Мультемедиялық ресурстардың негізгі түрлері

Раздел Информатика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Мультемедиялық білім беру негіздері

Тобы:

4 б СП

Уақыты:

16.11.2015

Сабақтың тақырыбы:

Мультемедиялық ресурстардың негізгі түрлері.

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Мультемедиялық ресурстар туралы білімдерін жетілдіру.

Қарапайым құрылымдағы жазбаша байланысудың стандартты өнімдері нысанында өз ойын рјсімдеуге баулу.

Басқа қосымшалармен жұмыс жасағанда кездескен қиындықтарды игеру.

Сабақтың типі:

Аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту технологиялары: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту

Сабақтың әдісі:

Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті.

Пәнаралық байланыс:

АКТ, Информатика

Оқыту құралдары:

Компьютер

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Суденттермен амандасу;

- Сабаққа ұйымдастыру;

- Жоқ студеттерді белгілеу.

- Оқытушымен амандасу;

- Сабаққа дайындалу;

- Аудиторияны сабаққа дайындайды.

Студенттнр сабаққа дайындалады.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру


- Үй тапсырмасы ауызша сұралады;

-Үй тапсырмасына жауап береді;

Үй тапсырмасына дұрыс жауап беріледі.

ІІІ.Жаңа материалды меңгерту

Мультимедиалық ресурстарға арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған мультимедиалық қарапайым өнімдер (мәтін, сурет, анимация т.б.) мен мультимедиалық оқыту бағдарламаларын жатқызуға

болады.

Оқыту процесінде дидактикалық құралдар ретінде қолданылатын мультимедиалық ресурстарды жасау және пайдалану үшін оқытушыдан алдымен сапалы мультимедиалық өнім дайындаудың технологиясын білуі, сондай-ақ, аппараттық және бағдарламалық құралдарымен (оларды инструменталдық құралдар деп те атайды) жұмыс жасай алуы талап етіледі.

Мультимедиалық ресурстарды жасау үшiн қолданылатын инструменталдық құралдар арнайы (авторлық орта) және әмбебап (бағдарламалау жүйелерi) болып бөлiнедi. Бiрiншi түрде электрондық материалдар автоматты түрде авторлық орта негiзiнде, ал, екiншi түрде бағдарламалау тiлдерiн пайдалану негiзiнде жасалынады. Visual Basic немесе Delphi т.б. визуалды жобалау жүйелерiнiң пайда болуына байланысты бұл екi түрдiң арасындағы айырмашылық азаюда.

Қарапайым мультимедиалық өнім дайындау бағдарламаларын қарастырайық.

Сурет, графика өнімдерін дайындау бағдарламалары.

Adobe Photoshop - сандық кескіндермен, растрлық графикамен жұмыс жасауға арналған. Бұл бағдарлама кескіндерді әртүрлі жағдайда әсерлеу, безендіру жұмыстарын орындайды. Растрлық графика файлдары GIF және JPEG форматында сақталады. Бұл форматтағы кескіндер боялған нүктелер мен пиксельдердің дискретті тізбегінен құралады. Кескін көлемін үлкейту кезінде пиксельдер анық байқалады.

Анимация жасау бағдарламасы.

Macromedia Flash анимациялық өнімдер жасауға арналған. Бұл бағдарлама пайдаланушыға растрлық графикамен қатар векторлық графиканы да пайдалануға мүмкіндік береді. Векторлық графикада кескінді ұсыну кезінде геометриялық формулалар пайдаланылады. Сондықтан да векторлық графиканың растрлық графикаға қарағанда көлемі аз болады, тез өңделеді.

Қазіргі кезде бұл бағдарламаның жетілдірілген түрі Flash MX бағдарламасы интерактивті векторлық анимация жасауды іске асырады.

Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеу бағдарламалары.

Sound Recorder - дыбыстық файлдарды өңдеуге арналған Windows операциялық жүйесінің қосымша бағдарламасы. Бұл бағдарлама дыбыстық файлды құру, ашу, өңдеу (дыбыстық файлды үзінділерге бөлу, қиып алу, оны басқа дыбыстық файлмен біріктіру, дыбысты беру жылдамдығын өзгерту, дыбыстық файлды қандай да бір эффектімен толықтыру т.б.) сақтау жұмыстарын орындайды.

Dragon Naturally Speaking Sound Record - Dragon Naturally Speaking лингвистикалық тіл үйрету бағдарламасының қосымшасы. Мұнда дыбыстық файлды іске қосу, тоқтату, дыбыстық жазба жұмысын жүргізу функциялары орындалады.

Бейнеақпаратпен жұмыс жасау бағдарламалары.

IuVCR бағдарламасы - Microsoft DirectShow технологиясының базасында құрылған. Ол бейнемәліметтерді AVI және WMV типті форматта жазып алуды жүзеге асырады. TV-тюнермен немесе бейнеграббер тақшасымен жабдықталған компьютерді іuVCR бағдарламасының көмегімен сандық бейнемагнитофонның атқаратын жұмысын қоса орындау үшін пайдалануға болады. Бағдарлама сонымен қатар, компьютерді теледидарлық каналдарға бейімдеуді жеңілдетеді.

Canon Home Edition Video - бейнемәліметтерді өңдеу, клиптерді импорттау, дыбыстық ақпаратты бейнеақпаратқа кірістіру, нәтижені түрлі бейнеформатта сақтау жұмысын атқарады.

Adobe Premiere - бейнемәлімет өңдеу, бірнеше бейнеүзінділерден жаңадан бейнефильм құрастыру және мультимедиа, презентацияларға бейнероликтер дайындау үшін қолданылады. Adobe Premiere 6.0 нұсқасында RealNetworksRealMedia, Microsoft WindowsMedia, Apple QuickTime web-форматтары көмегімен сандық бейнемәліметтерді Интернетке шығару мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, бұл бағдарлама Adobe компаниясының After Effects, Photoshop, GoLive секілді бағдарламаларымен байланыста жұмыс атқара алады.

Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындау үшін көп жағдайда әртүрлі HTML- редакторлар қолданылады.

HTML (Hyper Text Markup Languge) тілі мәтін, сурет, музыка, бейнемәлімет, анимация секілді ақпарат түрлерін гиперсілтеме негізінде байланыстыру үшін қолданылады. HTML-редактордың жетілдірілген MS Front Page, Macromedia Dreamweaver секілді нұсқалары бар.

Front Page редакторы MS Office бағдарламалық жабдығының құрамына кіреді. Бұл редактордың негізгі кемшілігі - шектен тыс, өте көп кодтармен жұмыс істейді.

Ал, Macromedia Dreamweaver бағдарламасы негізгі кодтарды ғана генерациялайды. Мұнда бағдарламаның визуалды мүмкіндігінің көмегімен HTML кодтарды жазбай-ақ, жобаның дизайнын тез құруға, өзгертуге болады. Dreamweaver визуалды редакторларға жататындықтан, жұмыс нәтижесін экраннан бірден көріп отыруға болады. Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламасын тікелей Интернет желісіне шығаруға мүмкіндік береді.

Мультемедиялық ресурстардың негізгі түрлері.

Мультемедиялық ресурстардың негізгі түрлері.


Жаңа материалды ұқыптылықпен тыңдап, қажет жерлерін дәптерлеріне түртіп алады.


ІҮ.Жаңа материалды бекіту

Adobe Photoshop -?



Sound Recorder- ?

- сандық кескіндермен, растрлық графикамен жұмыс жасауға арналған. Бұл бағдарлама кескіндерді әртүрлі жағдайда әсерлеу, безендіру жұмыстарын орындайды. Растрлық графика файлдары GIF және JPEG форматында сақталады. Бұл форматтағы кескіндер боялған нүктелер мен пиксельдердің дискретті тізбегінен құралады. Кескін көлемін үлкейту кезінде пиксельдер анық байқалады.

- дыбыстық файлдарды өңдеуге арналған Windows операциялық жүйесінің қосымша бағдарламасы.

Жаңа материал бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріледі.

Ү. Үйге тапсырма. Қорытындылау.

- Үйге тапсырма жаңа тақырып бойынша қосымша материал жинақтау, түсінгендерін айту;

- Студенттерді бағалау;

Үйге берілген тапсырманы дәптерлеріне жазып алу.

Үй тапсырмасы жазылады, сабаққа қатынасқан студенттер бағаланады.


© 2010-2022