Үйдің төбесіне тұрба сал. Бүріккіш құралын пайдаланып түтін сал.
8. Шеңбер арқылы күн, түзу сызық арқылы сәуле сал.
9. Суретке «Мой дом» деп жазу кірістір, дәл осылай сақта сақта.
Балалар тез әрі дұрыс сурет салады.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.


1. Pаint қандай бағдарлама?

2. Үзінді дегеніміз не?

3. Суреттің үзіндісін қандай құралдармен бөліп аламыз?

4. Суреттің үзіндісімен қандай әрекеттерді орындауға болады?

5. Үзіндіні қалай көшіруге болады?

ІІІ. Жаңа түсініктер:
Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады.

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін - біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай - ақ. графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т. б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға
болады.
Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысып жазып қоюға да болады.

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
Видео түсіндіру. Видеоролик.
WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск => Программы => Стандартные => WordPad. (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты -> WordPad.. Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді. Құрал - саймандар тақтасында, пішімдеу тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

IV. Компьютерде тапсырмалар орындау:
1 - тапсырма.
Мәтінді теріңіз. Мәтін өлшемі - 20, орта бойынша туралауда орында.
«Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі»



VI. Ауызша тапсырма.
Қателерді анықтау
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта.
Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, колонкаға құжаттарымды сақтаймын. Жауабы: 7 қате


VІІ. Сабақты бекіту:

Компьютерде мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар?
WordPad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
WordPad мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңдар.
WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңдар.
Мәтіннің қарпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?


ІХ Бағалау.


Х. Үйге тапсырма: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.

Бекітемін _____________________

Күні: 22.02.16ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 Б

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды мәтінді теру және түзету ережелерімен таныстыра

отырып, практика жүзінде қолдана білуге үйрету;

2. Оқушалдың танымдық қызығушылығын, жалпы қабілеттерін

дамыту;

3. Оқушыларды адамгершілікке, еңбекке және эстетикаға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқулық, компьютер.

Сабақа назарын аударту:

  1. Ақпараттың қайнар көзі

  2. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметтерді өңдейді?

  3. «Ас- адамның арқауы», ал компьютердің асы...

  4. Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік

  5. Жіпке ілдім мен өзін,

Кіп-кішкентай күн көзін.

6. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер

7. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы

8. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ.

9. Сәлем ненің патшасы.

10.Кітап ненің бұлағы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау


Тұжырымдамалар

Иә және Жоқ

1

Ақпарат - сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер

Иә

2

Ақпарат түрлері 4 -ке бөлінеді

Жоқ

3

1 байт-8битке тең

Иә

4

Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы-түрлену

Жоқ

5

Компьютердің қосымша құрылғылары- принтер, сканер, монитор, жүйелік блок

Жоқ

6

Жүйелік блоктың құрамында -аналық тақша, жедел жады, қатты диск, видеокарта, процессор, дыбыс картасы, желілік карта

Иә

7

Графикалық редактор - мәтінді құруға арналған программа

Жоқ

8

Paint - бұл растрлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор

Иә

9

Пиксель - растрлық бейненің ең кішкентай элементі

Иә

10

Paint палитрасында 28 түс бар

Жоқ

11

WordPad мәтіндік редактор

Иә

12

Мәтіндік ақпараттың ең кішкентай бірлігі символ болып табылады

Иә

13

WordPad-та жызылған мәтін баспаға шықпайды

Жоқ

14

Мәтінді принтер арқылы тереміз

Жоқ

15

WordPad редакторында үнсіз келісім бойынша жұмыс бетінде жыпылықтап тұратын - мәтіндік курсор

Иә

ІІІ. Жаңа сабақ

Қаріп және оның өлшемін таңдау:

Есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай

аламыз.

Қаріп түрлерін құрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.

Қаріпті,Өлшемді және Әлпетті қатар өзгерту Формат - Шрифт (Формат - Қаріп) командасын орындаймыз.

2.Мәтінді енгізу және редакциялау:

Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде жылжытылып отырады.

Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі;

Enter-жаңа жолға көшу

Shift- бас әріптерді теру

Caps lock-бас әріптер режиміне көшу

Backspace-меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру

Delete-меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру

3.Мәтінді пішіндеу:

Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті: Ж-жартылай қалың, К-курсив, Ч-асты сызылған, Кәдімгі пішімдеу құрал саймандар тақтасындағы Ж, К, Ч, батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертіледі,

Мәтінді тегістеу үшін пішімдеу құрал саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады.Бұл әрекетті Формат-Абзац командалары арқылы да орындауға болады.

4. Құжаттарды сақтау және ашу:

WORD PAD- мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл -сохранить как командасын орындаймыз.Осы редакторда сақталған файлдың кеңейтілуі автоматты түрде болады.

Компьютермен жұмыс: «Деңгейлік тапсырманы орындау» (20 минут)
А-деңгейі
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, теріңдер. (Полкан деген ит мәтіні бойынша)
( Қаріпі -Times New Roman. Размері- 12) . Жазылу формасы - кәдімгі.(обычный)
В-деңгейі:
Мәтін теру ережесін сақтай отырып, теріңдер. (Ғалым кісі мәтіні бойынша)
( Қаріпі -Times New Roman. Размері- 12) . Мәтін терілуі- қисайтылған (Курсив)

IV.Сабақты бекіту сұрақтары:

1

Мәтін

А) символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін

2

Символ

Ә) бас әріпті немесе символды жоғары регистрден енгізу

3

Мәтіннің элементтері

Б) басқа тілдерге ауысу үшін

4

SHIFT

В) бір бетке жоғары немесе төмен

5

CAPS LOCK

С) Жолдың басына, жолдың соңына

6

PAGE UP, PAGE DOWN

Д) ол символдардың кез-келген жиыны деп айтуға болады

7

Home, End

Е) мәтіннің ең кішкентай бірлігі

8

Alt+Shift

Ж) егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса

V.Бағалау

VІ.Үйге тапсырма: Мәтінді теру және түзету ережелерін оқып келу








Бекітемін _____________________

Күні: 29.02.16ж

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Мәтін бөліктерін ерекшелеу

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтіндік редакторда мәтіннің үзінділерін ерекшелеу және мәтін бөліктерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру, көбейтуді орындауды меңгерту.

Сабақтың түрі : практикалық

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, компьютер.

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу;сабақтағы оқушыларды түгелдеу;

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін не істеу керек?

  2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса нені басамыз ?

  3. Бос орынды қай кезде пайдаланамыз?

  4. Абзацтың соңында қандай пернені басамыз?

  5. Курсорды жолдың басына апаратын перне?

  6. Курсорды жолдың соңына паратын перне?

  7. Егер құжат беті көп болса, мәтіннің соңына қалай жетуге болады?

  8. Мәтінді түзетуге жататын әрекеттер?

  9. Бір бетке жоғары немесе төмен жылжу үшін қандай пернелерді пайдаланамыз?

  10. Мәтіннің негізгі элементттері?

  11. Мәтіндік редактор дегеніміз не?

  12. Мәтінді ерекшелеу үшін нені пайдаланған қолайлы?

Қызығушылығын ояту

Адасқан әріптер

РЕТЬЮПОМК -
ВРЕДАЙР
ДЕМОМ
ЛАЙФ
РОТИНОМ
АТЕКИСД
ІІ топ
НИРПЕРТ
ЧЕСВИНТЕР
КРАСЕН
АНИШ
СОРЕСЦПРО
ТОРП

Практикалық жұмыс (деңгейлік тапсырма)

А деңгейі .

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Құжатты өз бумаларыңда Сәтемір хан деген атпен сақтаңдар.

  3. Түзету мәзіріндегі Ауыстыру бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі «Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмасытырңдар.

  4. «;» белгісін «.» белгісіне ауысытырңдар. Пайда болған сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.

  5. Өз бумаларыңның Сәтемір хан өзгерістерді сақтаңдар.

В деңгейі

  1. Мақалдар файлын ашыңдар.

  2. Сөздегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып тастаңдар.

  3. Мәтінді әр мақал жолында жазылатындай етіп түзетіңдер.

  4. Файлды өз бумаларыңда Мақалдар_1 деген атпен сақтаңдар.

С деңгейі .

  1. Сөздер файлын ашыңдар.

  2. Delete, BackSpace пернелерін қолданып және алмастыру режимінде Insert пренсін қосып символдарды жойып, ауыстырып жаңа сөздер жасаңдар.

  3. Құжатты өз бумаларыңда Сөздер_1 деген атпен сақтаңдар.

Енгізілген мәтінді көрсете отырып, мәтіндегі қатені анықтатқызу.

Планета тұрғандары арасында ондаған тілде сөйлейтін адамдар көп-ақ. Мәселен, К. Меццофанти (1774-1849 жж. ) 26 тілде, ал профессор Раск (1876-1928 жж. ) 28 тілде сөйлеген. Поуэлл Александр Янулас (1939 жылы туған) Канададағы Британ Колумбия провинциалды сотында 41 тіл бойынша қызмет істепті. Ал Ұлыбританияның ең ірі лингвисі саналатын Джордж Кэмбпелл (1912 жылы туған) 54 тілді меңгерген. Ол Би - си - де жұмыс істепті.

  1. Мәтінді енгізгенде жіберілген қателерді түсіндіріңдер.

  2. Мәтінге қолданылатын қандай амалдар түзетуге жатады?

  3. Мәтіннің элементтерін жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.

Сәйкестендір .

Ctrl + Home Таңдалған бұйрықтан бас тарту

Page Up Бас әріптерді теру режиміне өту

Delete Курсорды құжаттың басына апару

CapsLock Курсордың сол жағындағы сөзді жою

Esc Курсорды бір бетке жоғары апару

Insert Абзацты енгізуді аяқтау

Enter Курсордың оң жағындағы сөзді жою

Ctrl+Back Space Мәтінді енгізгенде ауыстыру режиміне көшу

Қорытындылау кезеңі

Оқушылар бір - біріне сұрақ қойып жауап береді

Үйге тапсырма:

Кітаптан жаңа материалды оқу, мәтін элементтеріне қолданылатын пернелер аттары мен қызметтерін жаттау

Бағалау











Бекітемін _____________________

Күні:07.03.16ж

Сыныбы:5 Б

Пәні:Информатика

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды Wordpad мәтіндік редакторында мәтінді пішімдеу әдісімен таныстыру, мәтімен жұмысқа дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың типі: Түсіндірмелі -практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, MS Power Point-та жасалған слайдтар, карточкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
сұрақ - жауап
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
• Практикалық тапсырмалар орындау.
• "Пернелерге саяхат"- жұмбақтың жауабын табу.
• Демалыс сәті.
• «Иә - Жоқ» ойыны.
V. Жаңа сабақты қорыту.
• «Кубизм» әдісі.
VI. Оқушыларды бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

Қызығушылығын ояту:

"Иә" - "Жоқ" ойыны
1. Компьютерде ақпаратты қағаз басып шығару үшін пернетақта қолданылады. (ЖОҚ)
2. Ақпарат дегеніміз - қоршаған орта туралы мәлімет. (ИӘ)
3. Wordpad пуск - все программы - стандартные - wordpad командалары арқылы іске қосылады. (ИӘ)
4. Файл-Создать командалары арқылы құжатты сақтаймыз. (ЖОҚ)
5. Файл-Абзац командалары арқылы мәтінді туралауға болады. (ЖОҚ)
6. Num Lock пернесін басу арқылы сандарды іске қосып ажыратамыз. (ИӘ)

Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы ауызша сұрау. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі оқушы орынынан тұрып жауап береді. Сұрақтары:
*Wordpad қандай редактор? (Қарапайым мәтіндік құжаттармен
жұмыс жасауға арналған мәтіндік редактор)
*Wordpad редакторының іске қосу әрекетінің тізбегін ата?
Пуск - Все программы - Стандартные - Wordpad
* Wordpad мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата?

*WORDPAD қолданбасында құжат құру үшін:
• Қаріп және оның өлшемін таңдау
• Мәтінді енгізу және редакциялау
• Мәтінді пішімдеу
• Құжатты сақтау және ашу
• Баспаға шығару
*Қаріпті және оның өлшемін қалай таңдаймыз?
Қаріп және оның өлшемін таңдаммастан бұрын қай алфавитпен мәтінді енгізетінімізді анықтап алып, есептер тақтасындағы пернетақта индикаторын өзгертеміз. Қазіргі уақытта кең қолданылатын қаріп түрі Times New Roman, ал өлшем 12 пт, бұл параметрлерді және батырмаларын басып, қажетті мәнді таңдау арқылы орнатамыз.

Жаңа сабақ.
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың, әріптердің әлпетін, яғни жартылай қою, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Сонымен бірге мәтінді беттің шетері бойынша тегістеуге болады. Мұндай мәтінді өзгерту процесі мәтінді пішімдеу деп аталады.
Пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу құралдар тақтасындағы батырмаларды қолдану.
Мәтінді туралау үшін батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат-Абзац командалары арқылы да орындауға болады.
Мәтінді пішімдеуді мәтін енгізілместен бұрын да, енгізілгеннен кейін де анықтауға болады. Мәтін енгізгеннен кейін пішімдеу керек болса, пішімделетін мәтін бөлігін алдымен белгілеп алады.
Файл-Макет страницы командасын орындап, парақтың параметрлерін беруге болады. Мысалы Ориентация тізімінен Альбомдық немесе Кітап опциясын таңдауға, беттің оң, сол, жоғарғы, төменгі өрістерінің өлшемін беруге болады.
(Wordpad бағдарламасын ашу арқылы көрсету)

Жаңа сабақты бекіту
Практикалық тапсырмалар
№1 тапсырма:
1. Берілген мәтінді тер. Қаріп түрі - Times New Roman, ал өлшемі - 16. Бірінші сөйлемнің бірінші сөзін жартылай қалыңдатып жаз, екінші сөйлемнің екінші сөзін жантайтып жаз және үшінші сөйлемнің үшінші сөзін астын сыз. Мәтінді сол жақ шеті, оң жақ шеті, орта бойынша турала.
ЖАҢЫЛТПАШ
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш жас ұрпаққа сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады.
№2 тапсырма:
Пернелерге саяхат
1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым.
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым.
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші, достарым! ( Shift + Alt )
2. Міне, тағы қиналып-ақ тұрмын мен,
Тақырыпты жаза алмай пернемен
Барлығы да кіші әріп қайтемін?
Көмек берші, енді нені басам мен? (Caps Lock )
3. Бірігіп кетті екі сөз,
Не істерімді білмедім
Қане, қайсысың маған тез,
Ажыратып бересің? (Пробел)
4. Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым
Ақыры есімімді жаза алмадым
Достарым, айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын? (Shift + Т )
Демалыс сәті (әуеннің ырғағымен жаттығу жасау)
Қол саусақтарына арналған жаттығулар:
• Алақанды уқалау.
• Қолды қысу
• Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар:
• Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
• Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса. Соншалықты айналым солға қарай жаса.

Сабақты қорыту.
1. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
2. Wordpad бағдарламасын қалай іске қосамыз?
3. Wordpad бағдарламасын неге қолданамыз?
4. Тақырып жол қайда орналасқан?
5. Кім? Қанша?
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма
«Мәтінді пішімдеу» тақырыбын оқу









Бекітемін _____________________

Күні:14.03.16ж

Сыныбы: 5 Б

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы : Практикум. Мәтінмен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты : мәтінді пішімдеу ұғымын жалғастыру.

Сабақтың түрі: Практикалық

Көрнекілік:Компьютер

  1. тапсырма

  1. Кітаптағы өлеңді теріңдер.

  2. Өлеңнің әрбір жолын әртүрлі түске бояңдар, әріптің мөлшерін 13- ке өзгертіңдер.

  3. Алғашқы үш жолды әртүрлі тәсілдермен өлеңнің соңына көшіріңдер.

2- тапсырма

  1. Кітаптағы мәтінді теріңдер.

  2. Екінші жолды күлгін түспен безендіріңдер.

  3. Мәтін атауын 16 мөлшермен теріңдер.

  4. Мәтінді «Автобуста» деген атаумен сақтаңдар.

  1. Мәтінді теріңдер және безендіріңдер.

  2. Мәтінге атау ойлап табыңдар және оны мәтіннің алдына қосыңдар.

  3. Бірінші сөйлемді мәтіннің соңына көшіріңдер.

3- тапсырма .

  1. Екі өлең мәтінін теріңдер.

  2. Мәндері бұзылған сөздер мен жолдардың ретін анықтаңдар.

  3. Тасымалдау амалдарының көмегімен сөздер мен жолдарды дұрыс ретімен орналастырыңдар.

4- тапсырма.

Мына сөздерді есептеңдер: монитор, пернетақта, информатика. Тапсырманы орындағанда мәтіннің фрагментін көшіру немесе кірістіру амалдарын қолданыңдар.

5- тапсырма.

«Ком» буынынан басталатын сөздерді ойлап табыңдар және мәтіндік редакторда жазыңдар. Сөздерді маркерленген тізім ретінде бағанға жазыңдар. Мысалы:

  • Компас ;

  • Компьютер .

7- тапсырма .

  1. Кез келген 5 жұмбақ теріңдер.

  2. Жолдастарыңмен орын алмастырыңдар.

  3. Ол сенің , ал сен оның жұмбақтарын шешіңдер, жауаптарын әрбір жұмбақтан кейін кірістіріп жазып шығыңдар.

Қорытынды

Тәжірибелік жұмысты тексеру, сұрақтарды талқылап, бағалау.

Үйге тапсырма

Қайталау










Бекітемін _____________________

Күні: 21.03.16ж

Сыныбы: 5 Б

Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық объектілері және графикалық суреттерді кірістіруді үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абсракциясын дамыту.
Дамытушылық: Оқушыларың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтын қолданылатын көрнекті құралдары: компьютер, инт. тақта, оқулық

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру:
«Жылы жүрек» тренингі.(балалар бір - біріне жылы лебіздер айтады)

Қызығушылықтарын ояту:

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.

С

З

Ы

Л

А

Е

У

А

Т

Қ

Ы

П

А

Р

Д

А

Н

А

А

Р

А

В

А

Қ

Т

А

Р

О

Р

Ғ

Л

О

Д

С

Т

А

Л

А

А

П

Д

Ы

А

Р

З

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырыптар бойынша түсініктерін сұрау.
* Word мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?
* word редакторын қалай іске қосамыз?
* word мәтіндік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз
* Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?
* Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Word құжатына дайын суреттерді, сондай - ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.
Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.
Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.
Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.)
Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.
Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.
Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка - Вставить командасын орындаңдар.
Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.
Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады.
Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу, қажет фрагментті ерекшелеу, оны алмастыру буферіне көшіру, алмастыру буферінен мәтінге кірістіру);
Суретті файлдан кірістіру (кірістіру - кескін);
Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint - те салу (кірістіру - Paint суреті)

ІҮ. Практикалық жұмыс:
№1 тапсырма: Мына өлеңді компьютерге енгізу.
Жалғыз жалау желбіреп,
Тұманды теңіз төрінде.
Жат жерде жүр не тыңдап?
Несі бар бөтен жерінде?

Ойнақтап түлеп, жел гулеп,
Майысар діңгек сықырлап.
Ол жүрген жоқ бақ іздеп,
Қашпайды бақтан бойды ұрлап.
(М. Ю. Лермонтовтан)

Ү. Өткен материалды қайталау сұрақтары:
1. Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін ата.
2. Суретті алмастыру буферінен мәтінге кірістіруді сипаттаңдар.
3. Кірістіру - кескін және кірістіру - Paint суреті бұйрықтары арасындағы айырмашылық неде?

ҮІ. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу. WORD құжатына суреттер кірістіру.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.

© 2010-2022