Контурды жасау және редакциялау

Раздел Информатика
Класс 7 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:Информатика

Сынып:7А,7Б

Сабақ тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау

Сабақтың мақсаты: Контурды жасау және редакциялау нысандармен жұмыс жасауды үйрету.

Сабақта қолданылатын материалдар:ДК, интерактивті тақта, видео,оқулықтар, дәптерлер,таратпа карточкалар, т.б.

Оқыту әдістері:Түсіндірмелі, иллюстративті, көрнекілік, сұрақ-жауап

Дерек көздері:Информатикаға арналған жұмыс дәптері.

І. Ұйымдастыру бөлімі,

Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

Жаңа тақырып

Контурларды жасау және редакциялау үшін Қарындашты,Қаламұшты,Каллиграфиялық қаламұшты ,Түйіндерді пайдаланады.Контур-құйып бояу мен жиектеу параметріне ие қисық сызықтардың тізбектелуі.

Кез келген фигураны контурға Контур-Нысанды контурлау бұйрығы арқылы түрлендіруге болады.

Контурлар Түйіндер құралын қолдануымен редакцияланады.Контурдың түйіндер санын автоматты түрде Контур-Жеңілдету бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.Контурларды біріктіруге,үзуге,тегістеуге және түзеуге,түрлендіруге болады.

Контурлармен жұмыс істеуге арналған құралдар:Түйіндер,Қарындаш,Қаламұш,Каллиграфиялық қаламұш.

Қарындаш

Қағазға қолмен сурет салған сияқты Қарындашты пайдаланып,еркін қисықтар салуға болады.Нәтижесінде көптеген түйіндері бар қисық алынады.Жеке түйіндері Құралдар параметрлерінің панеліндегі Түйіндердегі батырмамен жоюға болады.

Қаламұш

Құралдар қисықтармен қоса,түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.

Төрт режім қолжетімді:

  • Безье қисығы

  • Спиро қисығы

  • Тік кесінділердің тізбектелуін салу

  • Тік кесінділердің тізбектелуін салу

Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады.Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады.

Каллиграфиялық қаламұш

Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас,өзара тұйықталған параллель екі контурды құрайды.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі:Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасаңдар

В деңгейі: Киіз үйді салып,оны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріңдер

Үй тапсырмасы:128-бет бақылау сұрақтары мен тапсырмасын орындау



© 2010-2022