Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс

Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс                                                                               Сабақтың тақырыбы:      Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу,  орнын ауыстыру және                                                                                      жою. Алмасу буфері.   Сабаққа керекті материалдар: 1) Таратпа материалдар Сабақ жүргізу әдісі: Аралас Сабақ барысы: 1.      Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу. 2.      Үй жұмысын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру. 3.      Өткен тақырыптарды қайталау: Ø  Операциялық жүйе Ø  Терезе құрылымы, элементтері Ø  Мәзірлер   Жаңа сабақ Объектілерді іздеу Егер компьютерде файлдармен немесе бумамен  жұмыс істегенде сіз олардың атын және қайда тұрғанын білген болсаңыз, онда оларды бумалар немесе Сілтеуіш көмегімен іздеу өте тиімді. Ал, егер де сіз ізделінетін объектінің орнын  немесе атын білмей, ұмытып  қалған жағдайда сізге бумалар терезесі көмектесе алмайды. Мұндай жағдайда Windows жүйесінің Іздеу немесе Табу командасы көмекке келеді. Бұл команда компьютеріңіздің кез келген жеріндегі құжат файлдарын, программаларды, бумаларды, тіпті желідегі тұтастай бір компьютерді жылдам іздеуге көмектеседі. Объектіні оның аты, құрылған күні, өлшемі, құрылымы немесе осы параметрлердің жеке комбинациялары бойынша іздеуге болады. Команданы шағыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз: Жіберу - Бас мәзір - Табу   - Файлдар және бумалар. Экранда Табу командасының  үнсіз келісім бойынша белсенділенген Аты және Орналасқан орны қосымшасы пайда болады, онда не іздеу керектігі енгізіледі. Мысалы, Аты өрісінде бума немесе файл атын көрсетуге болады, ал егер де сіз файл атын білмесеңіз Мәтін іздеу өрісінде мәтінде кездесетін жеке сөзді енгізуге болады. Объекті табылған уақытта, терезенің төменгі жағынан ізделінген объектіні табу жолы көрсетілген қосымша өріс пайда болады. құрамында нақты мәтіні бар файлды табу үшін, Мәтін іздеу  өрісінде ізделінетін сөзді енгізу қажет, мысалы, Информатика. Іздеу нәтижесінде құрамында Информатика сөзі кездесетін барлық файлдар мен бумалар аты тұратын қосымша өріс пайда болады.     Соңғы өзгертілген уақыты бойынша файлды (немесе барлық файлды) іздеу үшін Дата қосымшасын белсенділеңіз және диалогтық терезеде керекті параметрлерді орнатыңыз: өзгертілгендерді немесе құрылғандарды іздеп табуға болады, немесе соңғы уақытта (сіз арқылы көрсетілген), бірнеше айлар немесе күн бұрын ашылған файлдар, сонымен бірге  күндер арасындағы интервалды да көрсетуге болады. Содан кейін Табу батырмасын шертіңіз.        Файлды оның типі немесе өлшемі бойынша  табу үшін, қосымша  қосымшасында қажетті өлшемді және файл типін беріңіз. Табу батырмасын шертіңіз.      Табу  командасының көмегімен файлдар мен бумалардан бас?а сізге желімен жалғанған кез келген компьютерді де табуға болады. Ол үшін  келесі әрекеттер тізбегін орындаңыз: Жіберу - Бас мәзір - Табу  - Компьютерлер.     Диалогтық терезеде Аты өрісінде  компьютер атын енгізіңіз немесе айналдыру батырмасының көмегімен компьютерлер тізімін ашыңыз және тізімнен компьютер атын таңдаңыз. Табу батырмасын шертіңіз.                 Объектілерді көшірмелеу,  орнын ауыстыру және жою. Кез келген нысындарды және объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру, жою. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласындар, мысалы орнын ауыстыру сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Егер нысындар мен мәліметтерді жою керек болса, оларды ерекшелеп алып, Del пернесін басса болғаны
Раздел Информатика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:














Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу,

орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері.

Практикалық жұмыс

































Сабақтың тақырыбы: Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және

жою. Алмасу буфері.

Сабаққа керекті материалдар:

1) Таратпа материалдар

Сабақ жүргізу әдісі: Аралас

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу.

  2. Үй жұмысын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Өткен тақырыптарды қайталау:

  • Операциялық жүйе

  • Терезе құрылымы, элементтері

  • Мәзірлер

Жаңа сабақ

Объектілерді іздеу

Егер компьютерде файлдармен немесе бумамен жұмыс істегенде сіз олардың атын және қайда тұрғанын білген болсаңыз, онда оларды бумалар немесе Сілтеуіш көмегімен іздеу өте тиімді. Ал, егер де сіз ізделінетін объектінің орнын немесе атын білмей, ұмытып қалған жағдайда сізге бумалар терезесі көмектесе алмайды. Мұндай жағдайда Windows жүйесінің Іздеу немесе Табу командасы көмекке келеді.

Бұл команда компьютеріңіздің кез келген жеріндегі құжат файлдарын, программаларды, бумаларды, тіпті желідегі тұтастай бір компьютерді жылдам іздеуге көмектеседі. Объектіні оның аты, құрылған күні, өлшемі, құрылымы немесе осы параметрлердің жеке комбинациялары бойынша іздеуге болады.

Команданы шағыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Жіберу - Бас мәзір - Табу - Файлдар және бумалар.

Экранда Табу командасының үнсіз келісім бойынша белсенділенген Аты және Орналасқан орны қосымшасы пайда болады, онда не іздеу керектігі енгізіледі. Мысалы, Аты өрісінде бума немесе файл атын көрсетуге болады, ал егер де сіз файл атын білмесеңіз Мәтін іздеу өрісінде мәтінде кездесетін жеке сөзді енгізуге болады.

Объекті табылған уақытта, терезенің төменгі жағынан ізделінген объектіні табу жолы көрсетілген қосымша өріс пайда болады.

құрамында нақты мәтіні бар файлды табу үшін, Мәтін іздеу өрісінде ізделінетін сөзді енгізу қажет, мысалы, Информатика. Іздеу нәтижесінде құрамында Информатика сөзі кездесетін барлық файлдар мен бумалар аты тұратын қосымша өріс пайда болады.

Соңғы өзгертілген уақыты бойынша файлды (немесе барлық файлды) іздеу үшін Дата қосымшасын белсенділеңіз және диалогтық терезеде керекті параметрлерді орнатыңыз: өзгертілгендерді немесе құрылғандарды іздеп табуға болады, немесе соңғы уақытта (сіз арқылы көрсетілген), бірнеше айлар немесе күн бұрын ашылған файлдар, сонымен бірге күндер арасындағы интервалды да көрсетуге болады. Содан кейін Табу батырмасын шертіңіз.

Файлды оның типі немесе өлшемі бойынша табу үшін, қосымша қосымшасында қажетті өлшемді және файл типін беріңіз. Табу батырмасын шертіңіз.

Табу командасының көмегімен файлдар мен бумалардан бас?а сізге желімен жалғанған кез келген компьютерді де табуға болады. Ол үшін келесі әрекеттер тізбегін орындаңыз:

Жіберу - Бас мәзір - Табу - Компьютерлер.

Диалогтық терезеде Аты өрісінде компьютер атын енгізіңіз немесе айналдыру батырмасының көмегімен компьютерлер тізімін ашыңыз және тізімнен компьютер атын таңдаңыз. Табу батырмасын шертіңіз.









Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.

Кез келген нысындарды және объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру, жою. Ал нысандарды көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласындар, мысалы орнын ауыстыру сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Егер нысындар мен мәліметтерді жою керек болса, оларды ерекшелеп алып, Del пернесін басса болғаны


Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмысОбъектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс


Үйге:

Негізгі анықтамалар мен ұғымдарды, негізігі әрекеттерді көмекші параққа (карточка) жазып келу

Оқушылардың білімін бағалау


© 2010-2022