Сабақ жоспары Microsoft officeWord редакторында кесте құру, пішімдеу

Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеуАлдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шертеміз де пернетақта арқылы ақпараттарды енгіземіз. Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегіме немесе басқару, Tab пернелері арқылы жүзеге асырылады.Ұяшықтардың ішіндегі мәліметтерді форматтау үшін әдеттегі мәтінді форматтау тәсілдерін қолдануға болады. Мысалыға, сіздер шрифт түрін, өлшемін және сызылымын өзгерте аласыз.Формат командасы ұсынатын барлық (бұрыннан таныс ) әрекеттерді пайдалануларың...
Раздел Информатика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 6 "б"

Сабақтың тақырыбы: Microsoft officeWord редакторында кесте құру,пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

1) Ms Word редакторында кесте құру әдістерін түсірдіру,

2) оқушыларды өз бетінше кесте құруға үйрету.

3)Оқушыларды ұяшықтарды қосуға,алып тастауға және біріктіруге

үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, геометрия, ағылшын тілі

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,компьютер, ұпай көрсететін кесте қағаздары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Амандасу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру

IV. Жаңа тақырып түсіндіру

А) Мақсат қою: Ms Word редакторында кесте құру әдістері туралы толық мағлұмат бере отырып , оқушылардың компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

V.Сабақты түсіндірі:видео

VI. Бекітуге арналған тапсырмалар:

Тұрады ол жолдармен бағандардан,

Және тұрар ұяшықтар ағымынан.

Кәне ойланып көрейік ол не екен,

Баған менен жолдарды қиылыстырған. (кесте)

Кестенің бір негізгі элементі,

Көлденең ұяшық құру қызметі.

Ұяшық емес, баған емес ол не екен?

Кестенің негізгі болған қызметі. (Жол)

VII. Қорытынды: Тест

1.Microsoft Word редакторына қалай кіреміз?

А)Пуск - Все программы - Microsoft office - Microsoft office Word

В) Пуск - Все программы -Microsoft office Word

С) Пуск - Microsoft office - Microsoft office Word

2. Microsoft Word редакторының негізгі элементтері?

А) Тақырып жолы, меню жолы,стандартты тақтасы, пішімдеу

тақтасы, сызғыш және абзац маркерлері,сырғытпа және айналдыру

жолағы, жұмыс аймағы және меңзер, қалып - күй жолы.

В) Тақырып жолы, меню жолы, стандартты тақтасы, пішімдеу

тақтасы, сызғыш және абзац маркерлері

с) Тақырып жолы, меню жолы, стандартты тақтасы, пішімдеу

тақтасы

3. Пішімдеу дегеніміз не?

А) Пішімдеу дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз.

В) Пішімдеу дегеніміз - мәтіндік құжаттарды рәсімдеу

С) Пішімдеу дегеніміз - жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтамыз

4. Microsoft Word редакторында құжатты қалай сақтаймыз?

А) Microsoft Word редакторында құжатты Файл - Сохранить как . . . командасын Орындап ашылған сұхбаттық терезеге құжат атын енгізіп Сохранить батырмасын басамыз

В) Microsoft Word редакторында құжатты Файл - Сохранить как . . .

С) Microsoft Word редакторында құжатты Файл - Сохранить . . .

5. Қаріпті пішімдеу үшін қандай менюді таңдаймыз?

А) Формат

В) сервис

С) Правка

6. Біз Word редакторында кесте құру үшін мына әрекеттерді орындаймыз

А) Таблица-Вставить-таблица

В) Талица-автоформат таблицы

С) Таблица- нарисовать таблица

"Ой қозғау»

Оқушы үш тапсырманың біреуін таңдайды.Тапсырмада жұмбақ берілген. Жұмбақтың жауабын үш тілде тақтадағы үлгі бойынша үш тілде (қазақ,орыс, ағылшын) кестеге толтырып отырады.Толық жауапқа 15 ұпай, ал екі тілде жауап берсе,10 ұпай,егер үшінші тілін басқа оқушы жауап берсе 5 ұпай сол оқушыға беріледі.

Кесте -таблица- Table

Жол - строка-Line

Ұяшық-Ячейка-Stage



Қазақша Орысша Ағылшынша

"Ребус"

1 2 3 4 5 6

Д и с к е тСабақ жоспары Microsoft officeWord редакторында кесте құру,пішімдеуСабақ жоспары Microsoft officeWord редакторында кесте құру,пішімдеу

Жауабы: Кесте 4.5.3.6.5





© 2010-2022