5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы

Раздел Информатика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5

Күні: Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сапашева Е.

Сабақтың тақырыбы:

Масштаб. Суреттің трансформациясы

Сілтеме

Оқулық Информатика 5-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Астана: «Арман-ПВ» 2014 жыл

Мақсаты:

  • Редакторда үзінділермен жүргізілетін әрекеттерді: көбейту, жою, бұру, аудару, созу, еңкейту дағдыларын меңгерту.

  • Бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, жаңа білімдерін, әскерлікқабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  • Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, сенімділікке, ептілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

  • Сурет үзінділеріне бейнелеу және бұру командаларын пайдалана алады;

  • Сурет үзінділеріне созу және еңкейту командаларын пайдалана алады;

  • Сурет бөліктерін қырқу, қайта қою командаларын орындай алады;

  • Суреттің бейнелену масштабын өзгерте алады;

  • Әр түрлі әдіспен сурет сала біледі;

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ, практикалық

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, интернет материалдары, көңіл күй дидары, топ ережесі, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы

Әдіс -тәсілдер:

Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, RAFT стратегиясы, топтастыру стратегиясы, практикалық тапсырмалар, ББҮ түртіп алу стратегиясы, талдау, қорыту, формативті бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; «Ұқсастық шегі». Қатысушылар жұптасып отырады . Жұбына қарап , ұқсастықты тауып жазады .Ұқсастығын оқып , ой бөліседі

- Оқушыларды топқа бөлу («Атомдар, молеулалар» ойыны арқылы), топ ережесін басшылыққа алу;

ІІ. Ой қозғау


Тарау бойынша тест тапсырмасы

20 сұрақ 3 жауаптан

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

ІІІ. Қызығушылықты ояту

5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы



  • Оқушылар суреттен не байқадыңыздар?

  • Көбелектер мен балықтар қалай бейнеленге?

  • Бұл қандай әректтер арқылыжаалған дп ойлайсыңдар?


Оқушылар суретке қарап отырып, топта талқылайды, өз ой-пікірлерін айтады, бір-бірінің пікірін толықтырады

ІV. Мағынаны тану

  • Жаңа сабақ бойынша қысқаша түсіндіру, сурет бөліктерімен жасалатын бұру, еңкейту, мөлшерін өзгерту, қырқу әрекеттерін көрсетіп өту

  • Топтарға тапсырмалар беру

  • 1-топқа: «Суреттің бейнелену мөлшерін өзгерту »

  • 2-топқа: «Сурет бөліктерін бұру, еңкейту»

  • 3-топқа: «Суретті қиып алу әдісінің тиімділігі»

  • «ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану

  • Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.

  • Оқушылар берілген тапсырма бойынша топта талқылайды, пікірлеседі, ойларын постерге түсіреді

  • Постерлерін қорғайды, пікір алмасады, топтар бірін-бірі толықтырады.

  • Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады


RAFT стратегиясы

«Paint», «Сурет», «Үзінді» тақырыптары


Берілген тақырыптар бойынша «ыстық орындыққа» отырып, өздерін сол бейнеде суреттеп, қорғайды


Компьютерде деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

«Теңіз балықтары» тақырыбында әр бағытта жүзіп жүрген бірнеше балықтардың суретін салыңдар.

5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы


2-деңгей

«Гүлге қонған көбелек» тақырыбында симметрия арқылы әр гүлге қонған бірнеше көбелектердің суретін салыңдар.


3-деңгей

«Біздің ою-өрнек» тақырыбында бір оюды бұру әдісі арқылы екнші ою құрастырып шығар5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы


5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы

Оқушылар компьютерде деңгейлік тапсырмалар орындайды

Сергіту сәті.

Сергіту сәті - «Байқағыштығыңды байқат»

Экранда берілген суреттерден оқушылар 10 айырмашылықты табу керек.

5 сыныпқа сабақ жоспары Масштаб. Суреттің трансформациясы



Оқушылар берілген суреттен 10 айырмашылықты тауып, айтып береді

V. Ойтолғаныс

Топтастыру стратегиясы.

Paint редакторы туралыалған білімдерін қорытады, топтастырады

Paint редакторы



Оқушылар алған білімдерін талдайды, талқылайды, қорытады, ойларын топтастырады

VІ. «Бағалау»


Мына критерийлер арқылы бағалау ұсынылады.

-Сурет үзінділеріне бейнелеу және бұру командаларын пайдалана алады - 1балл;

  • Сурет үзінділеріне созу және еңкейту командаларын пайдалана алады - 1балл;

  • Сурет бөліктерін қырқу, қайта қою командаларын орындай алады - 1балл;

  • Суреттің бейнелену масштабын өзгерте алады - 1 балл;

-Әр түрлі әдіспен сурет сала біледі - 1 балл;

  • Жиыны балл.

Топ басшысының бағалау парағы

Бағалау парағындағы бағаларына қарай қорытынды бағалау

Берілген критерийлер бойынша баллдарын есептеп, оны

«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ басшысы бағалайды

1-2 балл - «2»

3 балл - «3»

4 балл - «4»

5 балл - «5»


Рефлексия

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.

Үйге тапсырма.

§17. Масштаб. Суреттің трансформациясы

Еркін тақырыпта сурет салып келу (сурет үзінділерімен жасалатын әрекеттерді қатыстыру)




© 2010-2022