3 тоқсан қорытындысына Бақылау жұмысы

Раздел Информатика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Информатика Мұғалім - Аканова М.Х

8 «А» сыныбы

№ 25 сабақ

«11» наурыз 2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімдерін тексеру, жинақтау;

оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, білімдерін көрсете білу;

оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, нақтылыққа,

мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі аралас сабақ

Сабақты оқыту әдісі: білімдерін тексеру сабағы

Сабақтың көрнекілігі: ДК, интербелсенді тақта, слайд

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Қайталау

  1. Қандай циклдік операторларды білесіздер?

  2. Олардың жазылуы, орындалу реті.

  3. Модель мен модельдеудің айырмашылығы неде?

  4. Модельдеудің қандай түрлерін білесіздер?

  5. Модельдеудің жалпы кезеңдерін атап, ысал келтіріңіздер.

  6. Алдыңғы сабақта қандай процессормен таныстыңыздар? MS Excel-ді қосу жолдары, ЭК-ні не үшін қолданады?

  7. MS Excel-де деректерді қалай енгізуге болады, редакциялайды, пішімдейді?

  8. MS Excel-де формулаларды енгізу ережесі қандай?

III. Бақылау жұмысының тапсырмалары.

І-нұсқа

  1. Енгізілген n-санның (n<30) алғашқы 10 дәрежесін есептейтін программа құрыңыздар.


  1. Модельдеудің жалпы кезеңдерін қолданып, таңбалық модельді жасау процесін талдауын жазыңыз.


  1. MS Excel-ді іске қосып, азық-түлік/көлік дүкендегі тауардың сатылымын көрсететін және дүкенге түскен пайданың үлесін көрсететін кесте құрыңыз.

ІІ-нұсқа

  1. Нақты n саннан тұратын тізбек берілген. Тізбек өсу бойынша орналасқан ба? (Оны анықтау үшін программа құрып, тексеріңіздер).

  2. Модельдеудің жалпы кезеңдерін қолданып, компьюетрлік модельді жасау процесін талдауын жазыңыз.

  3. MS Excel-ді іске қосып, компьютерлік техника/косметика дүкендегі тауардың сатылымын көрсететін және дүкенге түскен пайданың үлесін көрсететін кесте құрыңыз.

Ескерту: 1-ші тапсырманы ДК-де орындап, дұрысын параққа жазу керек. 2-тапсырма толық параққа жазылады. 3-ші тапсырманы ДК-де орындап, параққа формулаларды (Жалпы сомасы және Дүкенге түскен үлесі) жазу керек.

ІҮ. Үй тапсырмасы: MS Excel-де формулаларды енгізуді қайталау.

Y. Қорытынды: сабақтың қайталау кезеңіне белсенді қатысқан оқушыларға баға қою және бағаларын айту. Жұмыстарын жинап алу.

Тексерген: _______________ Н.Маканова3 тоқсан қорытындысына Бақылау жұмысы

© 2010-2022