План урока Білім берудің ақпараттық ресурстары

Раздел Информатика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні: 16.09.15ж.

Пәні: Информатика

Тақырыбы: Ақпараттарды тираждауда авторлық ақпараттарды қорғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Авторлық ақпараттарды қорғауды қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілеттін біріктіріп, пәнге

деген қызығушылығын арттыру .

Сабaқтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық

Сабақтың барысы:

I. Ұымдастыру кезеңі

а) оқушылар тізімі

ә) кабинет жағдайы

б) сабақ барысымен таныстыру

II. Ұй тапсырмасын тексеру.

  1. Ақпараттық қауіпсіздіктің мәні неде екенін қалай түсінесіндер?

  2. Құпиялылық ұғымын түсіндіріңдер?

  3. Ақпараттың қолжетімділігі неде деп ойлайсыңдар?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру..

Авторлық құқықты қорғау

Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады. Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу-жүргізу тексерумен (аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады.

Сенімді есептеу базасы (СЕБ) - компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясаты жүзеге асыруға жауапты қорғаныш тектерінің жиынтығы. Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті - қатынасым мониторының міндетін орындау, яғни, объектілермен белгілі бір операциялар орындау болатындығын бақылау.

Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтаммасыз етуге арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды түгендеу, қатерді талдау, қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Осы аталған кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады.

Даярлық кезең. Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске қатысушылардың өзара қарым - қатынастарын анықтау үшін қажет. Даярлық кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің ақпараттың міндеттері анықталады.

Ақпараттық қорларды түгендеу. Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық ағындар автоматтандырылған жүйелердің құрылымы серверлер, хабар тасышулар, деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу анықталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады.

Қатерді талдау. Келесі шаралардың нәтижелерді ақпараттық қорлардың қорғанылу күй - жағдайның қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады. Қатерді талдау мыналардан тұрады: талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; қатерді бағалау әдіснамасын таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; қатерлерді бағалау; қорғаныш шараларын талдау; таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру; қалдық қатерді бағалау.

Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады. Ұйымдастырушылық шаралар кешенінің құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметін құру, жасақтау және оның іс-әрекеттерін қолдау, ұйымдастыра-өкімгерлік құжаттар жүйесін дайындау жұмыстары, сонай-ақ, қорғаныш жүйесін құруға және оның жұмысын сүйемелдеуге арналған бірқатар ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар кіреді.

Ұйымдастырушылық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүргізу ақпараттың сыртқа кететін жаңа арналарын дер кезінде табуға, оларды бейтараптандыру шараларын қолдануға, қорғаныш жүйелерін толық жетілдіруге және қауіпсіздік режимін бұзу әрекеттеріне жедел қарсы шара қолдануға мүмкіндік береді.Қатерге талдау жүргізу қауіпсіздік саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңі болып табылады.

Ұйымдастыру мәселелерін шешілгеннен кейін программалық-техникалық проблемалардың кезегі келеді - таңдалған қауіпсіздік саясатын іске асыру үшін не істеу керек? Қазіргі уақытта құны атқаратын міндеті және сапасы жағынан әртүрлі болатын ақпарат қорғау құралдарының көптеген түрі бар. Олардың ішінен нақты объектінің ерекшелігіне сай келетінін таңдап алу күрделі мәселелердің бірі болып саналады.

IV. Сергіту жаттығулары.

V. Жаңа сабақты бекіту

1. Объектінің ақпараттық қауіпсіздігі неше кезенге бөлінеді?

2. Авторлық құқықты қорғау әдістері?

VI. Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

VII. Үйге тапсырма. 25 беттегі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



© 2010-2022