Реферат на тему Бәсекелестік заман талабы (9 класс)

Раздел Информатика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бәсекелестік - заман талабы

«Білу аз, білгеніңді қолдана білу керек, істегің келу аз, істеу керек.»
И.В.Гете
Әрбір тарихи кезеңде, қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылуда. Ел президенті
Н. Назарбаев өз Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты.
Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Бүгінгі кешіміз «Бәсекелестік керек пе??? Бәсекелестіктің адамдардың шыңдалуына, дамуына ықпалы бар ма? Пайдасы басымырақ па? Зияны ма? Адамдардың достығының ұзаққа бармауы бәсекелестіктен-деп ойлайсыздар ма?» деген сұрақтың төңірегінде болмақ. Осы тақырып бойынша экономикалық білім негіздері сабағынан хабарларыңыз бар.

Сондықтан да мен бүгін сіздердің ойларыңызды білгім келіп, ойталқы өткізбекпін.

2. Негізгі бөлім.

Енді өзіміздің негізгі тақырыбымызға көшейік. Алдымен бәсекелестік дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушыларды тыңдап көрейік.

Оқушы: Бәсекелестіктің маңызы зор !!! Әрине шыңдалуына,дамуына маңызы зор ! Пайдасы мен зияны да болады,оған шыдай білу керек.Әрине бәрі бәсекелестікте !!!

Оқушы: Сіздің қозғап отырған тақырыбыңыз тамаша! Дегенмен екі нәрсені ажырата алмапсыз! Оның біріншісі-Бәсекелестік;Ал екіншісі-көре алмаушылық! Бұл ұғымдардың айырмашылығы өте үлкен. Сол себептен шатастырмағаныңыз абзал!

Оқушы: Бәсекелестік керек.Себебі: Бәсекелестік болмаса,мына өмір тоқтайды. Даму болмайды. Әрине бар! Пайдасы зор. Адамдардың достығының ұзаққа бармауы-Бәсекелестіктен емес,көре алмаушылықтан! Бұл өкінішті-ақ, дегенмен өмірде бұл ситуацияға ұқсас жағдайлар көп орын алады.

Мұғалім: Рахмет, балалар, жақсы пікірлер айтып жатырсыңдар. «Бәсекелестік - заман талабы» екенін жақсы түсіндіңдер.

3. Қорытынды бөлім

Мұғалім: Міне, бүгінгі тақырыбымыз бойынша пікір алмасып, ой бөлісуіміздің қорытынды бөліміне де жеттік. Енді оқушылар, ойларыңды түйіндеп, қорытындылап жіберейік. Ол үшін әр топқа «Экономика», «Нарық», «Бәсеке» деген сөздерді таратып беремін, сол сөздерді байланыстырып топтастыру жасаңыздар.



© 2010-2022